Атысқа себепкер боп, 5 адамның өліміне себеп болған даулы үй тым арзан бағада сатылған

4588
Adyrna.kz Telegram

Алматьда арты атысқа ұласып, бес адамның қазасына себеп болған банк пен борышкер арасындағы даулы үйдің неге тым арзан бағаға сатылғаны туралы Алматы қалалық соты түсініктеме берді, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы  Express Qazaqstan.сайтына сілтеме жасап. 

Қалалық соттағылардың айтуынша, аукционға қойылған үйді сату кезінде ұсынылған бағаға сатып алушы шықпаған.

"Бастапқыда кепілге қойылған нысан 184 миллион теңгеге бағаланды. Бірақ бұл нарықтағы баға емес. Бұл — кәсіби бағалаушының субъективті бағасы. Мұндай бағалау аукционда сатудың бастапқы бағасын белгілеу үшін қажет. Нысанның нарықтық бағасы аукционда анықталады және сатып алушылардың сұранысына байланысты. Нәтижесінде Игорь Дужнов пен Алаид Демирчянның коммерциялық жылжымайтын мүлкін банк ұсынғаннан жоғары бағаға сатып алушы табылмады (96 миллион теңге). Борышкерлердің өзі коммерциялық нысанды аукционда сатуға наразылық білдірген жоқ. Яғни олар аукцион аяқталғандағы бағамен келіскен", — деп толықтырды қалалық сот өкілі.

Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша борышкерлер кепілідікке қойған нысандарын өздері сатылымға шығарып сатуға құқылары болған. Алайда олар бұл мүмкіндіктерін пайдаланбаған.

"Заң бойынша, Дужнов пен Демирчян кепілге қойған мүліктерін өздері сатып, банкпен есеп айырысуларына болар еді. Алайда олар бұл құқықты пайдаланбады. Қарызды қайтару туралы сот шешімі үш жыл ішінде (2017 жылға дейін) орындалмай қала берді. Егер борышкер қарызды қайтармаса, онда заң бойынша сот шешімі мәжбүрлі түрде орындалады. Ол үшін сот орындаушысы кепілге қойылған нысанды электронды аукционға қояды", — деп жауап берді Соттың өкілі.

Пікірлер