Тұранда ауыз су мәселесі шешілді

1260
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей араласуымен Тұрандағы талайдан бері жыр болған ауыз судың мәселесі оң шешілді. Тұрғындар ай соңында сапалы суға қолжеткізеді деп күтілуде. Қазіргі таңда, құбырларды жуып-шаю жұмыстары жүргізілуде екен.

Тіршілік нәрінен тарыққан тұрандықтар осы уақытқа дейін суды сатып ішіп келген. Қайнатып ішпесе, ішті ауыртатын бөшкедегі су әсіресе, жаздың күні аптаға жетпей иістеніп, қиналатын едік, дейді тұрғындар.

Ералы Ерімбетов – «Тұран» шағынауданының тұрғыны

Шағынауданға  ауыз су жүйесін тарту жұмыстары осыдан 4 жыл бұрын басталған. Былтырдан бері қарқын алған құрылыс, биыл аяқталып отыр. Қазіргі таңда құбырларды жуып-шаю жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гі бұйыртса, қыркүйектен қалдырмай таза ауыз су таратамыз, деп отыр. 62 шақырымнан астам аумаққа тартылған су құбырына 1100 жуық үй қосылған.

Нұрлан Сұлтанов - «Үшсай» ЖШС-нің бас инженері

Мемлекет басшысы күні кешегі Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды. Шымкент қаласында осы бағытта ауқымды жұмыстар  атқарылуда. Биыл қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, осы жылы мегаполисте 3 магистралды суаққы, тасымалды 7 елді мекен және ауызсуды кестемен пайдаланып отырған екі елді мекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға өспек.

 

Г.Асқарқызы

Пікірлер