Биыл Шымкентте ҰБТ бойынша орташа балл – 76.5

1599
Adyrna.kz Telegram

Биыл Шымкентте ҰБТ бойынша орта балл – 76,5-ті құрап отыр. Бұл туралы бүгін басқарма басшысы Жанат Тәжиеваның қала әкіміне берген 6 айлық есебінде мәлім болды. Елдегі пандемия жағдайына қарамастан бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырған біршама жоғары. Өткен жылы оқушылардың тестілеудегі орташа балы 75-ті құраған болатын. Айта кетейік, биыл Шымкент мектептерінен 9 342 түлек қанат қақса, оның 500-ге жуығы - «Алтын белгі», 422-сі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Ал мемлекеттік грант ұтып алған шәкірттер тамыз айында анықталады.

Қала басшысы білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады. Биыл шаһардағы 175 білім мекемесінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 330 млн. теңгеден астам қаржы қаралыпты. Құрылыс нысандарының 85%-да мердігер анықталған. Бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқарма басшысы құрылыс жұмыстары  тамыз айының 10-на аяқталады дейді. Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі де басты назарда. Биылғы жылы мемлекеттік мектептерге турникет орнату үшін бюджеттен 359,4 млн. теңге қаржы бөлініп, келісім-шарт түзілді. Жыл соңына дейін мектептер түгедей адамның бет-әлпетін танитын турникетпен қамтылатын болады. Алайда, жергілікті мектептерде ведомствалық күзет қарастырылмаған. Салаға жауаптылар бұл мәселені үнемделген қаржыдан шешеміз деп отыр.

Пікірлер