Александар Македонский – адамзат тарихындағы ең ірі империя құрған ежелгі қолбасшылардың бірегейі. Тарихта оны ешқашан жеңілген емес деген пайым қалыптасқан. Алайда, Македонскийдің мансабында да ақтаңдақтар жеткілікті.
Оның бірнеше рет тас-талқан болып жеңілген кездері бар. Біз осы жолы оның сол жеңілістерінің бірін әңгіме етпекпіз.
Теріскей әскерін «қосмүйізді Ескендір» фракиялық қолбасшы Зопирионға тапсырады.Ол Ескендірдің әкесінің патшалық дәуірінен келе жатқан айтулы «біркөзді» қолбасшы еді. Зопирион Македония патшалығының қазынасын ғана емес, алтын кеніштерін де басқарыпты.
Теріскейдегі жорықтың басында Зопирион біршама жеңіске жетеді, Дунай бойындағы біраз елдерді бағындырады. Сосын Қара теңізді бойлап, оның жағалауындағы Грекияның біршама отарын өзіне қаратады. Бүгінгі қазба жұмыстары Македонияға Тира,Истрия, Никоний,Ольвия қалалары қарағанын дәлелдеп отыр.
Сақтардың күтпеген жорығы мен шабуылы Зопирион қолын тықсырғаны сондай, ол Ольвиядағы тосқауылдағы әскерін қарсы жорыққа шығаруғамәжбүр болады,тіпті Дунайға шегінеді. Қаша соғысқан Зопирион Днестрге барып тіреледі, бірақ сақтар ол жерде оның әскери қолының быт-шытын шығарады. Ақырында 30 мың әскер қырылады, Зопирионның өзі осы жорықта қаза табады. Бұл тарих римдік тарихшылар Мокрови мен Помпейдің еңбектерінде жазылып қалған. Бұл жеңіс сақтардың Кир мен Дарийді жеңген тарихи жеңістерімен қатар аталатын айтулы оқиға болатын.
Македонскиге өзінің бас қолбасшысы Зопирионның қазасы туралы хабар жеткенде, ол қайғыға душар болып, Парфияда үш күндік аза жариялапты. Бұл да ежелгі рим тарихшыларының жазбасындағы бар мәлімет.
Осылайша, Зопирион әскерінің жеңілуі қосмүйізді Ескендір тарихындағы ойсырай жеңілудің алғашқы ащы дәмі болатын. Бұған дейін оның армиясын ешкім жеңіп көрмеген еді. Александр Македонскийдің император болғалы қатты қорыққан кезі де осы болған. Сақтардың бұл жеңісі Кавказ бен Қара теңіз жағалауындағы халықтардың аман қалуына және Ескендір әскерінің олай қарай аяқ баспауын бірден бір себеп осы болған.
Осылайша, одан арғы жеңістің дәмін тату үшін Александр Македонский ат басын апайтөс Евразияға емес, түстікке, яғни Үндістанға қарай бұруға мәжбүр болады.
С.Ерғали