Пластикалық өнім шығаратын ерекше зауыт

1769
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында теңдесі жоқ бірегей өнім полипролпилен парақтары шығарылады. Одан әртүрлі сұйықтықтарды сақтауға арналған үлкен көлемді цистерналар, бассейндер мен аквапарктердегі сырғанақтар жасалады.

«ЮгРегионПласт» ЖШС зауыты «Бизнестің жол картасы-2020»  және «Индустрияландыру картасы» бағдарламаларының аясында қолға алынып. Негізі  2011 жылы қаланып, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді. Алғашқы өнімін 2013 жылы шығарған. Жылдық қуаттылығы 64 мың  шаршы метр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы шетелдік. Арнайы тапсырыспен   Қытайдан әкелінген.  Бір қуанарлығы кәсіпорындағы қондырғыларда жергілікті халық еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазіргі таңда  зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Санжар Бауыржан – «ЮгРегионПласт» зауыты директорының орынбасары

Айтып өтейік, тауарға сұраныс көбінесе шет мемлекеттерден түседі. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей елдері бар. Ал, өзіміздің өңірлерден Павлодар, Маңғыстау қалаларын пластикалық өнімдермен  қамтамасыз етіп отыр. Зауыт басшысы алдағы уақытта жылдық қуаттылығын арттыры, жұмыс күшін көбейтуде көздеп отыр.

Серік Махулбеков  - «ЮгРегион Пласт» зауытының шебері

Зауыт басшысының айтуынша, пластикалық цистерналар тиімді. Өйткені, металдан айырмашылығы, олар тексеруді қажет етпейді, тот баспайды және қолайсыздықтар әкелмейді. Зауыт өз өнімдеріне 50 жылдық кепілдік береді.Сондай-ақ өнімнің пластикалық болғанына қарамастан, өндірістің табиғатқа зияны жоқ көрінеді. Себебі, компания шикізатты ақылмен пайдаланады және өндіріс қалдық қалмайды.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                                                                                                     

Пікірлер