Алматыда «Барымташылар. Уақыт жолдары» көркем фильмінің премьерасы өтті

2562
Adyrna.kz Telegram
Алматы қаласында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театрының жетекші актрисасы Самал Еслямова басты рөлді сомдайтын, режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) пен Лиза Такэба (Жапония) бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» көркем фильмінің  премьерасы өтті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Халықаралық Канн кино фестивалінде "Айка" фильмімен жеңімпаз атанған Самал Еслямованың және белгілі актёрлер Дулыға Ақмолда, Мирай Морияма қатысуымен шыққан фильм Францияның 21 қаласында прокатқа шыққан.
«Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Тянь-Шань тауының бөктеріндегі кішкентай ауылда тұратын тату отбасы туралы баяндайды. Олар шулы қаладан және тұрақсыздықтан алыста, жылқы бағумен айналысады. Бір күні барымташылар (жылқы ұрлайтын топ) алысқа отағасын алдап апарып, аяусыз өлтіреді де табын жылқыны айдап әкетеді.
12 жасар Олжас, барымташылар қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер