Қарағандыда мемлекеттік қызметкер 10 миллион парамен ұсталды

2373

Қарағанды облыстық экология департаментінің қызметкері 10 миллион теңге пара алу үстінде қолға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Өндіріс орындарына тексеру жүргізген эколог облыстағы бір ЖШС-дан кемшілік тапқан, деп жазады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі. Пара бергісі келмеген мекеме басшысы құқық қорғау қызметіне шағым түсіреді.

Аталмыш ЖШС-ның техникалық директоры мен эколог өзара келісіп, мекеме басшысынан алған ақшаны екеуі бөліп алмақшы болған. Алайда қылмыскерлер пара алу үстінде тұтқындалды. Бірақ техникалық директор қайтыс болғандықтан, қылмыстық іс тек экологқа қатысты қозғалды.

Айта кетейік, қылмыстық іс "Пара алу" бабынан "Алаяқтық жасауға талпыну" бабына өзгертіліп, парақор экологқа ҚР ҚК 24-190 бабы 3-бөлімі бойынша айыпталуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар