Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

371

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 30 қыркүйекте сағат 00.34-те болғанын хабарлады.

"Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдық режимін сақтамағандықтан рульді басқара алмай қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан",-деп хабарлады полиция.

Жол апаты салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

"Оқиға орнында екі жүргізуші, үш жолаушы қайтыс болды. Toyota Camry-дің бір жолаушысы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп толықтырды ведомство.

Полиция департаменті жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар