Өз жұмысының қиындығына қарамай, әрдайым өзгелерге қамқор боп, азаматтарды қауіп-қатерден сақтап жүретін құтқарушылардың еңбегі қашан да ерлікпен тең. Сондай құтқарушылардың бірі — Виктор Косовец. Ол Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағында 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Ол биыл шілде айында Елек өзенінің «Жилгородок» жағажайында төтенше жағдайлар департаменті және полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шара кезінде демалушылардың арасында бір ер азаматтың суға батып бара жатқандығын байқап қалып, оны құтқарып, жағаға алып шығады. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ер адамның алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болады.
Мас күйде болған азаматты ең бірінші Виктор су жағасындағы қамыстан байқайды. Құтқарушы жеткен кезде 42 жастағы азаматтың әлі құрып, суға батады. Виктор өз өмірін қатерге тігіп, терең судан сескенбей, ыждағаттылықпен әлгі адамға қарай сүңгіп оны арқасына салып жағаға алып шығады. Жағаға жеткен соң жүрегіне жанама массаж жасап, азаматты алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге табыстайды.
Виктор Косовецтің айтуынша, жалпы көбіне суға бататын ересек адамдар екен.
— Кейбір адамдар ішімдік ішкен соң, өз-өзін бақылай алмай, суда батып, есін жоғалтып, көмек те сұрай алмайды. Сондықтан жағажайларды үнемі бақылауда ұстауға тура келеді. Әсіресе, жазғы шомылу маусымында біздің жұмысымыз екі-үш есеге дейін көбейеді. Бұл — менің жұмысым. Сол себепті мен адамдарды құтқарып қалып жатсам, өз жұмысымды адал атқарғаным , — дейді Виктор.
Өз мамандығын мақтан тұтатын Виктор Косовец еңбекте ғана емес, отбасында да сыйлы, жанашыр. Ол өзінің ізінен ерген екі баласы да абыройлы еңбек етіп, азамат болуын қалайды.
Жұмысына қашан да адал, әрдайым жауапкершілікпен қарайтын құтқарушы 12 жыл қызмет өтілінде 3 және 2 дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісі және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мақтау қағазымен марапатталған.

Биылғы жылдың 5 наурызында “Бадамша - Никельтау” тас жолында 2 жолаушысы бар " Уаз" автокөлігі қар құрсауында тұрып қалғандығы жөнінде диспетчерлік қызметке хабарлама келіп түседі. Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінен техника мен жеке құрамнан 3 адам жөнелтіледі. Шақырту орнына уақытында жеткен құтқарушылар "Уаз" автокөлігінің қар құрсауында 2 жолаушысымен бірге тұрып қалғандығын анықтап, оның ішінде жүкті әйел адам болғандығын біледі.
Данагүл БАЙМҰҚАШ,
"Адырна" ұлттық порталы.