Игорь Дужнов 5 адамды өлтіргеніне өкінетінін мәлімдеді

1404

23 қыркүйекте Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты 5 адамды өлтірген Игорь Дужновқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Күдікті сотты жабық өткізуді сұрап, өз ісіне өкінетінін жеткізді.

«Өз үйімді, отбасымды, балаларымды қорғай отырып, не істеп жатқанымды түсінбей, аффект күйінде осы әрекетке бардым. Өкінемін. Құрметті сот, мен жауап беруден бас тартамын, ештеңе айта алмаймын. Қазірдің өзінде өзімді нашар сезінемін»,– деді ол.

Алайда Дужновтың өтініші қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Судья Жанәбіл Ақынов оны екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Айта кетейік, қазіргі таңда оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» және «Билік өкіліне күш қолдану» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы