Ауылдық мектептер – басты назарда

1706
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қостанай ауданының Мичурин жалпы білім беретін мектебіне барып қайтты.

Ыбырай Алтынсарин қазақ ағартушылығы мен ұлттық мектептің қалыптасу тарихында терең із қалдырған. 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және бүкіл республика облыстарының білім басқармаларының басшылары Қостанай жерінің ұлы перзентінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұдан кейін министр Қостанай ауданының Мичурин ауылдық мектебіне барып, сабақтарға қатысып, оқушылар мен педагогтермен сұхбаттасты.

Сапар барысында Асхат Аймағамбетов қауіпсіз және сапалы білім беру ортасын құру маңыздылығын атап өтті. Мичурин мектебінде бейнебақылау жүйесі, турникет және дабыл түймесі бар.

Педагогтер мемлекеттің ауылдық мектептері үшін көптеген іс тындырылғанын айтты. Мысалы, Мичурин мектебінде соңғы екі жылда компьютерлік парк жаңартылды, шеберханаларға жаңа жабдықтар жеткізілді, мектеп кітапханасы, спорт жабдықтары жаңартылды. 

Ағымдағы жылы облыста жалпы сомасы 5 млрд. теңгеге 82 ауылдық мектебі жаңғыртылды, 2025 жылға дейін тағы 325 мектеп жаңғыртылатын болады.

Пікірлер