Қала бюджеті 9 миллиардқа артты

2001
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының бюджеті тағы 9 млрдқа артатын болды. Бұл туралы жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясында айтылды. Басқосуда бұдан өзге күн тәртібінде өзекті 15 мәселе қаралып, халық қалаулылары тарапынан қолдау тапты. Жиынға қала әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысты.

Сессияны Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Жиында алдымен «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыға түсті. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов баяндама жасады. Оныңайтуынша, денсаулықсақтау, білім, әлеуметтікқорғау, жолқұрылысы секілді тағы басқасалаларға қосымша қаржы бағыттауға ұсыны енгізілген. Нәтиижесінде қала бюджетінің көлемі 481 млрд 600 млн теңгеден, 490 млрд 600 млн теңгеге артатын болады.. Қала бюджетін нақтылау мәселесі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында, қоғамдық кеңесте жан-жақты талқыланған.

Рахымберді Мүлкеманов–Шымкент қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Сондай-ақ, қала аумағында 1945 тұрғын үй болса оның 1847-і яғни 95 пайызы қысқы маусымға дайын. Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басышысы Боранбай Булатбеков өз баяндамасында мәлімдеді. Бұдан өзге де 482 бюджеттік нысанның 480-ы жылыту маусымына дайындалды. Бюджеттік мекемелерге 980 тонна сұйық отын, 4,7 мың тонна көмір қажет екендігі айтылды.Одан бөлек, 482 бюджеттік нысанның 480-ы жылыту маусымына дайындалды.

Боранбай Булатбеков- Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы

Сонымен қатар жиын барысында төрт аудан әкімдері өңірлердің даму стратегиясы бойынша ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарды баяндап, инженерлік инфрақұрылым жүйелері, қысқы жылу маусымына дайындық барысы жөнінен хабардар етті. Ал мәслихат депутаттары аталған шешімдерді бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, сессияда Шымкент қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту, «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» мәслихат шешіміне толықтыру енгізу мәселелері қолдау тапты.

 

Е. Бөбеев

Пікірлер