Елімізде теледидар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

613

Қазақстанда теледидар мен радио уақытша тоқтатылады, себебі телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Қазтелерадио контактілері" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазтелерадио" сайтында хабарланғандай, 2021 жылдың 20 қазан айында сағат түнгі 03:00 мен кешкі 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, мұндай жоспарлы жұмыстар биыл 21 шілдеде жүргізілген болатын.

 

  "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы