«Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті»

2506
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 30 қыркүйек күні Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, әкімнің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлының басшылығымен құзырлы мемлекеттік органдар басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен комиссия отырысы өткізілді.

Өңірлік комиссия мүшелері бастапқыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысына бейне-конференц байланысы арқылы қатысты. Онда күн тәртібіне сәйкес «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының 5 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары) іске асырылуы туралы мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, комиссия отырысы барысында «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды.
Оның ішінде, бекітілген жоспарға сәйкес «Баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау туралы» («Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы, экстракорпоральды ұрықтандыру бойынша квоталар) Денсаулық сақтау басқармасының, «Жалпы білім беретін пәндердің мазмұнындағы репродуктивті тәрбие мен білім беру мәселесі туралы» (Аз қамтылған және сәтсіз отбасылардағы балалардың тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мемлекеттік органдар мен қоғамдастықтың қарым қатынасын арттыру жұмыстары туралы) Білім басқармасының, «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының Еңбекші ауданында орындалу барысы туралы» Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, аудандық комиссия төрағасының және «Отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерін тұрғындар арасында ілгерілету бойынша діни бірлестіктермен жұмыс туралы» Дін істері басқармасы басшыларының атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы органдарға ұсыныстар берілді.

Пікірлер