Қала мектептерінде тәуелсіздік жетістіктері сараланды

191

«Тәуелсіздік жетістігі»... Осындай айдармен Шымшаһардағы барлық мектептерде қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі. Ұрпақ санасына егемендік жылдардың қасиетін түсіндірер жоба аясындағы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектебінде бастау алды.

Жобаның ерекшелігі ашық сабаққа тек оқушы мен ұстаздар ғана қатыспай, қаланың қалыптасуына және аймақтың дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылған. Жиынға ардагер ұстаздар,  «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және оқу-әдістемелік орталығының басшылары қатысты.

Меруерт Медетбекова – Шымкент қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры

Тәуелсіздіктің жетістіктерін жете түсінген жас буын, кездесуге келген қонақтарға сұрақтар қойып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас ұйымдастырды.

Эльмира Қантаева - №137 орта мектебінің директоры

Сынып сағатында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы келелі сөздер айтылды. Іс-шарада оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ақын-жазушылардың өлеңін жатқа оқыса, енді бірі домбырамен ән шырқады.

 

Г. Қалмырзақызы

Пікірлер
Редакция таңдауы