Қазақстандағы өрт салдарынан Францияға қарағанда 27 есе көп адам қаза тапқан

2665
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы өрт салдарынан Францияға қарағанда 27 есе көп адам қаза тапқан. Мұндай статистиканы ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет отырысында ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Егер Қазақстан Республикасында әрбір 36 өртте адам өлімі тіркелсе, АҚШ -та бұл көрсеткіш 10 есе аз, 360 өртте бір адам, Ұлыбританияда 14 есе, Францияда 27 есе, - деді Ильин.

Оның айтуынша, Қазақстанда жыл басынан бері 7515 өрт тіркелді, 251 адам қайтыс болды, 217 күйік пен әр түрлі дәрежедегі улану есепке алынды. 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өлім саны 20%-ға, жарақат алғандар 18%-ға өсті. Бұл ретте өрттің жалпы саны 7%-ға азайды.

Сондай -ақ, Ильиннің есебіне сәйкес, биыл тұрғын үй секторында 4371 -ден астам өрт болған. Бұл өрттің жалпы санының 58%-ын құрайды.

Ең қиын жағдайлар-Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Онда өрт пен өлім саны республикалық көрсеткіштен 2-3 есегк асып түседі.

«Ғылыми зерттеулер бойынша, өрт жағдайларындағы адам өлімі әдетте, ол сол жердеү шыққаннан кейін 5-6 минут ішінде болады»,-деді министр.

Жауап беру уақытын қысқарту үшін, Ильин атқарылып жатқан жұмыстар ретін атады.  Өртке қарсы қызмет объектілерінің желілерін кеңейтіліп жатқандығын, 18 өртке қарсы қызмет объектілерін салуды жалғастыруды - олардың үшеуі республикалық бюджет есебінен, 15-і әкімдіктен екенін хабарлады. Республикалық бюджеттен жалпы құны 2,4 млрд теңге бөлінген.

Өткен аптада елордада «Қазақмыс» ғимаратының төбесі өртке оранды. Сондай-ақ,тұрғын үй кешендерінің бірінде түтін тіркелді. Алматыдағы барахолкада да өрт болды.

Бір апта бұрын Алматыда үлкен өрт қаланың тарихи ауданындағы үйді шарпыған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер