Қазақстан халқы: Өзбекстанның шекараға АЭС салуына қарсымыз (видео)

3485
Adyrna.kz Telegram

Көрші Өзбекстан Орталық Азияда бірінші болып АЭС салатын болады. Қазақстанның Тараз қаласының тұрғындары Өзбекстанда бірінші атом электр стансасының құрылысы жоспарланып отырғанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Atameken Business News-ке" сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Өзбексанның бұл идеясына қарсы, олар бұл жобаны көрші мемлекеттермен бірлесе отырып салу керек деп санайды.

Басылым сонымен қатар жергілікті тұрғындардың әлеуметтік сауалнамасын жариялады. онда қазақстандықтар Чернобыль апатын еске алып, балаларының денсаулығы үшін қорқатынын айтқан.

Бұған қоса, Қазақстанның экологтары жобаға шағымданып жатыр. Олардың пікірінше, Өзбекстан АЭС-тен алынатын энергияның құнын ғана ескеріп отыр, бірақ қоршаған ортаға қатысты проблемаларды ескермеген.

"Бұдан бізге тек зиян келеді. Басқа қандай пайда бар?"- дейді  Тараз қаласының тұрғындары.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер