Ауғанстаннан келген қандастар Ақмолаға орналастырылды

3072
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстаннан көшіп келген 35 адамнан тұратын төрт отбасы Ақмола облысына қоныстандырылуда деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

«Биыл 258 адамға квота бөлінген, біз квотаны 85 пайызға ғана игердік. Келгендер Көкшетау қаласында, Атбасар, Сандықтау және Бурабай аудандарында орналасқан. Олар барлық рәсімдерден өтіп, қандас мәртебесін алады», - деп түсіндірді Д.Ахметжанова.

Заң шеңберінде қоныс аударушыларға отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіштен (200 мың теңгеден астам) біржолғы жәрдемақы қарастырылған, сондай-ақ жыл ішінде олар ай сайын 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді өтеуге қаражат алатын болады. Басқарма басшысының айтуынша, отбасы мүшелері қоныстанып, жұмыс табады.

«Мысалы, Көкшетауға құрамында тоғыз адам бар отбасы келді. Олар «Новопэк» ЖШС-де жұмыс істейтін болады. Олар ҚР азаматы мәртебесін алған кезде еліміздің басқа азаматтарымен тең дәрежеде өмір сүретін болады», - деп атап өтті Д.Ахметжанова. 

Ол атап өткендей, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақмола облысына тұрақты тұруға 8983 қандас келді, оның құрамында 40126 азамат бар. Ағымдағы жылы өңірге барлығы 89 отбасы көшіп келді, олардың құрамында 157 адам бар. Талдау көрсеткендей, отбасылардың 47,9 пайызы Моңғолиядан, 29,5 пайызы Өзбекстаннан, 12,1 пайызы Қытайдан келген.

“Адырна” ұлттық порталы  

Пікірлер