Қостанай облысында жылқы атқаны үшін аңшылар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми сайты мәлімдеді.
«27 қыркүйекте Жітіқара ауданы, Аққарға ауылында белгісіз біреулер жылқы ұрлады. 63 жастағы жергілікті тұрғын полиция бөліміне жүгініп, тегін жайылымда жүрген табынды есептегеннен кейін үй иесінің бір басы жоғалғанын айтты. Аудандық полиция қызметі іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде ауылдан 12 шақырым жердегі сайдан жануардың қалдықтары табылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнын қарау кезінде олардың қылмыс ізін мұқият жасыруға тырысқаны анықталды.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция Қамысты ауданының екі тұрғынын анықтады. 29 және 24 жастағы күдіктілер - аңшылар және азаматтық қарудың иелері. Үйді тексеру кезінде күдіктілерде заттай айғақтар - ұрланған жылқының еті табылды, - дейді Жітіқар полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Шадалинов.
Күдіктілер түсіндіргендей, олар аңшылыққа шығып, үйірді көріп, жануарды атып тастаған. Кейін олар сойып, етті үйге алып кетті. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, баптың санкциясы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Жітіқара полиция бөлімі қылмысты ашуға учаскелік полиция инспекторы Марат Юсупов, криминалдық полиция бөлімінің бастығы Төлеген Каерлапов және аға жедел уәкіл Джамбул Тапаев қатысқанын түсіндірді», - делінген хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы