Елдос Тоқтарбай: Әкім Сағынтаевтың батыл әрекеті сүйсіндіреді

3088
Adyrna.kz Telegram
Алматыдан Анкараға аса қуанышты хабар жетті. Алматы шаһарының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ұлт ұстазы, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы әкеміздің музей-үйін мемлекет балансына алып, қалалық музейге айналдыру туралы Қаулы шығарыпты. Бұдан асқан қуанышты хабар бар ма еді! Бәрекелді! Бұл нағыз ердің істейтін ісі еді! Әкімнің бұл шешімі күллі Алаш баласын қуантқаны сөзсіз.
2022 жылы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы. Бұл Ахметтей дегдардың торқалы тойына жасалған зор тарту деп санаймын. Алашшыл жұрт бұл күнді, осы Қаулыны 28 жыл (бақандай 28 жыл!) сарылып күтті ғой. Алматыны басқарған талай “мен” деген әкім күттірген еді! Сол әкімдерден бүгінгі Бақытжан Әбдірұлының бәсі де, бағы да артық екен! Осы ретте, шын жүректен Бақытжандай ұлттық рухы биік азаматқа Тәңір жарылқасын дегім келеді!
Ахмет Байтұрсынұлының есімі туған халқымен бірге мәңгі жасай берсін!
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер