«Жас маман» жобасы – жарқын болашақ кепілі

202

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау ісі қарқынды. Осы мақсатта дайындалған Жол картасы аясында Білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Шымкент қаласындағы оқу орындарының жұмысымен танысты.

“Nur Otan” партиясының Төрағасы, Елбасының 2019 жылы “Жастар жылы” аясында  «Жас маман» жобасының орындалуын бақылау мақсатында Шымкенттегі бірқатар оқу орындарын аралады. Ең алдымен қаладағы №5 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің» ұжымымен кездесіп, оқу орнының материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Одан соң Мәжіліс депутаты Шымкенттегі Жол-көлік колледжіне барды. «Жас маман» жобасы бойынша колледждің төменгі қабат жертөлесінде орналасқан автомеханика бөлімі мен теміржол бөлімдерінің зертханалары мен кабинеттерін аралады. Гараж кешенінде «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу», «Жүк көлігіне қызмет көрсету», «Шанақ жөндеу» құзыреттілік алаңдары, «Қозғалтқыштар мен трансмиссияларды бөлшектеу құрастыру» зертқаналық кабинеттерінің құрал-жабдықтарын көрді.

Білім мекемесінде мыңнан аса шәкір білім алуда. «Жас маман» жобасы бойынша материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін мемлекет есебінен қажетті қаражаттар бөлінген. Соған сәйкес,  оқу орнындағы «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша  еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, олардың кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында 264 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған.

Жұлдыз Сүлейменова - Білім  және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің төрайымы, Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызы қаладағы жекеменшік негізде ашылған мектептердің оқу процесін бақылады. Алдымен апатты жағдайдағы ғимараттың орнына салынған Низамхан атындағы жалпы орта мектепке барды. Ондағы сынып бөлмелері мен спорт залды,  асхананы аралап көрді. Сабаққа қатысып, балалармен тілдесті.

Шымкент қаласында 2021-2022 оқу жылында пайдалануға берілген 1500 оқушыны қамтитын «Низамхан» орта мектебінде мемлекеттік стандартқа сәйкес білім беріледі. Оқу екі тілде жүргізіліп, балалар тегін оқытылады. Оқушыларға қосымша үйірмелер, спорт секциялары, робототехника, би, домбыра үйірмелері ашылған. Білім ұясының ғимараты өзге меткептерден ерекше жабдықталған. Әсем дизайнмен әрленген.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының Жол картасында білім саласына жалпы 13 тапсырма бағытталып, бүгінгі таңда оның 5-уі толық орындалған. Үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жекеменшік мектептер ашылуда.

Пікірлер
Редакция таңдауы