Әйелін өртеп жіберген ер адам өлім жазасына кесілді

5286
Adyrna.kz Telegram

Қытай соты Тан Лу есімді ер адамды өлім жазасына кесті. Ол өзінің бұрынғы әйелінің үстіне жанар-жағармай құйып, тірідей өртеп жіберген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "BBC" ақпараттық агеттігіне сілтеме жасап.

Сычуань провинциясының Нгава-Тибет-Цянск автономиялық округіндегі сот Тан Луды бұрынғы әйелінің өліміне кінәлі деп танып, сотталушының қылмыстық әрекетін "нағыз жауыздық" деп бағалады және оның көпшілікке жағымсыз әсер еткенін баса айтты.

Аталған қылмыс Қытайдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін ашық көрсетті. Бүкілқытай әйелдер федерациясының деректеріне сәйкес, елдегі әрбір төртінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан өткеруде. Ұйымның мәліметінше, әр 7,4 секунд сайын Қытайда кем дегенде бір әйел оның құрбанына айналады.

Елдегі бұл проблема қытай билігіне де, онымен бірнеше рет күресуге уәде берген құқық қорғау органдарына да белгілі болғанына қарамастан, көптеген әйел үнемі қауіп-қатерге душар болады.

Бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан Лама да бұған дейін бірнеше мәрте полицияға шағым түсірген, алайда құқық қорғау органдары еш шара қолданбаған.

Лама әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болған. Тибеттік келіншектің тик-токтағы оқырмандар саны жүз мыңнан асып жығалады.

Ол аталған платформада оптимистік постармен танымал болды. Онда Лама ауылдың тіршілігін көрсетіп, тауларда серуендеп, түрлі шөптер жинап, тамақ дайындап, фонограммамен әндер орындаған. Ол мұның бәрін Тибеттің ұлттық костюмінде және макияжсыз түсірген. Алайда оқырмандар оның бұрынғы күйеуінен қысым көріп жүргенін білмеген.

Өткен жылдың қыркүйек айының басында Лама әкесінің үйіндегі ас үйден тікелей эфирге шыққан кезде кенеттен кадрда оның бұрынғы күйеуі пайда болған. Ер азаматтың дөрекі дауысы барлық оқырмандарға естілген.

Кейінірек Ламаның аурухана реанимациясына түсіп, оның денесінің 90 пайызын күйік шалғаны белгілі болды. Туыстары оның денесі «көмір қалдығы» сияқты болып қалғанын айтты. Ал екі аптадан кейін әйел көз жұмды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер