Азаткерлер анықтамасы

4636
Adyrna.kz Telegram

Құрметті, АЗАТКЕРЛЕР! Бұл АНЫҚТАМАЛЫҚ тірнектеп жүріп жинаған мәліметтер. Кезінде 400 мың мүшесі болған азаттың 400 белсендісі болғаны анық. Бірақ әзірге жиналған мәліметтер осы. Жеке фото мен "Азат" қозғалысында еткен еңбектерін, қатысқан шараларын жазып жіберуге болады. Біздің міндетіміз жиналған мәліметті түзетіп, бір жинақ шығару. Мына мекенжайға мәлімет жіберіңіздер: erserik@gmail.com

АДАЙ Сабыр Шеркешбайұлы

Сабыр Адай Шеркешбайұлы 1960 жылы, қыркүйек айының 30 жұлдызында Қарақалпақстанның, Шоманай ауданында туды. Орта мектепті Маңғыстау облысы, Бейнеу кентінен бітірді. 1981 жылы Алматы цирк-өнер студиясының профессор Құбыш Мұхитов күй класын, кейін Орал педогогикалық институтын бітірді.

Еңбек өмір жолын 1981 – 1984 жылдары Бейнеу аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, 1984 – 1990 жылдары Бейнеу мәдениет үйінің директоры, 1991 – 1996 жылдары аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1997 – 1999 жылдары Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының жанындағы ғылыми әдістемелік орталығы шығармашылық бөлімі бастығы, 1999 – 2002 жылдары облыстық мәдениет басқармасының орынбасары, республикалық «Үш Қиян» тәуелсіз газетінде қызметтер атқарды. 2002 – 2009 жылдары «Адай» қайырымдылық қорынның идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлім бастығы болды.

Сабыр Адай ақын (сурып салма), сазгер, әнші және өнертанушы. Ол шығармашылық және өнер саласында 2003 – 2006 жылдары Республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. 2002 жылы оның «Әр қазақ – менің жалғызым» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Ол «Адай Ата» рухани тарихи-мәдени кешенді этнографиялық орталықтың авторы. Бүкілодақтық Халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (1987 ж.), 2003 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

2001 жылы оның шығармасы Қазақстанның соңғы 200 жылдағы таңдаулы 50 ақынның шығармашылық алтын қорына енгізілді. 2003 жылы халықаралық ЮНЕСКО-ның аясында өткен Махамбет Өтемісұлының 200-жылдық мерейтойына арналған әдеби шығармашылық байқауының жүлдегері атанды. Поэзия номинациясы бойынша Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты болды. Оған 2003 жылы Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері атағы берілді. 2006 жылы Президент сыйлығының иегері болды. 2005 жылы Бейнеу, 2007 жылы Маңғыстау ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Сабыр Адай қоғамдық жұмыстарда «Парасат», «Маңғыстау – 21» қозғалыстарының мүшесі болды. 1991 жылы Сайын Шапағатовпен бірге Батыс Қазақстан облысында болып, Орал казактарының сепаратистік топтарына тойтарыс беру үшін бір топ маңғыстаулықтардың қатарында өз үлесін қосты. 2002 жылы атом қалдықтарын Маңғыстауға әкеліп көму туралы бір топ парламент депутаттары мен «Казатомпром» компаниясы басшыларының бастамасына қарсы «Үш қиян» републикалық газеті арқылы қарсылық акциясын ұйымдастырып, ел арасында қоғамдық пікір қалыптастыруға белсене араласты. «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысы басшылығы мен бірге қарсылық қол жинауға ат салысты.

2003 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ын «Казмұнайгаз» ұлттық компаниясына қосу туралы үкімет басшыларының ұстанымына байланысты «Үш қиян» газеті арқылы облыс тұрғындары арасында қоғамдық пікір туғызып, мұнайшылардың, өлке ақсақалдарының, қоғамдық ұйымдардың бұл шешіммен келіспейтіндерін, оның нәтижесі халықтың тұрмыстық жағдайына кері әсерін туғызатыны туралы пікір, ой, ұсыныстарын газет арқылы республика жұртшылығына, облыс, республика басшыларына, Ел басына дейін жеткізуге мұрындық болды.

Сабыр Шеркешбайұлы демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болып, шешуші кезеңдерде олардың өлке тағдырына байланысты ұстанымдарын қолдап отырды. Әсіресе «Парасат» қозғалысының тұңғыш төрағасы Сайын Шапағатов туралы ой, толғаныс өлеңдерін жазып, оның ісін, азаматтық обрызын, портретін сомдап, оны халық тағдыры үшін бар өмірін арнаған көсем ретінде көрсете білді. Оның қазіргідей қиын сәттерде халқына бұрынғыдан да қажет екенін өкіне жырлады. «Адай – Ата» рухани тарихи-мәдени кешенін салу арқылы – ол Маңғыстаудағы ең биік жер Отпан тауын – ұлттық иделогияны қалыптастыратын, ата-салт дәстүрімізді, тілімізді, ділімізді дәріптейтін, халқымызды бірлікке, тірілікке, ірілікке шақыратын, жастарымызға рухани тәрбие беретін қазақ еліне ортақ киелі – тарихи орынға айналдырды. «Парасат» қозғалысының, «Қосай Ата» қорының және басқа да қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен оған 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты «Адай Ата – Отпан тау» рухани тарихи-мәдени кешенін салудағы және қоғамға сіңірген еңбегі үшін «Ер Қосай» медалі берілді.

Сабыр Адай бүгінгі таңда шығармашылықпен айналысып, ұлттық руханият пен қазақ тілінің өркендеуіне қызмет жасап келеді.

Сабыр Шеркешбайұлы көп балалы отбасының басшысы. Ақтау қаласында тұрады.

AЙДАРБЕК Жомарт Аққазиұлы

1962 жылы 16 каңтарда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Теректі ауылында дүниеге келген. Мамандығы - педагог, мәдениет қызметкері. 1988 жылы Әбу Насыр әл-Фараби атындығы Шымкент педагогикалық-мәдениет институтын бітірген.

Қазақстанда тұңғыш құрылған (1989 ж.) «Парасат» қоғамдық, саяси-демократиялық қозғалысының, «Азат» азаматтық қозғалысының облыстағы белсенді мүшелерінің бірі, облыстық Кеңес мүшесі. Республикалық партияның Маңғыстау ауданы бойынша төрағасы (1991) болды.

Жомарт Айдарбек 1997 жылдан «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесінің мүшесі және 2003 жылдан кеңес төрағасының орынбасары. Облыстық Кеңестің мүшесі ретінде «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесі ұйымдастырған шараларға ұйытқы болып, көптеген игі істердің басы-қасында жүрді. Ол Тельман елді мекеніне Сайын Шапағатовтың есімінің берілуіне, жерді сату туралы заңды қабылдатпау үшін бүкілхалықтық референдум жариялау туралы демократиялық ұйымдардың Алматы қаласында ұйымдастырған республикалық деңгейдегі жиналысына, 2002 жылы Алматыда циркте ұйымдастырылған ҚДТ қозғалысының құрылтайына және митенгіге, «Азат» қоғамдық қозғалысының кеңейтілген жиналысына, конституцияда көрсетілген «Өзін-өзі басқару туралы» заңды өмірге енгізу мақсатында өлкемізде ұйымдастырылған қабылдануға тиісті заңдар туралы қоғамдық тыңдауларға, «Парасат» қозғалысы ұйымдастырған барлық акциялар мен жиналыстарға қатысып, оның шешімдерін іске асыру мақсатында барлық күш-жігерін аямай жұмсады.

АЙМАХАНОВА Гүлсамал Төрединқызы

1961 жылы 21 қарашада Ақтөбе облысының Шалқар қаласында заң қызметкерінің отбасында жеті баланың бесіншісі болып, дүниеге келді. 1979 ж. №40 орта мектепті, 1985 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

         1989 жылдан бастап Қазақстанның Тәуелсіздігі жолында қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласты: Халықаралық ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей» қозғалысының, облыстық «Жем» антиядролық тобының, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының, «Алдаспан» қоғамдық-саяси, мәдени бірлестігінің мүшесі болды.

1994 ж. ҚР алғашқы шақырылымында республикалық «Азат» азаматтық қозғалысы облыстық бөлімшесі атынан қалалық мәслихатқа №5 округтен депутат болып сайланды.

АҚАТАЕВ Сәбетқазы  (1938 - 2003)

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, жазушы.
1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. 1960 жылдары Мәскеуде қазақ студенттерімен бірге «Жас тұлпар» атты қазақ жастарының ұйымын құруға қатысты.

1987 жылдың 7 қаңтарынан бастап, Желтоқсан оқиғасының шындығын бүкіл әлемге жеткізу мәселесімен айналысқан. Осы қанды оқиғаның бетін ашатын мәтін әзірлеп, оны арнайы пленкаға түсіріп, Африка, Қытай, Америка және Венгрия елдеріне жіберді. Мажарстандық Иштван Қоңырдың көмегімен сол мәтін Еуропа еліне таралып, Желтоқсан оқиғасының шындығы бүкіл әлемге жайылды.

 С.Ақатаев - Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының негізін салушылардың бірі. 1990-1991 жылдары ұйым басшыларының бірі болды. Ол 1991 жылы қазан айында Қазақстанның Халықтық республкалық партиясын құрып, басқарды.  Ол өмірінің соңына дейін  Қазақстан тәуелсіздігіне адал еңбек етіп, өз үлесін  қосып кеткен ұлттық қайраткер.

 АМАНҒАЛИ Мұханбетияр Бисұлтанұлы

1954 жылы 28 мамырда Атырау облысы   Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туған.

1990 жылдан бастап «Алдаспан» қоғамдық бірлестігі, «Азат» азаматтық қозғалысы,  «Өрлеу» қоғамдық-саяси және «Ана тілі» қоғамдық ұйымдарында төраға, төрағаның  орынбасары болып, белсенді жұмыс жасап, облыстың қоғамдық-саяси істеріне араласты.  1994-1999 жылдары Ақтөбе қалалық маслихатының депутаты болып сайланды. Депутаттық міндетін атқаруда ұлттық құндылықтарды қорғауға зор үлес қосты.

90-жылдары Ақтөбе қаласындағы «Алдаспан» ұйымының белсенді мүшесі болды, кейін  «Азат» азаматтық қозғалысының аясындағы шараларына белсене араласты.

АРАЛБАЕВ Данияр Аралбайұлы

1949 жылы 1 қазанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Үштаған ауылында дүниеге келді.

Атырау мемлекеттік педогогикалық институтының тарих факультетін 1975 жылы бітірген.

Данияр Аралбайұлы 1989 жылдан бері «Парасат» қозғалысының мүшесі. 1997 жылдан «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесінің төрағасы.

1994-1999 жылдары тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы шақырылымындағы тұңғыш рет демократиялық жолмен сайланған Ақтау қалалық мәслихатының депутаты.

«Азат» қозғалысының ұжымдық мүшесі болып табылатын «Парасат» қозғалысының аясында: қазақ тілінің тағдыры, қазақ бала-бақшаларын, мектептерді көбейту және қазақ тіліне шынайы мемлекеттік мәртебе беру, жер атауларына бұрынғы тарихи есімдерін қайтару, ата салт-дәстүрді жаңғырту, Әулие Аталарды құрметтеу мен бірге халықтың әлеуметтік мәселелерін (жұмыссыздық, экология, экономика және адам хұқы) көтерді.

Данияр Аралбайұлы 2004-2010 жылдар аралығында облыстық Ономастика комиссиясының мүшесі болды.Оның араласуымен 2006 жылы туған жері Тельман елді мекеніне еліміздің бір туар перзенті Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың есімі берілді.

АРЫСТАНОВ Серік Айбалаұлы (29.08.1958 -17.09.2019)

Азат қозғалысының туын асқақтата желбіреткен, 90-жылдары Алаш азаттығы жолында жанқиярлық күрес үлгісін көрсеткен Сексеуіл кентінің арда азаматы. Ол лауазым мен қызметті халық қызмет деп ұққан есіл ерлерден еді. Ғұмырының соңына дейін Әділдік пен Адалдық үшін еңбек етті, күресті. Секең Сексеуіл локомотив депосында қызмет ете жүріп, «Азат» қозғалысының белсенді мүшесі болды. Азаттық жолындағы айбынды істерімен, жігерлі әрекетімен көзге түсті. Ол адал жар, асқар әке ретінде балаларына үлгі болды.

АХМЕТОВ Көшкінбай Нұрмағанбетұлы

Ахметов Көшкінбай Нұрмағанбетұлы – 1953 жылдың 1-ші қаңтарында  Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданының Елек елді мекенінде жұмысшы жанұясында туған.

1968 жылы Елек сегіз жылдық мектебін бітіріп, 1972 жылы Ақтөбе теміржол техникумын  тәмамдады.

1991–1996 жылдары “Бекарыс” ШК басқарып, осы жылдары «Алдаспан» ҚБ, Азаматтық «Азат» қозғалысының Ақтөбе облыстық бөлімшесінің іс-шараларын қаржыландырып тұрды.

1989 жылдан бастап Тәуелсіздік  жолында қоғамдық жұмысқа белсене араласуда:

1989-1990 - “Қазақ тілі ” қоғамы, Басқарма мүшесі. Бастауыш ұйым төрағасы.

1990-1991 - “Алдаспан” ҚСМБ, үйлестіру кеңесінің мүшесі.

1991-1994  - “Азат” ҚАҚ Ақтөбе  бөл., үйлестіру кеңесінің мүшесі.

1994-2000 - “Азат” ҚАҚ Ақтөбе  бөл., үйлестіру кеңесінің төрағасы.

АХМЕТОВ Ізтұрған   (1947 – 2004)      

Ахметов Ізтұрған 1947 жылы қыңтар айының 20 жұлдызы күні Маңғыстау ауданы Тиген елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек өмір жолын ол 1964 жылы Ералиев кентінде байланыс қызметінің электромонтері, 1966-1985 жылдар Манғыстаугеология барлау тресінде монтер, жөндеуші, жүк тасымалдаушы, құрлысшы, моторист, спорт нұсқаушысы, 1985-1992 жылдар Ералиев (қазіргі Құрық) аудандық «Коммунизм таңы», «Түлеген түбек» газетінің тілшісі, хаттар бөлімінің меңгерушісі, 1992-1993 жылдар Ералиев поселкелік кеңесінің төраға орынбасары, 1993 1994-1996 жылдар Қарақия аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Сауап» қайырымдылық қоғамының төрағасы, 1996-2000 жылдары «Маңғыстау» облыстық газетінің Қарақия ауданы бойынша меншікті тілшісі, 2000-2003 жылдары Маңғыстау облыстық телерадиокопаниясының кореспенденті, 2003-2004 жылдары облыстық драма театрыны МҚК әдеби бөлімінің меңгерушісі. Ізтұрған Ахметұлы  осы қызметте жүрген уақытта 2004 жылы желтоқсан айының 30 жұлдызы күні 57 жасқа толар шағында кенеттен қайтыс болды.

Ізтұрған Ахметұлы өлкеміздің қоғамдық саяси өміріне де атсалысқан азамат. Ол Қарақия аудандық мәслихатының II, III шақырылымының және Маңғыстау облыстық мәслихатының  I шақырылымының депутаты.

1989 жылдан «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының белсенді мүшесі. 1997 жылдан Қарақия аудандық «Парасат» ұйымының жетекшісі. Ауданда алғаш рет «Сауап» қайырымдылық қоғамын құрып, жастарды имандылыққа, ата-салт дәстүрге, ұлтын сүюге тәрбиелеуге аянбай өз үлесін, қажыр-қайратын қосқан ел үшін еңіреген аяулы абазал азамат. Саяси мінбелерден ел жағдайын көтеріп, басқарушы билікке батыл талап-тілектер қоя білген сяаси тұлға-қоғам қайраткері. Сонымен қатар Ізтұрған Ахметұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Оның жергілікті, облыстық және республикалық газеттерде көптеген қоғам өміріне байланысты әлеуметтік тақырыптарға арналған сындарлы мақалалары, әңгімелер мен публистикалық шығармалары, өлеңдері мен сатиралық шығармалары жарияланды.

ӘБІЛОВ Аманжол Күзембайұлы

 1945 жылы Қостанай облысының Мен­ді­ға­ра ауданына қа­расты Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.1964 жылы Қос­та­най қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы  қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Қа­зақ мемлекеттік уни­вер­си­те­ті­нің тарих факультетіне оқуға түсті.  Уни­ве­рситет қабырғасында қазақ тарихы, ар­хе­ол­о­ги­я­сы, этнографиясы, антропологиясы салаларынан арнаулы  білім алған ол бүкіл ғұмырын ғы­лымға арнады.  Тарих ғылымының докторы, профессор.

А.Күзембайұлы Қарағанды мемлкеттік педагогика ин­сти­ту­тының жал­пы тарих кафедрасына  оқу министрлігінің жол-дамасымен 1969 жыл­дың 04 қыр­күй­е­гін­де қызметке орналасты. Ол бұл кафе-драда ерте дүние та­рихынан сабақ берді. Ин­с­ти­тут­тың және қаланың қоғам-дық өміріне бел­се­не араласты.

1971 жылы Аманжол аспирантураға түсті. Ғылыми жетекшісі болып тарих ғы­лы­мының докторы, профессор Әмір Қанапин бекітілді.

Ғылыми зерттеу жұмысын уақытынан бұрын қорғаған А. Күзембайұлы Қа­ра­ғандыға қайта оралып,  1973 жылдың мамыр айында Қазақ мемлекеттік университетінің жанындағы Ғылыми Ке­ңес­те ол өзінің кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.

Қазақ тарихшыларының іші­н­де 80-90 жылдары халқымыздың тарихын қайта жазу қажеттілігін айта бастағандардың іші­нде Аманжол да болды.

1987 жылы жазылған “Казахстан в древности” атты оқу құралы тарихшылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. 1992 жылы осы кітап кеңейтіліп, хронологиялық шегі  ұзартылып жоғарғы мектеп сту­денттері үшін оқулық ретінде басылып шықты. Оқулықта көптеген соны пікірлер айтыл­ды. Қазақ тарихының күрделі мәселелері жаңа көзқараста талданып, ұлттық тұрғыдан кө­рініс тапты. 1993 жылы оқулық Қазақ академиясының тарих және этнология институт бө­лімдерінің бірккен мәжілісінде талқыланып жоғары бағаланды. Сол жылы ол осы институт жанындағы докторлық Кеңесте “Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ та­рихына жаңа тұжырымдама тұрғысы негізінде қайта қарау” деп аталатын докторлық дис­сертациясын қорғады.

А. Күзембайұлы 90-жылдардағы саяси процессінде белсене қатнасқан адам. Сол жылдардағы бүкілхалықтық “Азат” қозғалысының басшыларының бірі ретінде елге та­нымал болды. Республикалық «Азат» саяси партиясын ұйымдастырушылардың бірі ре­тін­де ол елде демократиялық үрдістің қалыптасуына өз үлесін қосты.

Ол 200 ден астам ғылыми еңбек жазып, 12  ғылым кандидатын, 2 ғылым докторын дай­ындап шығарды.

ӘЛИ   Жайлау

1952 жылы 3 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл қыстағында дүниеге келген. Қызылорда  қаласы Тасбөгет қыстағындағы № 114 кәсіптік-техникалық училищені бітірген. 1990 жылы әуелі Сексеуіл қыстағында, сосын Арал ауданында «Азат» қозғалысының бастауыш ұйымын құруға қатысөан. 1991 жылы қыркүйек айында Орал қаласындағы орыс казактарының бүлігіне қарсы акцияға, Семейдегі «Аттан, Қазақстан»  жиынына қатысқан.  2005 -2012 жылдары  ҚДТ, «Алға»  қозғалыс  және партиясының  белсендісі. 1990 жылдан бері үзбей демократиялық күштердің қатарында қоғамдық-саяси белсенділігін тоқтатпай жұмыс жүргізіп келе жатқан бірегей белсенді.

БАБАЛЫҚҰЛЫ Жағда

1917 жылы 21 қарашада ҚХР, СУАР, Іле Қазақ автономиялы облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Ұты-Құжырты тауында дүниеге келген. Мектепті Тарбағатай аймағының орталығы ІІІәуешек қаласында бітіріп, Үрімші қаласындағы «Шың-Жаң-Шөян» институтында оқыған.

1944-1945 жылдары ұлт-азаттық ұйымның жұмысына қатысқаны үшін «Туфи-бандит» атанып, абақтыға қамалған. 1945-1949 жылдары Шығыс Түркістан республикасының ұлт-азаттық әскерінің қатарында подполковник шеніне дейін әртүрлі дәрежелі қызмет атқарып, Басштабтың саяси басқарма бастығының орынбасарына дейін көтерілген. Гоминдан әскеріне қарсы 23 ұрысқа қатынасып, үш рет жараланған (1947 жылы 8 ай әскери түрмеде қамауда болған). 1950-1958 жылдары Қытай халық-азаттық армиясы әскери сотының орынбасары, Іле Қазақ автономиялы, Тарбағатай аймағының әкімі, СУАР өкіметінің саяси-заң басқарма бастығы, Іле Қазақ автономиялы облысының төрағасы болып қызмет істеген. Сол кездерде жергілікті қазақтардың әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешу жолында табандылық танытып, біраз мәселелердін шешілуіне ықпал жасады. Қытай мемлекетінің аз санды ұлт өкілдерінің әліппесін латын әрпіне көшіруінің нәтижесінде қытай қазақтарының өзінің ата жұртындағы елінен ажырасып қалатынын түсініп, өз мүмкіншілігін пайдаланып, көптеген себептерді көлденең тартып, жергілікті қазақ әліппесін кирилицаға көшірді.

Қытайдағы, Монғолиядағы және Қазақстан қазақтарын қосатын саясат жүргізетін ұлтшыл, оңшыл өте қауіпті элемент деген айып тағылып, 1958-1961 жылдары бостандықтан айырылып, еңбекпен түзету лагеріне жіберілді. Еңбекпен түзету лагерінен босаған соң Қазақстанға келді.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі кезінде тергеліп, біраз уақытқа дейін бақылауда болды. Желтоқсан оқиғасы туралы шындықты жазып, мақалаларын Венгрия, Чехия, АҚШ-ка жіберіп, бүкіл әлемге жариялады. 1989-1991 жылдары Қазақстандағы «Азат» қозғалысын кұруға белсене араласты.

БАЙЖАНОВ Ілесбек  Сейітұлы

15.02.1956 жылы бұрынғы Қазақ ССР - і, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар  аудандағы Сталинабад ауылында (Коммунизм) қазақ жұмысшы отбасында дүниеге келген.

Отбасылы, үйленген. Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Немерелері бар.

1979 жылы Шымкент қаласындағы  Қазақ  химия - технологиялық институтын(ЮКГУ) инженер - технолог мамандығы бойынша, 1997 жылы Алматы қаласындағы «Тұран» Университетін СЭҚ экономисі мамандығы бойынша бітірген. «ТУРАН» Университетінің аспирантурасында мұнай бизнесін дамыту саласы негізінде сырттай оқыған. 

Қосымша алған білімдері: 1982 жылы Москва институтының Шыршық филиалында Химия өндірісінің жетекші мамандарды қайта даярлау курсынан өткен. 1987 жылы - «Марксизма и Ленинизм университетін» бітірген. 1989 жыл - «Бухгалтерлік  курсын»,  1992 жылы АҚШ - тың Огайо штатындағы Кливленд қаласында «Сыртқы экономикалық қатынастар мамандығы бойынша білімін жоғарылату курсынан» өткен. 2005 – 2006 ж.ж.   «Еңбек Академиясы» мен «Туран»  университетінде мамандықты жоғарылату курстарын бітірген. 2009 жылы Қытай Халық Республикасындағы Пекин және Шанхай Мұнай өнеркәсібі Университетінде арнайы мамандық жетілдіру курсынан, 2011 жылы Астана қаласында «Кеден істері» жөніндегі арнайы курстарынан өткен.

2007 жылдан – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Жүздеген ғылыми, саяси, экологиялық, экономикалық, тарихи - танымдық мақалалардың авторы. Мақалалары Республикалық және ҚР облыстарында шығатын мерзімді баспасөздер мен Ғаламторда тұрақты түрде басылып келеді. Экономика, саясат, экология, тарих және танымдық тақырыптарға арналған бірнеше кітаптардың авторы.

Қоғамдық  негізде  атқарған  жұмыстары.

  1. 1982 жыл. «Таджикхимпром» Бірлестігі Комсомол Ұйымының 1 хатшысының қоғамдық негіздегі орынбасары. 1984 жыл, Наурыз. СОКП (КПСС) мүшесі.
  2. 1986 жыл. 19 Желтоқсан. Шымкент мұнай өңдеу зауыты бастауыш партия комитетінің жиналысында Қазақстан Компартиясының 1 хатшысы Д.А.Қонаевты қорғап, және «Брежнев» алаңына шыққан қазақ жастарын жақтап, ОҚО Обкомының 2 - ші хатшысы Черненкомен айтысқаны үшін «ұлтшыл»  атанып, қуғынға  түсудің  басталуы.
  3. 1988 жыл. Сәуір. Шымкент мұнай өңдеу зауыты КПСС бастауыш партия комитеті хатшысының қоғамдық негіздегі орынбасары.
  4. 1989 жыл. Наурыз. Шымкент. Оңтүстік Қазақстан Облыстық «Бетбұрыс» саяси-қоғам-дық ұйымы. Төраға.
  5. 1990 жыл. Шымкент. Наурыз. Оңтүстік Қазақстан  Облыстық  «Қазақ  тілі»  қоғамы-ың  Үйлестіру  Кеңесінің  мүшесі. Республикада облыстар арасында «Қазақ  тілі» қоғамын  тұңғыш  құруды  ұйымдастырушы.
  6. 1990 жыл, Қыркүйек. Шымкент. «Бетбұрыс» саяси қоғамдық ұйымының Республика-лық  «Азат» Азаматтық саяси  қозғалысына  қосылып  бірігуі. Оңтүстік  Қазақстан  Об-лыстық  «Азат» Азаматтық саяси  қозғалысының  тең  төрағасы.
  7. 1991 жыл, Маусым. Алматы. Республикалық «Азат» Азаматтық саяси қозғалысының Үйлестіру  Кеңесінің  мүшесі.
  8. 1991 жыл, 19 Тамыз. Мәскеудегі ГКПЧ - ға қарсылық  білдіргені  үшін, ОҚО Совет Төрағасы С.А.Терещенконың  бұйрығымен қамауға  алынуға  тиісті 26 азаматтың бірі. Оралдағы, Көкшетау мен Ермактағы казактар қозғалысына, Қазақстанда 6 АЭС (Атом электростанциясын) салмақ  болған Совет «Атомшыларына», Қазақстандағы ядролық жарылыстарға, «Союзсредмаш», «Роскосмос» пен Қазақстандағы шетелдік әскери – сынақ полигондарына қарсы  белсенді  күресті  ұйымдастырушылардың  бірі.
  9. 1991 жыл, Қазан. Алматы. Қазақстан Халық Конгресі партиясының Орталық ҮйлестіруКеңесінің  мүшесі.
  10. 1991 жылдың Қазан айы – 1996 жылдың Желтоқсан айының арасы Оңтүстік Қазақстан облыстық  Халық  Конгресі  партиясының  төрағасының  өндіріс саласы жөніндегі орынбасары, Шымкент Қалалық  Халық  Конгресі  партиясының  1 хатшысы.
  11. 1995 – 1998 жылдар арасында стратегиялық коммуникациялар мен зауыттарды, жер асты мен үстіндегі табиғи қазба байлықтарды, колхоздар мен совхоздарды жекелендіруге және шетелдік инвесторларға беруге қарсы қозғалыстың басшысы.
  12. 2008 жылдың қазан айынан, 2013 жылдың ақпан айына дейін ОҚО бойынша полиция қызметін бақылайтын қоғамдық комиссияның мүшесі болған.
  13. 2010 жылдың 27 ақпанынан Оңтүстік Қазақстан облыстық «Тәуелсіздікті қорғау»

ХДҚ  комитетінің  ұйымдастыру  комитетінің  төрағасы. Жер Ананы жекелендіру мен шетелдіктерге әскери полигондар есебінде, және ауыл шаруашылық өнімдерін егу үшін жалға беруге қарсы қозғалыс белсенділерінің бірі.

  1. 2012 жылдың 12 шілдесінен бастап 2015 жылдың тамызына дейін қоғамдық негізде «ПКОП» ЖШС кәсіподағының «Зауыт ақиқаты – Заводская правда» газетінің редакторлығын қоса атқарған.
  2. 01.10.2006 жылдың Қазан айынан бастап осы уақытқа дейін ОҚО «Ақиқат – 1» саяси қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Мемлекеттік марапаттары:    1. 2007 жыл ОҚО мәслихатының Құрмет Грамотасы. 2016 жыл Қазақстан Республикасы мұнай – химия саласы кәсіподағының Құрмет Грамотасы, 2016 жыл Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының Құрмет Грамотасы, 2017 жыл – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің Құрмет Грамотасы, Желтоқсан, 2018 жыл                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    – Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласының еңбек сіңірген қызметкері атағының иесі. 

БАУБЕКҰЛЫ Әлібек (1939 – 2003)

1939 жылы 1 қаңгар күні Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, қазіргі Үрмәш Түктібаев ауылында дүниеге келген.

Қызылорда педагогикалық инсгитутын \қазіргі Қорқыт Ата атындағы университет\ математика мамандығы бойынша бітірген.

Мұғалім, мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған. 1990 жылы Қызылорда қалалық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы қызметінде жүріп «Азат» қозғалысын облыста ұйымдастыруға ұйытқы болды, тең төрағасы болып сайланды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне, облыстық мәслихатқа үміткер болып сайлауға түсті. Ақын, жазушы ретінде саяси-публицистикалық, шығармашылық еңбектері республикалық, облыстық баспа беттерінде жарияланған. «Жыл он екі ай», «Сарқырама», «Өзі-ұшар», «Диқан мен дән», «Ащы балмұздақ» атты кітаптары жарық көрген. 2003 жылы ауыр науқастан кейін дүние салды. 

БӨЛЕК Төлеген Садықұлы

19 қараша 1946 жылы Ақтөбе облысы Темір қаласында туған.

Заңгер.Журналист.

Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының жұмысына Темір ауданы бойынша белсене қатысты. Қозғалыс жұмысы тоқтағаннан кейін «Қазақ тілі» қоғамының, «Ана тіл» қоғамдық бірлестігінің,  «Мемлекеттік тіл» қозғалысының, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің жұмыстарына белсене араласып келді.

БӨТЕЕВ Болат

1953 жылы 2 маусымда Талдыкорған облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылында дүниеге келген. Жамбыл қаласындағы Гидромелиорациялық құрылыс институтын бітірген.

«Азат» қозғалысының аудандық бөлімшесінің шараларына белсене қатысты. 2006 жылдан бастап «Аллажар-қолдау» ҚҚ атқарушы директоры.

Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай 2006 жылы «Аллажар» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

ДӘРІМБЕТ Батырхан (1951-2005)

1951 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Акбай ауылында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-ді тәмамдағаннан кейін ҚазКСР Мемлекеттік кино мекемесі төрағасының көмекшісі, Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болды. Филология ғылымдарының кандидаты.

1990 жылдардың басында Б.Дәрімбет еліміздің коғамдық-саяси өміріне белсене араласты: 1991 жылы - «Азат» азаматтық қозғалысы төрағасының орынбасары, «Азат» газетінің редакторы. 1996 жылы - Мұстафа ІНоқай атындағы коғамдық қордың президенті, «Радио Свобода» тілшісі болды, «Азат» коғамдық-саяси газетін, «Жас Түркістан» журналын басқарды. «Азат» қозғалысы» кітабын жазды.

 ДЕМЕУБЕРГЕНҰЛЫ Қожахмет

Қожахмет Демеубергенұлы 1950 жылы Маңғыстау ауданы, Кәрі қыстағында дүниеге келді. Орал педогогикалық институтын бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы алып шықты.

Журналистика саласында 35 жылдай еңбек етті. Ол Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір», Мұнайлы аудандық «Мұнайлы жаңалығы» газеттерінде жауапты хатшы, кейін көп жылдар бойы Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясында аға редактор болып жасады.

1989 жылдан «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының және «Азат» қозғалысының мүшесі, Сайын Шапағатовтың сенімді саяси серігі. Кезінде «Парасат» қозғалысы мәдениет орталығының жетекшісі болды. 1999 – 2003 жыл аралығында облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

Ол өз қызметі арқылы ел есінде сақталған талай игі істердің бастамасы болды. Кезінде көпшілік толғандырған Баянды ауылындағы мал ұрлығының ашылуына, Тұрдыбай бағын қорғап қалуға, Жетібай кентіндегі проблемаларды шешуге, Қаражамбас мәселесі және Бекет – Ата тарихи химаратын қорғауға араналған қызметтері облыс тұрғындарының жоғарғы бағасына ие болды.

2006 – 2010 жылдары аралығында Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының мүшесі.

ДҮРМАНОВА Бикеш Орханқызы

(22.12.1949 – 10.01.2000)

Бикеш  Дүрманова  Үш Жүзге аты мәлім күрескер ақын-композитор Жаяу Мұсаның жиеншары, 1949 жылдың  22 желтоқсанында Павлодарда туған. 1965 жылы Ермак (қазіргі Ақсу) қаласында қазақ орта мектебін,  1969 жылы Целинноград бухгалтерлік есеп училищесін бітірген. Павлодар ауданы атқару комитетінде бухгалтер болып қызмет істеді.  1980 жылы Семей пединститутының  қазақ тілі мен әдебиеті факультетін сырттай оқып бітіріп, Павлодар ауданы атқару комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.

Ұйымдастырушылық қабылеті өте зор, жұртшылық алдындағы беделі де өте жоғары Б.О. Дүрманова қашанда тың бастамаларды көтеріп, тыным таппайтын.1990 жылы Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізін қалап, алғашқы директоры болып еңбек етті.  Сол жылдары «Азат» азаматтық қозғалысының Павлодар облыстық филиалын ұйымдастыру ісімен де айналысып,  филиал төрағасы қызметін қоса атқарды!

Мемлекетшіл, отаншыл, ұлтжанды азамат қажетті кездерде қоғам белсенділерін жанына топтастырып, мақсатты істерге жұмылдыра білді. Белгілі қоғам қайраткерлерімен де ортақ тіл тауып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.  Михаил Есенәлиев, Марат Шорманов, Сәбетқазы Ақатай, Батырбек Дәрімбет, Хасен Қожа Ахмет, Жасарал Қуанышәлин, Амантай Асылбеков (Амантай қажы), тағы басқа қоғам қайраткерлері Бикеш Дүрманованың шақыруымен Керекуге келіп, «Азаттың»     облыстық филиалының іс-шараларына қатысты.

Филиал  ресми тiркеуден өтпей тұрған кездiң өзiнде азаттықтар өңірдің қоғамдық-саяси өміріне араласып, облыстық мәслихаттың депутаттығына өз үміткерлерін ұсынды және сайлау науқанында үгіт-насихат жұмыстарына білек сыбана кірісті. 1990 жылы жергілікті   патшашыл-кеңесшіл күштердің Павлодар қаласының іргетасы    әскери бекiнiс ретiнде қаланғанына  270 жыл толуын    салтанатты мерекелiк шара ретінде тойлау ұсынысына қарсылық білдіріп, өткізбей тастады.

Б.О. Дүрманова бастаған керекулік азаттықтардың тобы 1991 жылдың І Мамыр мерекесі шеруіне «Азат»   қозғалысының транспаранттарын ұстап шықты, өзге де мерекелік жиындарда ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын шаралар ұйымдастырды. Сол жылдың қыркүйек айында Бикеш Орханқызының  бастауымен   Орал қаласына барған   керекулік топ   Орал казактарының  Ресей патшасына қызмет етуіне 400 жыл толуын мерекелеуге қарсы шараға қатысты.

«Азаттың»   облыстық филиалы  басқыншы атаман Ермактың ескерткішін құлату және Ермак қаласы атауын өзгерту мәселелерін күн тәртібіне қойып, жоспарлы іс-шараларды жүзеге асырды. Қозғалыс мүшелері 1992 жылғы наурызда Ермак ескерткішінің алынуына орай өткізілген митингте белсенділік көрсетіп,  халық депутаттары Ақсу  қалалық Кеңесінің   Ермак атауын өзгерту мәселесі қаралған сессияларына қатысты, бір тобы  Кеңес ғимараты алдында    пикетте тұрды.

Бикеш Орханқызы 1993 жылдан бастап Алматыда Мұхтар Әуезов музей үйі директорының орынбасары қызметін атқарды, 1998 жылы Астанада  әдебиет және өнер музейін құру ісіне кірісіп,   алғашқы директоры қызметіне бекіді.

Қосағы Өскенбай Тастемханов екеуі Сәулет,  Рүстем атты бір қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірген.

«Азат» азаматтық қозғалысының қайраткері Бикеш Орханқызы Дүрманова ауыр дерт салдарынан 2000 жылдың 10 қаңтарында 50 жасында Павлодар қаласында қайтыс болды.

ДІЛМАН  Төребай

Қызылорда қаласында 1956 жылы 30 қыркүйекте дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1977). 1987 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап физика-математика ғылымының кандидаты атағын алған. 30-дан астам ғылыми еңбектері мен оқулықтары әртүрлі баспалардан жарық көрген, оның төртеуін оқулық ретінде студенттер қолданып келеді 1990 жылдан «Азат» қозғалысының белсенді мүшесі, үйлестіру кеңесінің мүшесі. Әртүрлі саяси акциялар мен сайлау науқандарында әлі күнге дейін белсенділігімен көзге көрініп келеді.

ЕГІЗБАЙҰЛЫ Жақсыбек

Жақсыбек Егізбайұлы 1942 жылы 20 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының «Ақбастау» елді-мекенінде дүниеге келді.

1957 жылы «Борлысай» 7 жылдық мектебін бітірген соң, 1957-1959 жылдары Жезқазған қаласындағы №16 құрылыс училишесінің «сантехник» мамандығын бітірген.

1959-1960 жылдары Жезқазған және Шымкент қалаларында «Қазсантехмонтаж» басқармасында сантехник, 1961-1963 жылдары Алғабас ауданындағы «Борлысай» және «Қызыларық» 8 жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет жасады.

1963-1967 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетінде «фехтование» мамандығы бойынша бітірді. Ғылымға осы жылдары ден қойып, қазақтың көрнекті ғалымы, «Қажымұхан» кітабының авторы Мұратхан Тәнекеевтің жетекшілігімен 1965 жылы «Дене тәрбиесі мен спорттың қазақ өнеріндегі бейнеленуі» атты тақырып бойынша алғашқы ғылыми еңбегі республикалық студенттердің ғылыми конференциясына ұсынылды. Бұл ғылыми баяндаманың құндылығы 1969 жылы жарық көрген «Қазахстан спортивный» кітабында аталып өтілген. Студентік кезеңде республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан мұғалімі», «Спорт», «Қазақстан мектебі», «Физкультура в школе» журналдарында ауыл спортының өзекті мәселелері жөнінде мақалалары жарияланды.

1992 жылы Қазақстан Журналистер Одағының мүшелігіне қабылданды. 1970-1980 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарды. 1973 жылы Коммунистік партия қатарына қабылданды. Осы жылы Қазақстан Оқу министрлігінің «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды.

1975 жылы «Ауыл мектептерінде дене шынықтыру сабағын жүргізіп, ұйымдастыру» тақырыбы бойынша ғылыми еңбегін Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың ғылыми Кеңесіне өткізіп, осы институттың аспирантурасында оқуға рұқсат алады. Бұл тақырып кейіннен толықтырылып, зерттеліп «Дене тәрбиесі құралдарын жүйелі қолдану арқылы оқушылар денсаулығын нығайту» атты тақырыппен 1999 жылы Қазақтың Спорт және туризм академиясында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

1980-1990 жылдары Қызылорда облыстық білім бөлімінің мектеп мнспекторы, А.С.Макаренко атындағы балалар үйінің директоры, облыстық мұғалімдер жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі, облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1991 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, жаратылыстану факультетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасында профессор қызметін атқарып келеді.

Облыстық азаматтық «Азат» қозғалысының атынан 1999-2003 жылдары екінші шақырылған Қызылорда қалалық мәслихат депутаты болып сайланды.

Жақсыбек Егізбайұлы елімізде, алыс және жақын шет елдерде өткізілетін Халықаралық конференцияларға, Конгрестерге, симпозиумдерге тұрақты ғылыми мақалаларын жариялап келеді. Қазіргі таңда 100 ден астам ғылыми мақалалары мен 15 оқу, оқу-әдістемелік құралдарының авторы.

Сондай-ақ, 2011 жылы «Шындық пен әділдіктің ақ семсері», 2013 жылы «Бір сыр бар суреттерде айтылмаған», 2015 жылы «Атадан қалған жалғыз ұл», 2016 жылы «Ізгілікке ұмтылу» атты тарихи-ғұмырбаяндық, тәрбиелік мәні зор кітаптарын баспадан шығарды.

2005 жылы тұңғыш рет Республикада тіркелген Республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып келеді.

Жақсыбек Егізбайұлы оқытушылық қызметпен қатар, ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық патриоттық сезім, ұлттың денсаулығы, өнері, тарихы, өсімі, тілі, ділі, болашағы, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары бағытында да қалам тербеп, өңірдегі қазақ ұлтының өзекті мәселелері болып келетін әртүрлі бағыттағы әлеуметтік жобаларға тұрақты қатысып келеді.

Жақсыбек Егізбайұлының білім мен ғылымдағы, спорттағы көп жылғы атқарған еңбектері лайықты бағаланып, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігі ҚР дене тәрбиесі мен спортына сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісі, 2002 жылы ҚР Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен доцент атағы, 2004 жылы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен академиялық профессор атағы, 2005 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің спорт істері комитетінің шешімімен «Қазастанның құрметті спорт қайраткері» атағы, 2006 жылы ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі, 2007 жылы Халықаралық педагогикалық Білім Академиясының академигі атағы, 2011 жылы «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» атақтары берілді.

Сонымен қатар, облыстың қоғамдық-саяси өміріне, демократиялық дамуына белсенді атсалысып, азаматтық қоғамның қалыптасуына қосқан зор үлесі үшін және жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беріп, білім мен ғылымды дамытуға қосқан сүбелі үшін Ы.Алтынсарин және Әль-Фараби, Қорқыт Ата атындағы, ҚР Егемендігінің 20 жылдығы, ҚР мәслихатының 20 жылдығы медальдарымен марапатталды.

1990 жылдың аяғында  құрылған  Облыстық Азаматтық «Азат» қозғалысы қоғамдық бірлестіктің мүшесі, 1995 жылдан бастап облыстың «Азат» қозғалысының орынбасары, келесі жылдары төрағасы болды.

2005 жылы құрылған республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі болып,                   2019 жылға дейін қызмет жасады.

Жақсыбек Егізбайұлы 6 баланың әкесі. Үлкен ұлы Аян Атырау облысында облыстық аурухана бастығының орынбасары, ортаншы ұлы Аят Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде директордың орынбасары, қыздары әртүрлі салалар бойынша қызмет атқарады.

 ЕЛУБАЙ Смағұл

1947 жылы Түркменстанда туған. Жазушы, журналист, сценарист. 90-жылдары «Азат» қозғалысының жұмысына араласты. Құрылған күнінен бастап еліміз тәуелсіздік алғанға дейін барлық шараларына қатысқан. 2004 жылы құрылған «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының құрушылардың  бірі және қозғалыстың төрағасының бірінші орынбасары болды. Ақпарат құралдарында тіл, ұлттық сананы құлдық санадан арылту, ашаршылық, геноцид мәселелерін үзбей қозғап келеді. «Құрмет» орденімен марапатталған.

ЕРҒАЛИ Серік Әбдірешұлы

1961 жылы 16 маусымда Актөбе облысында туған. Математик-мұғалім, заңгер мамандықтарын алған. Педагогика және психология магистрі. Публицист.Этнолог. 1989 жылы «Жем» антиядролық тобын құрып, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Ақтөбе облысы бойынша өкілі болды. 1990 жылы 24 каңтарда «Алдаспан» пікірталас клубын құрды, клуб сол жылғы қазан айында қоғамдык-саяси-рухани бірлестікке айналды. 1991 жылы 6 сәуірден бастап Қазақстаннын азаматтық «Азат» қозғалысының Батыс (алты облыс кірген) аймак бойынша үйлестірушісі, Орталық үйлестіру кеңесінің мүшесі. «Азат» қозғалысының Ақтөбе, Қызылорда, Орал, Торғай, Атырау облыстарындағы бөлімдерін құруға атсалысты.

1991 жылғы тамыздағы Семей полиғонының жабуын талап еткен «Азат» қозғалысының Семейдегі апталық шарасына, 1991 жылғы қыркүйектегі Орал көтерілісіне басшылық жасағандардың қатарында болды. 1993 жылғы Кеңкияқ кентіндегі болған мұнайшылар ереуіліне дем беріп, оның нәтижелі болуына атсалысты. 1990-1992 жылдар аралығында жоғарыда аталған ұйымдардың қызметі ауқымында ұйымдастырылған түрлі қоғамдық-саяси шаралардың басы қасында болды. 1993 жылы «Азат» қозғлысының бастамасымен құрылған «Отау» құрылыс-әлеуметтік кешенін құрып, баспанасыздар мәселесімен айналысты. 1992 жылы «Көсеге қайтсе көгерер?» атты сериялық мақалалар аясында ел астанасын Алматыдан орталық аймаққа көшіріп, облыстарды жойып, елдің әкімшілік-бөлініс құрылымын өзгертуді ұсынды.

ЕРШЕНБАЙҰЛЫ Жаңбырбай

Жаңбырбай Ершенбайұлы 1953 жылы сәір айының 20-сыншы жұлдызы күні Түркмен ССР-ы, Мары облысы, Мұрғап ауданы, Гоктепе елді мекенінде дүниеге келді.

1960-1967 жылдары Мары облысы Түркменқала аудандық оқу бөліміне қарасты № 20 қазақ бастауыш мектебінде оқыды. Осы кезде комсомол қатарына өтіп, ауылдағы комсомол ұйымының хатшысы, аудандық комсомол комитетінің мүшесі болды.

1968 жылы Жаңбырбайдың аке-шешешесі ата қонысы – Қазақ республикасындағы, Маңғыстау облысының Жетібай елді мекеніне көшіп келді. Орта білімді Жетібай кентіндегі № 3 мектебінен дәріс алып бітірді. Осы кезеңде мектептегі көркемөнер үйірмесіне және мектептегі қабырға газетін шығару жұмыстарына белсене араласты. Осы жылдары Жаңаөзен қалалық, Ералиев, Маңғыстау аудандық газеттері беттерінде шағын өлеңдері жарияланып тұрды.

1970-1972 жылдары Түркменстанда өзі дәріс алған мектепте бастауыш класқа сабақ беріп, оқытушылық қызметін атқарды.  1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Беларус республикасының астанасы Минскі қаласында қызмет етті. 1974-1976 жылдары Түрменстанның Керкі ауданында дүкен меңгерушісі, жинақ банкі меңгерушісі болып жұмыстар жасады. 1976-1978 жылдары Ақтау қаласындағы Каспийаймақтық құрылыс басқармасында механизатор болып жасады.

1978-2001 жылдары «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігіне қарасты «Қаламқасмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасында, «Нефтепромхим» аймақтық өндірістік түрлі инженерлік қызметтер, Мұнайлы аудандық халықтық бақылау комитетінде – комитет төрағасының орынбасары, инспектор, «Қаражамбасмұнай» акционерлік қоғамының эколгия бөлімінде қызметтер атқарды.

Жаңбырбай Ершімбайұлы 1989 жылдан «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының мүшесі.  1991-1993 жылдары «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесі төрағасы Мұхамбетов Қанаттың орынбасары болды. Осы жылдары Жаңаөзен қалалық партия комитетіне қарсы наразылық ұйымдастырып, аштық жариялаған Жаңаөзен қалалық «Парасат» қоғамы белсенділерінің жұмыстарына басшылық етті. Мәселенің ұшығып кетпеуіне, Партия Орталық Комитетінен жауапты өкілдер келіп, ақ-қарасын анықтап, әділ шешім шығаруына өз үлесін қосты. Қәзірде «Парасат» қозғалысының саяси жұмыстарына белсене араласып тұрады.

Жаңбырбай Ершімбайұлы 2008 жылдан бер «Catkaz» ЖШС-нде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі менеджер қызметін атқарып келеді.

Қазір Ақтау қаласында тұрады. Отбасында жұбайы, ұл-қызы бар бір жанұяның азаматы.

ЕСЕНӘЛИЕВ Михаил Иванович (1928-1999)

(Хәкім Тілегенгенұлы)

1928 жылы 15 қыркүйекте Ресей, Саратов облысы, Питер ауданы, Питерск селосында дүниеге келген. Саратов зангерлік мектебін, БЛКЖО ОК қүзырындағы комсомол мектебін, КОКП ОК Қоғамдық ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. Дипломат. Заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.      1981-1989 жылдары ҚазКСР-дің Сыртқы істер министрі болды. 1991-1992 жылдары Қазақстанның Азаматтық «Азат» қозғалысының төрағасы. 1992-1994 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің VII, VIII, IX, X, ХІ-шы шақырылған кеңестерінің депутаты. КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасынын жарлығымен «І-дәрежелі төтенше және өкілетті өкіл» атағы берілген. ББҰ Бас ассамблеясының 31 және 37-сессияларына қатысқан. Саяси тақырыпқа жазған мақалалардың саны - 200-ге жуық. Олар Қазақстанның, бұрынғы одақтас республикалардың бірнешеуінің, Қытайдың, Үндістанның, Чехословакияның газет-журналдарында жарияланған. «За сильных духом», «Небоскреб на 0 Ікт-Ривер», «Размышления вслух», «На грани... эпох», «Записки дипломата», «Штрихи к портретам», «Ақиқатын айтқанда» атты кітаптардың авторы.

ЕСМҰРЗАЕВ Аманғос Көкшебайұлы   (1957-1997)

1957 жылы 21 наурызда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, «Қарашоқат» стансасында туған.

Аманғосты №64 мектептің ұжымы 1990 жылы баламалы сайлауда көпшілік дауыспен директор етіп сайлайды. Сол кездерде елімізде қылаң бере бастаған тәуелсіздік толқындары басталған кезде Аманғос қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әуелі Арал теңізін қорғауды мақсат еткен «Тамшы» қозғалысының жұмысына белсене араласса, артынша «Азат» ұйымын құруға үлес қосты. Сол кезде атымен де, абырой атағымен де дүркіреген Арал, Сексеуіл елді мекендеріндегі «Азаттың» атын шығарған Аманғос Есмұрзаев еді. 1993 жылы тамызда Сексеуіл қалашығында депо жүмысшылары алты ай бойы жалақы ала алмай, әуелі бірнеше сағатқа пойыз тоқтатып, артынша алты адам аштық жариялағанда осы акцияның басы-қасында болып, оны ерекше тәртіптілік жағдайда басқарған Аманғос еді. Аманғостың аты, атағы, абыройы аудан, тіпті облыс көлемінде ерекше болды. 1994 жылы өткен облыстық мәслихат сайлауында Аманғостың абыройының биіктігі соншама - онымен сайлауға қатар түсуге ешкім бата алмады. Облыстық мәслихатқа депутат болған А. Есмұрзаев «Аманат» тобын құрып, оның белсенді мүшесі болды.

ЖАЙЛЫБАЙ Естай Жұмағазыұлы

1955 жылы 11- ші желтоқсанда Ақтөбе облысы, Октябрь ауданы, Покровка ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында орта мектепті бітіріп, «Ақжар» совхозында жұмысшы болып еңбек етті. Байғанин училищесінде тракторист - машинист мамандығы бойынша оқыды. 1974 - 1977 жылдары əскери - теңіз флоты қатарында əскери борышын атқарды. 1978 - 1983 жылдары Абай атындағы КАЗПИ -дің тарих факультетінде оқып, тарих, қоғамтану жəне право мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді. Одан кейінгі атқарған қызметтері: Институт оқытушысы, Ақтөбе кооператив техникумы мұғалімі, облыс əкімі орынбасарының көмекшісі, Ақтөбе облыстық тіл басқармасының бастығы, облыс əкімдігінің ішкі саясат жəне əлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Ақтөбе байланыс жəне электротехника колледжінің директоры. 2012 жылдан бері жұмыста жоқ. Қоғамдық қызметтері: 1989 жылы - облыстық «Қазақ тілі» қоғамының басқарма мүшесі; Облыстағы антиядролық «Жем» қозғалысының мүшесі; «Алдаспан» қозғалысының тең төрағасы; «АЗАТ» қозғалысының Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы. Осы қозғалыстардың еліміздің тəуелсіздігі мен қазақы болмысқа көшу мəселелері бойынша өткізген барлық шараларына белсене ат салысты. Орал оқиғасына қатысушы белсенділердің бірі жəне казак əскери жасақтарына қарсы тосқауылға тұрған 113 азаматтың бірі. Жер Кодексіне өзгерістер енгізу туралы мəселе туындаған кезде, ол өзгерістердің жүзеге аспауына қызмет жасады. Ақтөбе облыстық жер комиссиясының мүшесі ретінде республикалық комиссияға жер шетелдіктерге сатылмауы жəне арендаға берілмеуі жөнінде ұсынысты облыстық комиссия атынан жолдауға түрткі болды . Облыстық ономастика , азаматтық келісім т.б. комиссия мүшесі ретінде жер-су атауларын қалпына келтіру, көше аттарын өзгерту , мектеп жəне оқу орындарында қазақ тілінде оқыту мен тəрбиелеуді енгізу, ұлттық кадрларды басшылық қызметтерге тағайындау, шетелдегі қандастардың өз еліне оралуына жағдайлар жасау сияқты көптеген істердің басы - қасында жүрді. Қазір Ақтөбе қаласында тұрады.

ЖАРЫЛҚАҒАНОВ  Боранбай

1949 жылы 22 қарашада Алматы облысының Сарқанд ауданында өмірге келген. Жоғары білімді экономист, Теміртау жоғары техникалық оқу орнын бітірген (1975). 1990-1992 жылдары Қызылорда облыстық «Азат» қозғалысының тең төрағасы қызметін атқарды. 1991 жылы Қызылорда облысының № 129 Сырдария сайлау округінен депутаттыққа түскен КСРО халық депутаты Мұқтар Шахановтың сайлау штабын басқарды. «Азат» қозғалысының мүшелері осы сайлау науқанында ерен еңбек көрсетіп ақынның депутат болып сайлануына қол жеткізді.

Соңғы жылдары Астанада республикалық «Казавтодор» мемлекеттік кәсіпорнында  істеді. Қазір зейнеткерлікте. 

ЖӘКІБАЕВ Орынбай (- 2014)

Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданындағы «Бұлдырты» совхозында туып өскен. Қазақ Мемлекеттік университетінін журналистика факультетінің түлегі. Батыс Қазақстан облыстық, аудандық газеттерінде, облыстық телерадио комитетінде, кәсіподақтардың облыстық Советінде еңбек етті.

1991 жылғы қыркүйекте Жайық казактарының Оралда автономия құруды жоспарлап, Ресейлік атамандарымен той өткізбек болған кезде казачество сепаратистеріне қарсы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырушылар қатарында, жергілікті коммунистік партияның сатқындық саясатына қарсы саяси күреске белсене қатысты. Жасырын түрде «Азаттық үні» үнқағазын (листовка) шығарып, коммунистік диктатура жандайшаптарын саяси соққыға алды. Әсіресе «Жау жағадан алғанда...» деген мақаласы облыстық партия комитетінің органы «Орал өңірі» газетінің ұнамсыз ұстанымын барынша әшкереледі. Ол Республикада бірінші болып, қос тілді «Батыс (Западный) Қазақстан» тәуелсіз газетін ресми түрде тіркетіп, ұлтаралык татулықты ушықтырмау үшін көп күш жұмсады. Советтік дәрменсіз кәсіподаққа балама - тәуелсіз кәсіподақ құрып, бір жылда мүшелерінің санын 17 мыңға жеткізді.

О.Жәкібаев «Азат» қозғалысы мен Қазақстан республикашыл партиясының құрылтайының секретариаты құрамында оның саяси бағдарламасын жасауға тікелей катысты.

2004 жылы тамыз айында «Батыс Қазакстан облысы ардагер журналис- терінің бейүкіметтік ұйымын» құру құрылтайында басқарма төрағасы болып сайланды.

ЖҰМАҒҰЛОВ Уəлихан Дəулетұлы

1959 жылы маусым айының 6-шы жұлдызы күні Қызылорда обылысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінде темір жолшылар жанұясында дүниеге келген. 1990 жылы Сексеуіл кентінде темір жолшылар арасында «Жұмысшы қозғалысын» құрып, партократия мен бюрократияға қарсы күресіп, жұмысшылардың құқығын қорғауға ат салысты. Сол 1990-шы жылы Сəбетқазы Ақатаев, Батырхан Дəрімбетов, Сағат Жүсіповтің ұсыныстары бойынша, Аралдағы «Тамшы» қоғамының қайраткерлерімен біріге отырып, Сексеуіл кентінен, Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының Арал аудандық бөлімшесін ашуға құрылтай шақырылды. Сол құрылтайға Алматыдан Сəбетқазы Ақатаев, Жағда Бабалақұлы, Қызылордадан Сағат Жүсіпов, Ақтөбе обылысынан басқа да жігіттер келіп қатысып, сол құрылтайда Арал аудандық Қазақстанның «Азат» қозғалысының төрағасы болып  сайланды. Арал қаласынан тең төраға болып Аманғос Есмұрзаев жəне Сексеуіл кентінде Зинулла Əлядинов, Серік Арыстановтар сайланды. 1992 жылы Арал ауданы орталығында Арал теңізінің «Барсакелмес» аралындағы бактериалогиялық зертханасын жабуға акция ұйымдастырылып, Митинг өткізіліп, зертхана жаптырылды. 1992 жылы «Азат» қозғалысы атынан Семей полигонын жабуға, Семейде, Курчатов қаласында болған іс-шараларға бір кісідей қатыстық. Бұл  шараға темір жолшылар, тепловоз машинистері Жүсіпов. Ə,     М. Алімбетов жəне халық депутаты С. Арыстановтарды ертіп  акцияға белсене қатысты. Семей қаласындағы өткізілген үлкен митингіде сөз алып, өз ойымды халықтың атынан жеткізді.  Орал казактарына қарсы шеруге қызылордалық азаматтарды қосып жəне талап орындалғанша темір жолшылар толқып, Республика көлемінде үлкен резонанс туғызуға қатысты. 1993 жылы ел халқымен, жұмысшылармен санаспаған бюрократия мен партократияға қарсы жұмысшылар наразылығы өткізілді.  Сексеуіл бекетінде жүк жəне жолаушылар қозғалысының темір жолы бөгелді. Тек басшылықтың алдына қойылған талаптар орындалғаннан кейін, темір жол ырғақты жұмысы қалпына келтірілді.

Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының Арал аудандық бөлімшесі азаматтарын, Қазақстан темір жол басқармасы сотқа беріп, жазаға тартуды жəне келтірілген материалдық шығынды өтеуін талап етті. Дегенмен үш бірдей халық қалаулылары жəне бес темір жол жұмысшылары аштық жариялап, облыстық сот үкімін бұздырып, темір жол басшыларын прокурорлық назарға алынуын талап етіп, талаптарын орындатты. Осы іс-шараларды өткізуге Республика көлемінде Алматыдан Сəбетқазы Ақатаев, Батырхан Дəрімбетов, Михайл Есеналиев, Марат Шорманов жəне Қызылорда облысынан Сексеуіл кентіне келіп Сағат Жүсіпов тікелей басшылық жасады. 1994 жылы Советтік кеңестер тарап, Қазақстан Республикасында əкімдер тағайындала бастағанда, «Азат» қозғалысы жанынан құрылған  Республикалық партиясының атынан У.Жұмағұлов Сексеуіл кентінің бірінші əкімі болып тағайындалды. Содан 1997 жылға дейін қызмет атқарып, кəзіргі таңда Шымкент қаласында, Қазақстан темір жолына еңбегі сінген темір жолшы болып 40 жылдан аса адал қызмет атқарып келеді.

ЖҰМАТОВ Оразбай (10.07.1952 - 28.04.2000)

Тәуелсіздіктің Ақтөбе өңірінен шыққан алғашқы қарлығаштарының бірі Жұматов Оразбай  1952 жылы 10 шілдеде Ойыл ауданы Жетікөл кеңшарында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

1990 жылы заманның өзгеріп жатқан қарбалас шағында Оразбайдың «Алдаспан» қоғамдық бірлестігінде, одан кейін «Азат» қозғалысының бел ортасында жүрген кездері өтті. Оразбайдың газеттердің макетін жасау қабілеті ерекше болатын. Сол жылдары ол ұлтшыл сипаттағы «Тілтағдыр», «Алдаспан», «Үркер» және т.б. газеттер шығарды.

Ақтөбедегі №21, №34, №32, қазақ орта және №38 орталау мектептерінің қазақ мектебі болып ашылуына, облыстық драма театрының қазақ труппасының да ашылуына «Азат» қозғалысының белсенділерімен бірге қосқан үлесі зор еді. Үй жағалап, қала қазақтарының балаларын қазақ мектебіне беруге үгіттеп, қол жинауға ерекше кірісті. Қазіргі №21 «Кәусар бұлақ» бала-бақшасының қиын жағдайда жабылып қалмауына ықпалын тигізгендер де осы азаматтар еді.

1991 жылғы Оралда орын алған оқиғаға «Азат» қозғалысының мүшелерімен бірге белсене атсалысты.  Ол өз білігі мен білімін өмірінің соңына дейін ұлтына арнаумен болды.

    ЖҮСІП  Нұрбай  

1955 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінде дүниеге келген.  Жоғары білімді, Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Саяси белсенділігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін біліне бастаған. 1987 жылы мамыр айында Қамыстыбас ауылында «Саяси клуб» ұйымын құрып ұлттық мәселелерді  талқылаудың ұйтқысы болған. 1989 жылы Қамыстыбас ауылында «Қазақ тілі» ұйымын құрып оның жергілікті тобының төрағасы болған. 1990 жылы Қызылорда облысында «Азат» қозғалысы құрылған кезде Қамыстыбас, Сексеуіл кенттерінде және Арал қаласында «Азаттың» бастауыш ұйымын құру мақсатында бастамашыл топтарды құрғандардың бірі.

Қызылорда облысында «Азат» қозғалысының алғашқы бастауыш ұйымын Қамыстыбас ауылында алғаш ұйымдастырған азамат.  Содан кейін «Азаттың»  бастауыш ұйымдарын  Сексеуіл кентінде және Арал қаласында ұйымдасуына ат салысты.   Облыстық  «Азаттың» белсенділері, кейін облыстық мәслихаттың депутаты болған Аманқос Есмұрзаев, Сексеуіл кентінің әкімі болып сайланған  азаттық белсенді Уәлихан Жұмағұлов, Әли Жайлау сияқты азаматтармен қоян-қолтық араласып жұмыс атқарудың нәтижесінде аудан, облыс көлемінде саяси белсенділігі мен шеберлігін көтеріп «Азаттың» атынан екі рет аудандық мәслихаттың депутаты  (бірінші рет -2004-2009 жылдары, 2-і рет 2012 жылы) болып сайланды. 2001 жылы әуелі «Арал ақиқаты» деген тәуелсіз газет шығаруды қолға алды. Екі жылдан кейін қаржы тапшылығына кезігіп бұл басылымды шығаруды тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл қиыншылыққа мойымаған азамат 2003 жылынан бері аудандық «Үмітті Арал» газетін шығарып келеді. Бұл газетті таралымы көп болмаса да (2000 шамасында) аудан көлеміндегі шындық пен әділеттікті  іздеген қарапайым азаматтардың газеті деп атайды.

2011 жылы шыққан («Үш қиян», Алматы)  «Асылдан туар асылдар немесе ұлттық рухты ояту» атты кітаптың авторы.

ЖҮСІП Сағат Есмаханұлы

1944 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Бірқазан ауылында дүниеге келген. Алматы ауылшаруашылық институтын бітірген. Көп жылдар облыс көлемінде ауыл шаруашылық, жобалау-зерттеу, кәсіподақ саласында жүмыс істеген.

1899 жылдан бастап қоғамдык жұмыспен айналысып келеді. Атап айтқанда демократиялық ағарту, сайлау, адам құкықтары, журналистика, тарих мәселелерімен айналысады. Қызылорда облысында «Қазақ тілі», «Азат» қозғалысы, ҚРХП ұйымдарының, «Демократияны тарату орталығының» жетекшісі болды. 1990 жылдан бастап Қызылорда облысында «Азат» қозғалысының ұйымдастырушысы, төрағасы болған. Ұйым тарап кеткенше басшысы болған.1998-2003 жылдары Қазақстанның Республикалык Халық партиясының облыстағы ұйымдастырушысы, төрағасы болды.

Саяси кызметі үшін бірнеше рет сотталды. ЕҚЫҰ атынан бірнеше рет шет елдердегі халықаралық сайлауларға байқау миссиямен қатысты. «Ерікті сайлау дегеніміз не?», «Демократияның 25 сабағы», «Азат пен аманат» т.б. кітаптардың авторы.

КЕНЕБАЙ Жұмаш Айтжұманұлы

05.06.1950 жылы Шығыс Түркістанның Шағантоғай ауданы Қарабура елді мекенінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін (1976ж.), тележурналистер дайындайтын Мәскеудегі КСРО жоғары мектебін (1983 ж) бітірген.

Жұмаш Кенебай Желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Ол туралы шындықты тұңғыш рет сол кездегі Алманияның Мюнхен қаласындағы шетелдік «Азаттық» радиосына 1987 жылы хабарлаған және Желтоқсан шындығы туралы Қазақстанда алғашқылардын бірі болып, «Зобалаң» атты дастан жазып, ол 1990 жылы «Азат» газетінде басылды. Сотталған Желтоқсандықтарды босатуға мұрындық болды.

Алматы қаласындағы алғашқы қазақ мектептері мен балабақшаларының ашылуына, «Азат» қозғалысының құрылуына, «Азат» атты газеттің шығуына белсене араласты. Жұмаш Көкбөрі деген лақап атпен 100-ден астам өзекті де өткір мақалалар жазып, өз елімізде және шетелдерде кенінен танылады.

КӨКЕН Азат Абақұлы

1963 жылы 20 мамырда Алматы (бұрынғы Талдықорған) облысы, Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген. Мамандығы - энергетик. 1986 желтоқсанда Айнабұлақ шағын ауданында болған митингіге катысты. 1987 жылы Алматы Энерго құрылыс техникумын бітірген. 1990 жылы «Азат» қозғалысының құрылтайына қатысып, сол жылдан қозғалыс мүшесі болды. «Азат» қозғалысының өткізген барлык акциялары мен митингілеріне қатысқан. «Азат» қозғалысының Алматы қалалық үйлестіру кеңесі мүшесі. 1991 жылы қыркүйекті Орал окиғасына катысты. 1992 жылы қаңтар айында Қазақстан Ұлттық Өркендеу «Жаңғыру» Орталығының құрылтайына қатысып, сол Орталықтың мүшесі болды. 1992 жылы 9 мамырда Ф.Э.Дзержинский ескерткішін құлату акциясына қатысты. 1992 жылы сәуір айында «Азат» қозғалысының ұйымдастыруымен «Таулы Қарабах» жорығына катысты. 1992 жылы маусым айында «Азат» қозғалысы ұйымдастырған 6 күндік қарсылық акциясына катысты. 1992 жылы саяси көзқарасы үшін жауапқа тартылып, түрмеге жабылды.

1999-2002 жылдары жерді жеке меншікке беруге қарсылық акцияларына қатысты. «Азат» газетінде «Жерді сатуға болмайды», «Біз неге аштық жа- рияладық» деген мақалалары жарык көрді. 2001 жылы желтоқсан айында Өзбекстан мен даулы жер «Бағыс» акциясына катысты. 2006 жылы Маловодное елді мекеніндегі қазақ-ұйғыр қақтығысы және Қазаткомда болған қазак-шешен қақтығысы кезінде бейбіт жолмен шешуге атсалысты.

КӨШІМ Досмахамбет (Дос) Қалмаханұлы

1955 жылы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Мамандығы - филолог, 1981 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМҰУ бітірген. Республикада алғаш рет (1988) «Ана тілі» қоғамы құрушының бірі. 1990 жылы Қазақ еліндегі ең алғашқы саяси партия - Қазақ социал-демократиялых партиясын ұйымдастырушылардың бірі және сол партияның алғашқыда тең төрағасы, кейін төрағасы қызметін атқарды (1990-1994). 1991 жылы азаматтық «Азат» қозғалысы төрағасының орынбасары, Кеңес одағының демократиялык конгресінің тең төрағаларының бірі болып сайланады. 1996 жылы «Демократияны қазак тшінде окытып үйрету және тарату» орталығын құрады. 1998 жылы республикалық «Әділ сайлау жолында» қозғалысын ұйымдастырушыларды бірі ретінде жауапқа тартылады. 1999-2005 жылдар аралығында «Тәуелсіз бақылаушыларлың рсспубликалық жүйесі» қоғамдык бірлестігін құрушы жэне сол ұйымның президенті кызметін атқарады. 2005 жыли үлтшылдардың республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысын үйымдастырушылардың бірі жэне бүгінге дей сол бірлестіктің төрағасы.

Кеңес Одағындағы, Алматы қаласындағы жиындар мен шерулерді ұйымдастыруға араласқан. 1992 жылы «Азат» қозғалысы ұйымдастырған «күндік пикетті ұйымдастырушылардың бірі. 2001жылы Өзбекстанға қазақ жерін бермеу үшін ұйымдастырылған «Бағыс» митингісіне қатысушы. «Шаңыракка тірек» қоғамдык комитетінің төрағасы. Демократиялық, ұлттык бағытта АҚШ, Германия, Түркия. Филиппин, Польша, Израиль т.б. елдердегі жиындар мен конференцияларда қазак елінің саяси-қоғамдық жағдайы туралы баяндамалар жасайды.

КҮЗЕКБАЙ Ерлан Файзуллаұлы

1961 жылы 26 маусымда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Өркендеу ауылында туған. Орта мектепті 1978 жылы осы аймақтағы Қаражал қаласында бітірді. Еңбек жолын «Батыс Қаражал» кен шахтасында жұмысшы болып бастады. 1980-1985 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқып, Көкшетау облысына жолдамамен қызметке жіберіледі. Арықбалық ауданындағы Әлжан орта мектебінде мұғалім, сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі меңгеруші болып ұстаздық жолдан өтті. 1986 жылдың ортасынан бастап облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде тілші, 1989-91 жж. облыстық телерадио комитетінде редактор болып қызметтер атқарды. Ел басына күн туып, қайта құру заманы басталсымен-ақ  Көкшетауда қазақ үшін, қазақ тілі үшін күрес жолына түсіп, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары болды. 1993 жылы  Көкшетау облыстық әкімдігі жанындағы Тіл және ұлт саясаты басқармасының бөлім бастығы, бастықтың орынбасары лауазымдарын атқарды.

1997 жылы мамырда Көкшетау облысының таратылуына байланысты күзде Ақмола қаласына қоныс аударды. Осы кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік және орталық органдарды Ақмола қаласына көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының консультанты, 1998-2012 жж. аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, сауда және минералды ресурстар министрлігінің бас сарапшысы, ҚР Үкіметінің (Премьер-Министр Кеңсесі) Үкіметтік редакциясының жауапты редакторы, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, ҚР Үкіметінің жанындағы Ономастика және терминология комиссияларының үйлестіруші-хатшысы лауазымындағы қызметтерді атқарды. Қазіргі кезде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасында аға менеджер болып қызмет істеп келеді.

1991 жылғы ақпанда Көкшетау облысына (Бурабайға) «Азат» қозғалысын құрушылар Михайл Есеналиев, Батырхан Дәрімбетов, Марат Шорманов арнайы сапармен келді. Елім, жерім деген намысты қазақ жігіттері мен қыздарын жинап, олармен кездесулер ұйымдастыруға атсалысты. Бұдан соң қозғалыстың облыстық филиалын құруға атсалысып, ел болудың мақсаттары үшін жұмыстар атқарды. Республикалық «Азат» қозғалысының Көкшетау облысындағы филиалының төрағасы етіп Жанат Жақыпсейтұлы Қасымов, оның орынбасары Қажыбай Қабылов сайланды. Е. Күзекбай төрағаның қосалқы құрметті орынбасарларының бірі болды. Сонымен қатар осы жылдары «Азат» қозғалысы атынан 1994 жылы алғашқы шақырылған демократиялық сайлауға түсіп, Көкшетау облыстық мәслихатының депутаты атанды, осы лауазымдарда 1997 жылы Көкшетау облысын таратқанша еңбек етті.

Е. Күзекбай басқа ұлттары басым болып келген Көкшетау облысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейінгі жағдайлардан соң ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруға белсене кірісті. 1989 жылы құрылған «Қазақ тілі» қоғамының ықпалымен облыстағы қалалар мен аудандарды, ауыл-елді аралап жүріп, «Қазақ тілі» қоғамының, одан кейін «Азат» қозғалысының бастауыш ұйымдарын құру, қазақ мектептері мен сыныптарын, бала бақшалар ашу, ұлттық рухани құндылықтарымызды дамыту, елді-мекендердің, көшелердің, басқа да объектілердің атауларын қазақшаға өзгерту мақсатында жұмыстар жүргізді.  «Азат» қозғалысының құрылып, оның бүкілқазақтық қоғамдық-саяси рөлінің күшеюіне байланысты жергілікті мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп, ұлттық мақсаттар үшін ауқымды іс-шаралар жүргізді. 1991 жылдың қыркүйек айында Алматыға барып, егемендік үшін алаңға жиналған азаткерлер арасында 2-3 күн қатысып, «Азат» басшыларымен кездескен. Сәбетқазы Ақатаймен хат жазысып, телефон арқылы сөйлесіп тұрды. «Азат» газетін облыста таратуға, жаздыртуға үлес қосты. Сондай-ақ араб тілінде білімі бар маман ретінде 1989 жылдан бастап араб тілі, ислам шарттары, құран оқып, жаза білу, араб қаріпіндегі қазақша жәдит жазуын үйрету бойынша курстар ашып жүргізді. Облыстағы елді мекендерде мешіттер ашу, ислам құндылықтарын игеру мақсатындағы жұмыстарға ұйытқы болды.

1992 жылы мамыр айының (2-3-4) басында Көкшетауда Сібір және Солтүстік Қазақстан казактары кругінің өтуіне қарсы тойтарыс берілді. Көкшетау және оның айналасындағы қазақ бауырларға мәлімдеме жасап, үш-төрт мыңға жуық жігіттер алаңда тұрып, круг өтетін жерді қоршап алды, ақыры соңында казактарды автобустармен полиция мен әскерилер қорғаштап, сонау келген жақтарына қарай алып кетті. Осы істердің басы-қасында ұйымдастырушылық танытып, белсене күресті. Одан соң осы жылы 1992 жылдың жазында (маусым) Петропавл қаласындағы осы сияқты казактар кругін өткізуге тойтарыс беру үшін оңтүстік өлкеден арнайы Алматы-Петропавл пойызымен тұтас эшалон болып келген азаткерлерге қолдау көрсету үшін көліктер жалдап барып, бірқатар жігіттермен бірге Қызылжардағы алаңда болды. Оның соңы казактар кругін өткізбей, оларды сонау Қорған қаласына дейін апарып тастауымен аяқталған еді.

Сонымен қатар «Азат» қозғалысы атынан сайланған Көкшетау облыстық мәслихатының депутаты ретінде де халықтың әлеуметтік, білім, қоғамдық-саяси мәселелерімен айналысып, мәслихат деңгейінде облыс әкімімен де ел игілігі жолында жұмыстар атқарды.

КҮМІСБЕК Аманқұл Күмісбекұлы

1944 жылы 6 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданынын Қаратас (қазіргі Елтай) ауылында туған. Білімі жоғары, мамандығы - инженер-механик. 1968 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. 1989-1992 жылдары «Қазақстан тәуелсіз жастар одағы» мен «Алаш» ұлт-азаттык партиясының саяси-қоғамдық, ұйымдық-құқықтық іс-әрекеттеріне қолдау көрсетеді. Сол әрекеттері үшін әрдайым ұлт мәселесін көтереді, қоғамға Конституцияны бұрмалап ұғындырады, компартиялық-кеңестік үкімет саясатын түсінбейді және оған қарсы деген «кінәлаумен» қызмет орындарында қудаланған, жұмысынан және КОКП қатарынан шығарылған.

«Азамат» ұйымының мүшесі (1990 жылы), адам құқығын қорғау жөніндегі «Алматы-Хельсинки-Париж» демократиялық комитетінің жауапты хатшысы (1991-1995 жж.). Қазақстан азаматтық «Азат» қозғалысының мүшесі ретінде оның жұмыстарына белсене араласты.  2005-2008   жылдары    Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының Оңтүстік Қазақстан филиалын басқарды.

ҚАБЫЛ-ФАЗЫЛ Қажыбай (1940-2016 жж.)

1940 жылы Көкшетау облысында туған. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1967). Философия ғылымдарының кандидаты, профессор, публицист-журналист.

1960-жылдардың ортасынан бастап Павлодар облыстық телевидениесінде, 1967 жылдан бері Көкшетау телестудиясының редакторы, алғаш рет қазақ тіліндегі хабарларды ұйымдастырушы болды. Кейін Көкшетау педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент болып, ғылыми әрі педагогтік жұмыстармен айналысты. 1990 жылдардан бастап Жанат Қасымов ұйымдастырған Көкшетау университетінің, кейін «Көкше» академиясының оқытушы профессоры болып өмірінің соңғы жылдарына дейін жұмыс істеді.

1991 жылғы ақпанда Көкшетау облысына (Бурабайға) «Азат» қозғалысын құрушылар Михайл Есеналиев, Батырхан Дәрімбетов, Марат Шорманов арнайы сапармен келіп, халықпен кездесу өткізді, бағдарламаларын таныстырды. Осы кездесуден соң ол 1991 жылы «Азат» қозғалысының облыстық филиалын құруда ерекше белсенділік танытты. «Азат» қозғалысының облыстық құрылтайын шақыруға зор үлес қосты. Алғашқы құрылтай жиынында Ж. Қасымов облыстық филиалдың төрағасы, ал Қ. Қабыл оның орынбасары болып бірауыздан сайланды. Ол облыстың аудандары мен қалаларында «Азаттың» бастауыш ұйымдарының  құрылуына күш салды. Бұдан соң маңызды мәселелерге орай жиындар өткізуге бастамалар жасап, ел мен жер, тәуелсіздік үшін келелі  мәселелер көтеріп отырды. «Азат» төрағасының атқарушы орынбасары ретінде негізгі жұмыстарды үйлестіруші болды.  «Азатқа» мүше болған, елім, жерім деген азаматтардың басын жиі қосып, тәуелсіздігіміздің толық орнауына, ұлттық мүдделеріміздің шешімін табуға, билікпен тиісті жұмыстар жүргізуге қатысты мәселелерді ұйымдастыра білді.

Алматыдағы Республикалық «Азаттың» орталық штабымен және басшыларымен үнемі байланыста болды. Ол жаққа жиі іссапарға шығып, ондағы жиналыстарға Қ. Қабыл қатысып келетін. Қозғалыстың «Азат» газетінің облыстағы меншікті тілшісі қызметін қоса атқарды. Оның сол кездегі публицистикалық мақалалары қоғамның шынайы бет-пердесін ашып, үлкен резонанстар туғызып отырды. «Азат» газетінің халық арасында таралуына, жазылуына жан-тәнімен жұмыстар жүргізді. «Азат» қайраткері С. Ерғали өзінің «Қазақ үні» газетіне берген сұхбатында (2010 жылғы 11 қазан) «...Ол кезде «Азат» шаруашылығын Марат Шорманов атқару комитетті басқару арқылы қуатты ұйымға жетелей бастаған. Мені Батыс аймаққа, Қажыбай Қабыловты Солтүстік аймаққа үйлестіруші етті. «Азат» газеті іркілместен шығып, Батырхан Дәрімбет оның бас редакторы болды. Сөйтіп шашыраған ұлттық әлеует бір ұйымға бірігіп, ықпалды саяси күшке айналды» деп жазады.

Қ. Қабыл кейін өзінің белсенді көрінуі арқасында «Азаттың» түрлі ұйымдық алмасулары барысында Республикалық «Азат» қозғалысы төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Ол орталықтағы істерімен қоса, солтүстік өңірдегі және Көкшетау облысындағы өзінің қоғамдық-саяси міндеттерін табандылықпен орындай білді.

Қажыбай Қабыл-Фазыл еліміздің тәуелсіздікке толық қол жеткізіп, ішкі- сыртқы саясатымызды орнықтырғаннан кейін «Азаттың» ыдырап, соңғы іс-қимылдарын жүргізгенше күресіп келді. Ол бұдан кейін де күресін тоқтатқан жоқ еді. Өзінің қарымды қаламымен өткір мақалаларын өмірінің соңына дейін басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырды.

«Азат» жолында өмірін арнаған Қажыбай Қабыл-Фазыл 2016 жылы               7 қазанда Көкшетау қаласында дүниеден өтті.

ҚАДЫРБАЙ Айсұлу

1950 жылы 21 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қоскөл деген жерінде дүниеге келген. Мамандығы - филолог, 1972 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген. Қазақ радиосының қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш меншікті тілшісі. Орал облысында осы қызметті атқара жүріп, 1987 жылы Орал қаласының орталығында алғашқы қазақ сыныбын, 1988 жылы «Шолпан» атты қазақ балабақшасын ашуға мұрындық болды.

1990 жылы халыкаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орал облыстық бөлімшесіне басшы болды. Айсұлу басшылық еткен бұл бөлімше ресейлік мартыновшылардың Орал казактарына Батыс аймақтан автономиялык республика құрып бермекші болған арандату әрекеттеріне қарсы 1991 жылдың қыркүйек айында «Азат» қозғалысымен бірлескен Бүкілреспуб- ликалық бейбіт наразылық акциясын басты ұйымдастырушылардьщ бірі болып, жаңаша отаршылдык жоспардын жүзеге асуына дер кезінде шешімді тойтарыс берді. Қадырбаеванын Орал оқиғасына саяси баға беруді талап етіп, он бір күн аштықта отыруы нәтижесінде президенттік арнайы комиссия құрылып, ол жемісті жұмыс істеді. Қорытындысында, «Патшалық Ресейге қызмет еткен Орал казак әскери күшінің 400 жылдығын тойлаймыз» деген топ, Орал жұртшылығының алдында өздерін айыпты сезініп, кішірейген мінез танытты. Оқиғаға бүкіл Қазақстан көлемінен қатысушы азаматтардың үстінен қозғалған қылмыстық іс те тоқтатылды. 90-жылдарда Айсұлу ханым Алматыда «Азат» қозғалысы басшыларының бірі, «Атажұрт» халық майданының жетекшісі ретінде жерді жекеменшікке беріп, сату саясатына қарсы дер кезінде көрегендікпен дабыл қағуымен көзге түсті.

ҚАЛИҒОЖИН Ермек Советханұлы

1965 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүниеге келген. Мамандығы - дәрігер, 1990 жылы Семей медицина институтын бітірген.

Шығыс Қазақстанда «Азат» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі. 1991-1993 жылдары Өскемен қалалық «Азат» қозғалысының төрағасы болды. «Азат» қозғалысының төрт құрылтайының делагаты, 1991-1993 жылдары осы қозғалыстың Орталық Кеңесінің мүшесі. 1991-1994 жылдары Өскемен қалалық «Қазақ тілі» қоғамының белсенді мүшесі болып, қазақ жастарының арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, тарихи, көне жер атауларын қайтару, білім ордаларында ұлттық құндылықтардың студент жастарды тәрбиелеудегі ықпалын арттыру жолында елеулі жұмыстар атқарған.

Өскемен қаласындағы 1991-1993 жылдардағы славян, орыс ұлтшыл ұйымдарының Желтоқсан көтерілісінің кұрбандарын сипаттаудағы теріс пийғылдарына байланысты қарсы шаралар, шеру және жиындар ұйымдастыруға қатысқан.

ҚАЛИЕВ Мақсұт Мәлікұлы

1947 жылы сәуір айында Павлодар каласында туған. Мектепті 1965 жылы бітірген. Білімі жоғары, мамандығы - инженер-механик. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі кезінде белсенділік көрсетіп, осы оқиғаға қатысқандарды қаралаған насихаттағандарға ашық қарсылық білдірді.

Павлодар облыстык партия комитетінің екінші хатшысы Шәкәрімовтың орнына желтоқсан оқиғасына қатысқандарды жазалаушылардын бірі - Мешеряковты қоюға қарсылық ұйымдастырып, оның қызметтен кетуіне байланысты ашық талаптар қойған әрекеттер жасады. Осы талаптардың орындалуына қол жеткізді. 1990 жылдың ақпан айында жергілікті ұлт патриоттарымен бірігіп, Павлодар қаласында «Қазақ тілі» қоғамын құрады. 1991 жылдың наурыз айында Павлодар облыстық Азат қозғалысының бірінші құрылтайын ұйымдастыруға атсалысып, облыстық азат қозғалысының үйлестіру кеңесіне мүше болып сайланды. Ол 1991 жылғы тамыз айында болған ГКЧП арандату істеріне қарсы митинг ұйымдастырып, демократияны қорғап қалуда белсенділік білдірді. Орал қаласындағы казактардың арандату шараларын тоқтатуға арнайы барып қатысқаны үшін қамауда болған. Ермакқа қойылған ескерткішті алып тастау жұмысына белсенді қатынасты.

ҚАНИ Арман

Қани Арман Бақтанұлы  1954 жылы, 22-ақпанда  Павлодар қаласында туған.

Арман – Жаяу Мұсаның жиеншары және Мәдидің аталас ағайынының ұрпағы. Арқаның екі бірдей күрескер ақын-композиторын өмірде де, өнерде де үлгі тұтқан.

Кеңестік кезеңде, жасөспірім шағында еліміздің егемендігін көксеген бір топ серігімен бірге «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйым құрып, соған жетекшілік еткен, отаршылдыққа қарсы өлеңдер жазған.  Ұйымды 1970 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті  әшкерелеген соң  «Ұлттық саясат мәселелеріндегі өрескел саяси-идеялық қателігі үшін» деген айыппен комсомол қатарынан шығарылған және оқу-үлгерім табеліне   тәртібі  – «3» деген баға қойылып,  №3 мектеп-интернаттан  да қуылған (Павлодар қалалық комсомол комитетінің жас ұландар ісіне байланысты 1970 жылдың сәуір айында өткізген  бюросының хаттамасы облыс мемлекеттік архивінде сақтаулы).  Сөйтіп, Арман кәмелет жасына жетпей «саяси сенімсіз» адамдар санатына жатқызылып, саяси қысымға ұшыраған: білім алу құқына қол сұғылып, баспасөз бостандығына шектеу қойылған. Соның салдарынан ұзақ жылдар бойы жұмысшы болып істеген. Сонда да мұрат-мүддесінен таймаған.

1986 жылы  Павлодарда бір топ серігімен Алматыдағы желтоқсаншыларға үн қосуға әрекеттенді, 1989-1990 жылдары «Невада-Семей», «Азат» қозғалыстарының, «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымдарын құруға атсалысып, қоғамдық-саяси істерге белсене араласты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының I Құрылтай съезіне (1989 жыл, 22 қыркүйек, Алматы) делегат  ретінде  қатысты.

Арман Қани орта мектепті де (1976 ж.), жоғары оқу орнын да (ПМУ-дың филология факультеті, 1995 ж.) өз құрбы-құрдастарынан көп кейін, сырттай оқып тамамдаған.

1991 жылдардан   бері БАҚ саласында журналистік қызмет атқаруда.  «Невада-Семей», «Азат» қозғалыстарының іс-әрекеттері жайында материалдар дайындап, жариялаған. 1992 жылғы наурызда Ермак ескерткішінің алынуы туралы жаңалықты облыстық радиодан өз даусымен хабарлаған, іле осы оқиғаға  байланысты өткізілген митингіден 40 минуттық радиорепортаж жасаған. Арманның ақындық, журналистік шығармаларында бодандық пен тәуелсіздік тақырыптары   кең орын алған.

Кеңестік кезеңде қоғамның өгей ұлы тәрізді күн кешкен Арман Қани қазіргі егемен елдің қадірменді азаматтарының бірі саналады   – бірнеше жыр жинақтың авторы, республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы, жүлдегері,  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Павлодар қаласының құрметті азаматы», «Баянауыл ауданының құрметті азаматы» атақтарының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың медальдарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы «Ертіс дидары» газетінің редакторы болып еңбек етеді.  Облыстың қоғамдық, саяси, мәдени, әдеби өміріне ақын, журналист, қоғам қайраткері ретінде белсене араласуда.

Зайыбы Бақыт екеуі екі қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан төрт жиен көріп отыр.

ҚАСЫМОВ Жанат Жақыпсейітұлы

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Физик-математик, ғылым докторы, профессор.

Көкшетау педагогикалық институтында оқытушы, доцент болды. Қайта құру заманында нарық қоғамына өту басталсымен-ақ қызметімен қоса жеке кәсіпкерлікпен айналысты. Жекеменшік оқу ұйымдарын құрды. «Көкше» орта білім беру орталығын (мектеп-гимназия-лицей), «Көкше» университетін (1993) құрып (кейін «Көкше академиясы) оның ректоры, президенті қызметін атқарды, жаңашылдықты алғаш игерген Көкшетаудағы іскер жігіттердің бірі. Сонымен қатар 1990 жылдардың басынан бері ұлттық құндылықтарды игеруге, рухани жаңаруға бастамалар жасады. Облыстық «Қазақ тілі» қоғамының басқарма мүшесі бола жүріп, 1991 жылы «Азат» қозғалысының облыстық филиалын құруда ерекше іскерлік танытты. Оның алдында 1991 жылғы ақпанда Көкшетау облысына (Бурабайға) «Азат» қозғалысын құрушылар Михайл Есеналиев, Батырхан Дәрімбетов, Марат Шорманов арнайы сапармен келіп кездесу ұйымдастырып, «Азаттың» бағдарламасымен таныстырған болатын. «Азат» қозғалысының облыстық құрылтайын шақырып, үлкен жиын өткізуге мұрындық жасады. Осы жиында Ж. Қасымов облыстық филиалдың төрағасы болып бірауыздан сайланды. Жігіттердің басын қосып, бағыт-бағдар көрсетті. Оның ғимараты (бұрынғы облыстық партия комитетінің саяси-ағарту үйі) мен кабинеті азаткерлердің орталық штабына айналды. Ж. Қасымовтың басшылығымен облыс аудандарында «Азаттың» бастауыш ұйымдары құрылды. Ол «Азат» ұйымдастырған іс-шаралар мен жұмыстардың қаржылық мәселелерін шешуге өзі жеке демеушілік жасап отырды. «Азаттың» бірқатар белсенді мүшелерін өзінің оқу орындарына жұмысқа тартып, еңбекақысын төлеу арқылы ынталандырып келді. Облыстағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси жұмыстарға ұлттық көзқарас тұрғысынан белсене кірісіп, қозғалыс мүшелерін осы істерге ұйымдастыра білді. 1994 жылы ақпанда 1-шақырылған Парламентке және жергілікті өкілді атқарушы органдарға алғашқы демократиялық сайлау барысында «Азаттың» облыстық филиалы атынан әрбір округке бірнеше кандидаттарды ұсынып, тіркеуге күш салды. Ж. Қасымов та Парламент депутаттығына ұсынылған болатын. Алайда, билік оны өткізуге мүмкіндік бермеді. Тек облыстық мәслихатқа бір депутатты ғана өткізуге мүмкіндік туды.

Ж. Қасымовтың және басқа да көкшетаулық азаматтардың (Нұрмұхамед Ахметовтің) бастамасымен Көкшетау өңірінде 1991 жылы Абылайханның туғанына 280 жылдығы, 1992 жылы Кенесары ханның 190 жылдығы республика көлемінде жоғары мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Көкшетауда және Қызылжарда 1992 жылы (мамырда және маусымда) Солтүстік Қазақстан және Сібір казактары кругін өткізуге жергілікті халықтың қарсылық танытуын ұйымдастырып, билікпен және казактардың өкілдерімен келіссөздер жүргізуге қатысты. Нәтижесінде казактар кругін өткізуге жол берілмеді.

Ж. Қасымов сондай-ақ Шоқанның атасы Уәлиханның жерленген жерін тауып, құлыптасын қалпына келтіруге және «Кенесары жолымен» экспедициясы жобасын қаржыландырып, басқа да шараларды ұйымдастыруға белсене араласты.

ҚИБАСОВ Мейрамбай Бисембайұлы

Қибасов Мейрамбай Бисембайұлы 1946 жылы мамыр айының 1 жұлдызы күні Түркменстан Республикасы Красноводск ауданына қарасты Қошоба ауылында дүниеге келді. 1964-67 жылдары Түркмен полттехникалық институты мұнай фокультетінің кәсіпорын мамандығы бойынша оқыған. Еңбек жолын 1967 жылы «Өзен» мұнай кәсіпшілігінде оператор болып бастады. 1967-1969 жылдары кеңес армиясы қатарында қызмет атқарды. 1969-1972 жылдары мұнай өндіріс саласында еңбек жолын жалғастырды.

Өзінің табиғи талантына байланысты еңбек жолында қызмет жасап жүріп Мейрамбай Бисембайұлы 1967 жылдан Ақтау қаласында шыққан «Огни Мангышлак» (Қазіргі «Огни Мангистау») газетінің штаттан тыс тілшісі болды. Кейін ол журналистік жұмысқа шақырылып, баспасөз қызметіне түпкілікті ауысты.1972 Өзен аудандық «Жаңарған Маңғыстау» газетінде қатардағы қызметкер, 1973  жылы жаңадан ашылған Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол» газетінің кіші әдеби қызметкері, әдеби қызметкері, аға әдеби қызметкері қызметтерін атқарды. 1990  жылы Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газетінің, 1994-1995 жылдары облыстық «Маңғыстау» газетінің бас редакторы болды. Қазір «Маңғыстау» газетінің шолушысы.

Мейрамбай Бисембайұлы облысқа, республикаға белгілі көрнеті жазушы және ақын. Ол бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік университетінің журналистика фокультетінің түлегі. 1975 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Оның «Аман бол, ата жұртым», «Өмір өрнектері», «Ар-екі, ұят-үш әріп» мақалалар, өлеңдер, публистикалар, новеллалар, этюдтер жинақтары республикалық баспадан жарық көрді. Қоғамға сіңірген еңбегі, жұмыста абыройлы қызметі үшін ол облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс Хатымен, «Маңғыстау облысының 35 жылдығы», «Жаңаөзен қаласының 40 жылдығы» төс белгілерімен марапатталды. Мейрамбай Бисембайұлы сонымен бірге елге танымалы айтыскер ақын. Аудандық, қалалық, облыстық ақындар айтысының және мүшәйраларының жүлдегері.

Қибасов Мейрамбай Бисембайұлы 1989 жылдан «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының мүшесі.

Мейрамбай Бисембайұлы «Парасат» қозғалысының құрылуына және облысымызда жария демократияның дамуына өзіндік үлесін қосқан саяси тұлға. «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының тұңғыш төрағасы Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың бастамаларын қолдап, кезінде «Жаңаөзен» газеті арқылы «Парасат» қозғалысының алғашқы жарғысы мен бағдарламасын жариялады. Осындай батыл қадамдарымен ол қоғамдық ұйымның көздеген мақсатының уақытында халыққа жетуіне зор үлесін қосты. «Маңғыстау» газетінің бас редакторы болған уақытта да ол басқарған газет беттерінде саяси әлеуметтік мәселелер төңірегінде батыл мақалалар мен ұсыныстар жарық көрді. Қазір де осы газет ұжымында елеулі еңбек жолымен көрінуде.

Мейрамбай Бисенбайұлын өлкемізден шыққан қаламгер үлкен талан иесі, өлкемізге, елімізге еңбегі сіңген абзал азамат, қоғам қайраткері. Ұл, қыз тәрбиелеп өсірген абзал әке, үлгілі отбасының отағасысы. Қазір ол Ақтау қаласында тұрады.

ҚОШТАЙҰЛЫ Майлыбай (1940-2008)

Майлыбай Қоштайұлы 1940 жылы желтоқсан айының 18 жұлдызында Жармыш ауылында (Алғабас колхозы) дүниеге келді. Әкесі Қоштай мен шешесі Бегейдің қызы Тәжік колхоз жұмысшысы болып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне өз үлестерін қосып, қоғамға адал еңбек еткен жандар.

Майлыбай отбасында екі ұл, екі қыз болып өсті. Мектеп табалдырығын 1950 жылы Қарақұмның Бұғабай орталығынан бастаған ол қалған оқу жылдарын Жармыш орта мектебінде аяқтады.

Майлыбай Қоштайұлы 1958 жылдың күзінен бастап, мал шаруашылығында жұмыс жасады. Ол шаруаның ыңғайына байланысты Құрық, Жыңғылды, Ұштаған, Қызан елді мекендері шаруашылығымен аралас-құралас отырып, мал бақты.

1961 жылы 24 қазанда оның отбасы Самға көшіп келді. Осы аймақты ол 8 жыл мекендеп, кейін 1969 жылы қыркүйек айында Жармышқа қайта көшіп келді.

Майлыбай Коштайұлы 1969 жылы Ақмола қаласындағы бір жылдық мамандық алу оқуын бітіріп келіп, ауылда 1970 жылдан бастап, құрлыс шебері болып жұмыс жасады. Ол өзінің саналы өмірін Жармыш шаруашылық ұжымының белсенді мүшесі болып өткізді. Ұжымшарда кадр бөлімінің меңгерушісі, аграном тағы басқа қызметтер атқарды. Ауылда алма өсіріп, бау-бақшаның өркендеуіне өз үлесін қосты. Ол қай қызметте болса да адал қызмет атқарып, өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарап, өзгеден соны талап етті. Өлкенің өркендеуіне қосқан еңбегі үшін ол ауыл, аудан, облыс басшыларының мақтау қағазы, алғыс хат, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Майлыбай Қоштайұлы ауыл, өлке шаруашылығындағы жетістіктер мен кемшіліктерді аудан, облыс, республикалық газеттер бетерінде мақала ретінде жариялап отыратын таланты журналист. Оның проблемалық сыни мақалалары аудан, ауыл шаруашылық жағдайының оңалуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының оң нәтижелерге бет бұруына әсерін тигізгені анық.

Майлыбай Қоштайұлы қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ауылдың мәдени-өнер саласының дамуына өз үлесін қосты. 1990 жылдан «Парасат» қозғалысының, 2003 жылдан «Ақжол» (кейін «Азат) партиясының мүшесі болды.

Майлыбай Қоштайұлы отбасында 6 бала 7 қыз дүниеге келді. Қайтыс болған 2 баласынан басқалары қазір өмірден өз орнын тауып, өмір сүріп жатыр.

Қоғамға өзіндік көзқарасы бар, аптал азамат 2008 жылы 4 қазан айында 68-ге қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

ҚИЛЫБАЕВА Айсырға

(1949 – 2012)

Айсырға Қилыбаева 1949 жылы 15 желтоқсанда Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр елді мекенінде дүниеге келіп, Бейнеу ауданындағы Сам өңірінде өскен. Ақтөбе мәдени-ағарту техникумын, қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген, мәдени ағарту қызметкері, ақын.

1969 жылы жаңадан құрылған «Сам» совхозында мәдениет үйінің меңгерушісі болып еңбек жолын бастайды. 1973 жылы Бейнеу аудандық мәдениет бөлімінің шақыруымен аудандық кітапхананың құрылуына байланыстықызмет ауыстырады. 1980 жылы Маңғыстау аудандық балалар кітапханасын басқарады. 1984-1986 жылдар аралығында Маңғыстау аудандық мұражайының іргетасын қалап, аудан еңбеккерлерінің құрметіне бөленген. 1987-1989 жылдары облыстық балалар кітапханасында, 1989-1993 жылдары облыс орталығындағы №11 орта мектепте библиограф болып қызмет істеді. 1994-1996 жылдары Маңғыстау облыстық Қазақ тілі қоғамының төрайымы міндетін атқарды.

А.Қилыбаева кәсіби қызметімен қатар қоғамдық қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен танымал. 1970-1973 жылдар аралығында «Сам» совхозында цехтық комсомол ұйымының хатшы қызметінде жүргенде науқандық жұмыстарға ауыл жастарын ұйымдастырып, алдыңғы қатарлы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бірнеше дипломдармен, грамоталармен марапатталған. 1970-1975 жылдары «Жаңа өмір» газетінің штаттан тыс тілшісі болып жүргенде «Қыз намысын ойласақ» деген айдар ашылып, осы айдардың тұрақты жүргізушісі болды. 1980-1985 жылдары Маңғыстау аудандық мәдениет қызметкерлері арасында әйелдер комитетінің төрайымы болып сайланды.

Айсыр 1989 жылдан «Парасат» қозғалысының белсенді мүшесі және оның тұңғыш төрағасы Сайын Шапағатовтың сенімді саяси серіктерінің бірі. Ол 1991 жылы 4 желтоқсан күні «Арман» клубында ұйымдастырылған қаралы жиында Сайын Нәдірұлы Шапағатовқа арнап арнайы қоштасу мұңын шығарып,  «жоқтау» айтқан тұлға.

1989-1992 жылдары «Парасат» қоғамы жанындағы «Тамшалы» әдебиет және өнер бірлестігінің жетекшісі болып, Сайын Шапағатовтың қолдауымен алғаш рет облыстық «Мұсылман әйелдері» сайысын ұйымдастырды. Республикаға белгілі таланттар, ақын Фариза Оңғарсынова, күйші – Мырзағұл Панаев, жыршы-термеші – Жақсылық Елеусінов, т.б. халық кездесулерін өткізді.

Ақын Айсырға Қилыбайқызы Маңғыстау өңірінің мәдени-ағарту, идеология саласында өзіндік орны бар талантты қаламгер. 2 рет коллективтік жинақтарға өлеңдері енді. 2004 жылы «Жыр дәурен» атты көлемді өлеңдер жинағы және 2009 жылы «Өткен күнде өрнек жоқ» атты өмірбаяндық еселік әңгімелері, очерктері мен мақалалары жарық көрді. Оның өлеңдері және мақалалары мен әңгімелері облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрды.

Айсырға Қилыбайқызы үш баланың анасы. Өмірінің ақырына дейін Ақтау қаласында тұрды. Талантты ақын, абзал ана Айсұлу Қилыбайқызы 2012 жылы қарашаның 25 жұлдызы күні киелі Қырықкез әулие қауымындағы әке-шешесінің қасына жерленді. Оның жарқын бейнесі оқырман халқының, ел азаматтары, шығармашылық қауым мен сяаси серіктерінің жадында мәңгі сақталады.

ҚОЖА АХМЕТ Хасен Кәрімжанұлы

1949 жылы тамыз айынын 9 күні Талдықорған облысы, Матай станциясында дүниеге келген. Мамандығы - музыка теориясының мұғалімі, журналист. Алматы мемлекеттік П.Чайковский атындағы музыкалық училищені және әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ бітірген.

1986 жылы Желтоксан окиғасына белсене қатысушы және ұйымдастырушылардың бірі деген айып тағылып, төрт жылға сотталды. 1989 жылы «Желтоқсан» қоғамдық комитетін құруға белсене қатысып, 1990-1994 жылдары осы комитетті басқарды. 1994 жылы АҚШ-тың Миннесота және Вашингтон қалаларында ресми жиындарға қатынасып сөз сөйледі. 1995 жылы Брюссель қаласында өткен Қазақстандағы ұлтаралық жағдай тақырыбындағы конференнияға қатысты.

2005 жылы «Ұлт тағдыры» қозғалысын құруға атсалысып, оның бірінші құрылтайында қозғалыс төрағасының орынбасары болып сайланды. Сонымен қатар, 1993 жылдан «Азат» қозғалысының, 2007 жылдан «Жер мәселесін шешу» халыктық қозғалысының төрағасы қызметтерін атқарды.

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт Орынбекұлы

1945 жылы 20 карашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында (кәзіргі Саудакент ауылы) қызметкер отбасында дүниеге келген. 1968 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтында инженер-механик мамандығын алған. 2002 жылы диссертация қорғаған, тарих ғылымдарының кандидаты.

Бекем өмір ұстанымы нэтижесінде - 1986 жылы 25 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы аппаратының партия жиналысында 17-18 желтоқсан оқиғаларының шын сырын ашып сөз сөйлеп, партиялық және әкімшілік тұрғыдан жазаланды.

Қайта құру жылдары тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында қалам тербеді. Жиырма шақты роман, повесть, әңгіме, публицистика жинақтарының авторы. Бүкілодақтық «Мемориал» қозғалысын қазақ топырағында өрістетуге қатысып (1988), соның негізінде | Қазақстанның ерікті «Әділет» тарихи-ағарту қоғамын (1989) ұйымдастырушылар сапында жүрді. «Азат»,| «Ұлт тағдыры» қозғалыстарын құруға катысты, ұйымға төраға орынбасары болып сайланды, басқа да үкіметтік емес ұлттық ұйымдардың «Ел қорғаны», «Аллажар - қолдау қоры», «Рух», «Таным» клубтары, «Күретамыр» іс-шараларына атсалысып келеді.

ҚОНДЫКЕРОВА Светлана Қабидоллақызы

1947 жылы 29 мамырда Алтай өлкесі (Ресей), Славгород қаласында туған.

1990-1994 жылдары Павлодар облысында «Азат» қозғалысын құрып, оған жетекшілік жасады. Осы жылдары «Азат» қозғалысы тәуелсіз казақ елінде демократиялық қоғам құру жолында облыста елеулі қызмет атқарды. Осы қозғалыстың жетекшісі Светлана  Қабидоллакызы Павлодар өңірінде қоғамдық пікір туғызып, Ермак қаласындағы Ермакқа қойылған ескерткішті алып, қаланың атын «Ақсу» деп ауыстыруға мұрындык болды. Осы мәселені іске асыру кезінде елді мекендер мен үй-үйді аралап, үгіт-насихат жүргізіп,  баспасөз бетінде мақалалар жариялауды ұйымдастырды.

Қала көшелерінің атауларын қазақшалауға, өндірістерде ісқағаздарын екі тілде жүргізуге біраз еңбек сіңірді.

ҚУАНЫШӘЛИН Жасарал Мінәжәдинұлы

1949 жылы 7 сәуірде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында дүниеге келген. Мамандығы - филолог және заңгер. 1978 жылы Киров атындағы ҚазМУ-ды, 1998 жылы әл-Фараби атындағы КазМҰУ-ды бітірген. 400-ден аса мақала, сұхбат т.б. жарияланымдар авторы. 1988 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырушылардың бірі, оның І және II съездерінің делегаты. Алматы қалалық ономастика комиссиясының мүшесі. 1991-94 жылдары «Азат» қозғалысы төрағасының орынбасары және төраға міндетін аткарушы. Түркі халықтарының Бүкіләлемдік Бірінші Құрылтайының делегаты (1993).Ұлтаралық проблемалар, жекешелендіру мәселелері бойынша Мәскеу, Прага, Брюссельде өткен халықаралық конференцияларда (1994-95) баяндамалар жасады. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, адам құкығы бойынша қосалқы комитет төрағасы, Желтоқсан (I оқиғасы жөніндегі Жоғарғы Кеңес комиссиясының жауапты хатшысы «Шаңырақ» ҚБ-нің басқарма мүшесі, «Күретамыр» ҚҚ-ның вице-президенті.

Орал қаласында 1991 жылы болған казачествоның арандату әрекеттеріне қарсы бейбіт саяси наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1990-жылдардағы Ермак қаласының атауын Ақсу етіп өзгертуге және атаман Ермактың ескерткішін құлатуға, Алматының орталық көшелеріне тарихи тұлғалардың есімдерін беруіге, орысша «Алма-Атаның» Алматы болып түзетілуіне тікелей мұрындық болды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты билік орындары мен лауазым иелерін жауапқа тарту мақсатында «Азат» қозғалысы съезінің талабымен Конституциялық сотта 1993-95 жылдары өткен сот процесінде талапкерлер тобының жетекшісі болды. 1993 жылдың қыркүйек айында Семей сынақ полигонында жүргізілген ядролык жарылыстар зардаптарын зерттеу мақсатында жұмыс істеген тұңғыш Тәуелсіз азаматтық радиоэкологиялық зкспедицияны ұйымдастырушылар мен басқарушылардың бірі болды.

ҚЫРҚЫМБАЕВ Хамит

Ақтөбе облысы Темір ауданында 1946 жылы 12 мамырда туған. «Алдаспан» ұйымында 1990 жылдан бастап мүше, ұйым «Азат» азаматтық қозғалысының Ақтөбе облыстық бөлімі болып қайта құрылғаннан кейін қозғалыс белсендісі ретінде қызмет етті.Қозғалыстың Темір ауданы бойынша барлық шаралары мен жұмыстарына белсене араласты. 1993 жылғы Кеңкияқ кентіндегі болған мұнайшылар ереуіліне дем беріп, оның нәтижелі болуына атсалысты.  Әсіресе, облысқа «Азат» газетін таратуда мол еңбек сіңірді.

ЛҰҚПАН Қайырбек Түсекенұлы

 (1948 – 2015)

Лұқпан Қайырбек Түсекенұлы 1948 жылы Атырау (Гурьев) облысы, Құлсары елді мекенінде дүниеге келген.

Еңбек жолын 1967 жылы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресіне қарасты кәсіпорындарда жонушы, бұрғылау қондырғыларында мотарист, дизелист, машинист мамандықтарымен бастады.

1977 жылы Қазақ политехникалық институтының (Қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы ҚазНТУ) мұнай фокультетінің күндізгі бөлімін оқып бітірген соң шебер, учаске бастығы, ұңғыларды сынау және бекіту инженері болып, Қаламқас, Қаражамбас мұнай кен орындарын пайдалануға тапсыру жұмыстарына атсалысты. 1980-1982 жылдары «ҚазақстанМұнай» бірлестігінде учаске бастығы болып еңбек етті. 1986 жылы Алматы Жоғарғы партия мектебінің журналистика фокультетін бітірді.

1982-1990 жылдары Коммунистік партияның шақырумен кеңес-партия жұмыстарына белсене араласты. Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ал 1988-1989 жылдарыМаңғыстау облыстық Халықтық бақылау комитетінің ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі төрағаның орынбасары болып қызмет жасады.

1998-2000 жылдары Ақтау қаласы әкімшілігінің Өмірзақ кентінің әкімі болып қызмет жасады.

Қайырбек Түсекенұлы нарық жағдайына байланысты өз алдына кәсіпорын құрып, нәтижесінде 1990 жылдан бүгінгі күнге дейін «Алахай» ЖШС бастығы болып қызмет жасап келеді.

Қайырбек Лұқпан Түсекенұлы ақын, журналист. 1970 жылдан бері оның өлеңдері, публицистикалық шығармалары, очерктері Республикалық, облыстық баспасөздерден үзбей жарияланып келеді.

Ол 2000 жылдан республикалық «Азат», Маңғыстау облыстық «Парасат» қозғалысының мүшесі болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Халықтың әл-ауқатына, қоғамдық өзгерістің қиыншылығына байланысты өзінің көзқарасын шығармасында ашық көрсетіп, халықтың мұңын жарлады. Оның «Халық деген қоралайтын қой емес», «Атаға шағым», «Өзекті жанға бір өлім», «Бекет Ата тойына шашу» тағы басқа өлеңдерінде бүгінгі қоғамдағы теңсіздіктер мен халық басына түскен қиыншылықтарды өзек етіп жырлады.

Қайырбек Түсекенұлы Ақтау қаласының тұрғыны. Ол жұбайы Жұмагүлмен бірге ұл-қыз өсіріп, оның қызығын көріп отырған абзал әке, асқар тау еді. Сұм ажал кенеттен 2015 жылы арамыздан алып кетті.

МАЖЫР Заманбек Әбдірахманұлы

1941 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Сынтас ауылында дүниеге келген. Мамандығы - математика, физика мұғалімі. Өскемен педагогикалык институтын бітірген.

1989 жылдары Таврия ауданында қазақ мектептерінің жабылуына қарсы наразылық шараларына белсене араласып, Саратов ауылшаруашылық техни- кумында қазақ тілінде оқытатын бөлімін ашу мәселесін көтерген. 1991 жылдан Өскемен калалык қазақ тілі қоғамының мүшесі, төраға орынбасары, төрағасы болып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне елеулі үлес қосып, қала мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне байланысты жұмыстар атқарды. 1991 жылдан Шығыс Қазақстан облысы «Азат» қозғалысы бөлімшесінің жұмысына белсене қатынасады, басқарма мүшесі, төраға орынбасары, төраға болып сайланды. Облыстағы «Ұлт тағдыры» қозғалысының белсенді мүшесі. Ұлттық жаңғыру мәселесіне байланысты, жер-су, көше аттарын өзгертіп, тарихи әділетті орнатуға батылдықпен белсенділік көрсетіп жүр.

МАДЖАНОВ Халиолла Айқожаұлы

08.05.1967   ОҚО Ордабасы ауданы Төреарық ауылында туған. Мамандығы - дінтанушы және араб тілі.

1990 жылдан бастап «Азат» қозғалысының мүшесі. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қозғалыстың барлық шаралары мен жұмыстарына атсалысты.

МАХАН Құлмағанбет Алмағанбетұлы

1957 жылы 24 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы Сексеуіл теміржол бекетінде дүниеге келген. Мамандығы - тепловоз машинисі, техник-технолог, менеджер-экономист.

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Бетбұрыс» қозғалысының ұйымдастырушысы болды. 1990 жылы Қазақстанда Алматыда құрылған қазақтың ұлт-азаттық «Азат» қозғалысының Шымкент қаласында құрылуына ұйымдастырушы және бастамашылардың бірі болды. Қызылорда облысы, Арал және Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында «Азат» қозғалысы қатарында шараларға белсене қатысты. «Азат» қозғалысының жалауын Орал оқиғасы кезінде жасап әкелді және ол қозғалыстың туына айналды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін де «Азамат», республикалық «Азат» партиясы, «Алматы-Хелсинки-Париж» адам құқығын қорғау жөніндегі демократиялық ұйымына мүше болды. 2003 жылы «Арал-Эко» қоғамдық бірлестігін құрып, Арал аймағына көшіп келген 700 отбасыға жер алып берді.

МОЛДАЖАНОВА Слушаш

Слушаш Молдажанқызы 1939 жылы мамыр айының 1 жұлдызы күні Гурьев (қазіргі Атырау) облысының, Жылой ауданы, Құлсары кентінде өмірге келді.

Слушаш Молдажанқызы орта мектепті бітірген соң 1958 жылы Жамбыл ( Таразы) қаласындағы мәдени-ағарту училищесін, 1969 жылы Гурьев (Атырау) педогогикалық институтын (университетін) бітірген. Еңбек өмір жолында ол 1958-1970 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) облысының, Жылой аудандық мәдениет бөлімі саласында, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, мәдениет үйінің директоры болып, қызметтер жасады. Жылой ауданында халық театрын құрып, оның қалыптасуына қызмет етті. Спектакелдерде жауапты басты ролдерді ойнады.

1970-1974 жылдары Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы орталығы Шетпе кентінің № 2 орта мектебінде және Атырау облысы Жылой ауданы Сарқамыс кентіндегі орта мектепте мұғалім болып, жұмыс жасады.

Слушаш Молдажанқызы 1975-1993 жылдары Маңғыстау облыстық теледидар мекемесінде редактор, аға редактор, кейін 1993-1999 жылдары «Ақтау – Лада» телеарнасында аға редактор қызметін атқарды. «Ақбөбек», «Қайран шешем», «Қайдасың шариғат», «Шапағат», «Гибрат хаттар» атты айдармен хабарлар жүргізді. Ол өзінің еңбек өмір жолында жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық, одақтық көптеген марапаттармен мараптталды. «Еңбек ардагері», «Өз ісінің үздігі», «Кеңес Одағы телерадио ісінің үздігі» төс белгілерінің иегері. Сонымен бірге Слушаш Молдажанова Атырау (Гурьев), Маңғыстау облыстарында ұжымдық партия, кәсіподақ комитетінің төрайымы, қалалық «Қазақ тілі» қоғамы, «Парасат» қозғалысының төралқа мүшесі, Ақтау қалалық мұсылман әйелдер қоғамы алқа мүшесі болды.

Слушаш Молдажанқызы күнделікті қызметімен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, рухани-мәдени шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болды. Ол 1989 жылдан «Парасат» қозғалысының және ең алғашқы сайланған облыстық Кеңесінің мүшесі. Құрметті зейнеткерлікке шығып, Алматы қаласына қоныс аударған уақытқа дейін қозғалыстың барлық шараларына өз үлесін қосып, Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың ісін жалғастыруға белсене атсалысты.

Слушаш Молдажанқызы алғаш рет облыстық теледидар арнасынан Сайын Нәдірұлы және оның саяси серіктерінің қатысуымен тікелей хабар жүргізді. Теледидар арқылы «Парасат» қозғалысының мақсат -міндеттері мен бағыт-бағдарлары туралы өлке жұртшылығын құлақтандырып отырды. «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесі ұйымдастырған мәдени ұлттық шараларға белсене атсалысты. Мұсылман әйелдер қоғамы алқасының мүшесі ретінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрін дамыту мақсатында алғаш рет Абай мәдениет сарайында өткізілген «Әжелер сайысы» тағы басқа да ұлттық мәдени шаралар ұйымдастыруға мұрындық болды. Зейнеткерлікке шығып, Алматы қаласына қоныс аударғанға дейін «Парасат» қозғалысы жұмыстарына қатысып, оның жаңадан сайланған басшыларының ақыл кеңесшісі болды.

Слушаш Молдажанқызы ұл-қыз өсірген абзал ана. Қоғамның дамуына алғашқы жариялықтың – демократияның ел ішінде қалыптасуына еңбегі сіңген – қоғам қайраткері. Еңбек жолында көп жыл үздіксіз абыройлы жұмыс жасаған еңбек ардагері - құрметті зейнеткер. Қазір Слушаш Молдажанқызы Алматы қаласында тұрып жатыр.

МҰСТАФА Сейілхан

Сейілхан Мұстафа 1955 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Доңызтау елді мекенінде дүниеге келген. Бұл ауылды әскери полгигон аумағына енгізгеннен кейін Оймауыт елді мекеніне көшіріліп, сол жердегі орта мектепті 1972 жылы бітірді. Осы жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы тамамдады.

Университетті бітірген жас маман Ақтөбе қаласына келіп, инженер-математик-программист мамандығымен облыстық Есептеу Орталығында еңбек жолын бастады. Ақтөбе қаласындағы бірнеше ірі өндіріс орындарында бөлім басшысы болып қызмет атқарып жүріп, Минск, Мәскеу қалаларында мамандығын жетілдіріп отырды. Ақтөбе мемлекеттік университетінде Информатика және компьютерлік техника, АТ жағынан оқытушы болып та еңбек етті. Сейілхан Мұстафа қоғамдық-саяси жұмыстарға да белсене араласты. 1990 жылдары облыста құрылған «Алдаспан» саяси қоғамдық бірлестігінің үйлестіру кеңесіне мүше ретінде ұлттық сана мен мәдениет, қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолында біраз шаруалар атқарды.

Серік Ерғали, Естай Жайлыбай, Көшкінбай Ахметов сияқты азаматтармен бірге Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының Ақтөбе облыстық және қалалық бөлімдерін ашуға ат салысты. 1991-1994 жж Азат қозғалысының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы болып қызмет атқарды. Республикалық ҮК мүшесі ретінде сол кездегі Азат басшылары Сәбетқазы Ақатай, Михаил Есенәлиев, Мақаш Тәтім, Батырхан Дәрімбет, Жасарал Қуанышәлі, Хасен Қожахмет сынды ұлтшыл азаматтармен қоян-қолтық араласып, белсенді жұмыс жүргізді. 1991 жылдың 15 қыркүйектегі Орал қаласындағы казак орыс шеруін тоқтатқан 113 азаттықтың бірі болды. Мәжіліс депутаттарының сайлауында Жасарал Қуанышалинның штабында болды.

Соңғы 20 жыл мұнай газ өндірісінде жұмыс істеген, Қарашығанақ пен Теңіз мұнай кеніштеріндегі жобаларда қызмет етті. Шетелдік Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг БВ, Теңізшевройл компанияларында жетекші маман, бөлім бастығы болды, ТШО зейнеткері. Ағылшын, орыс, қазақ тілдерін жетік меңгерген.

МЫРЗАҒҰЛОВ Молдабек  Молдағазыұлы (1952-2008)

Мырзағұлов Молдабек  Молдағазыұлы 1952 жылы қыркүйек  айында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қаладағы  № 16 мектепте оқып  жүріп әртүрлі  қоғамдық жұмыстарға араласты, спортпен айналысты, бокстан мектеп аралық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды, сонымен бірге жоғары сыныптарда комсомол бастауыш ұйымының хатшысы қызметін  атқарды. Молдабек  еңбекке де ерте араласты. Ол ұстаз болатын,  спортшы еді. Ақтөбе байланыс техникумында дене шынықтыру және алғашқы әскери  дайындық  пәндерінен  сабақ беріп, шәкірттеріне Отанын  қорғау әр азаматтың міндеті екенін түсіндіріп, әскери  өмірдің  қыр-сырын, қару-жарақтың  түрлерін, оларды  пайдалана  білуді үйретті. Техникумда да спорт секцияларын /бокстан, каратэден/  ұйымдастырды. 1992  жылы  Облыстық   Білім беру Басқармасына жұмысқа  ауысты. Бұл жылдары Молдабек «Алдаспан», «Азат» жұмыстарының тіл мәселесін шешуге көп  еңбек  сіңірді, қазақ  мектептерін, бала-бақшаларын ашу, оларды көбейту мәселелеріне  белсене  араласты. Әсіресе, 21-мектеп-гимназия ашыларда үй-үйді  аралап, балалардың тізімін жасап, жастармен  әңгіме  өткізіп, үйге түн  ортасында  қайтатын. Сол жылдары  Молдабек   №23 орыс  мектебінің  жанынан  ашылған  №38 қазақ  орталау мектебіне  директор  болып  тағайындалды. 1  қыркүйек   күні  мектептің  ашылу  рәсімі кезінде Молдабекке  №23 мектептің орыстілді түлегі пышақ сұғып алып аман қалғаны бар. Молдабек «Алдаспан» ұйымының Қорғаныс министрі болатын, оған шаралар мен акцияларда тәртіп пен қауіпсіздік жүктелді. Өкінішке орай, өмірден ерте кетті.

НҮКЕН Бейсенғазы Сәдуұлы

1959 жылы 12 қыркүйекте ІІІығыс Қазақстан облысы, Аягөз каласында дүниеге келген. Мамандығы – инженер-механик.

1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, жастарды алаңға шығарып, бейбіт шерулер ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылдары «Азат» қозғалысы ұйымдастырған шараларға белсене араласады.

2006 жылдан Республикалык «Ұлт тағдыры» қозғалысының Алматы қалалық филиалының төрағасы. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындагы қазақ-ұйғыр қақтығысында комиссия мүшесі болды.

ОҢҒАРОВА Гүлжамал Тынымбайқызы

Оңғарова Гүлжамал Тынымбайқызы 1949 жылы қазан айының 24 жұлдызы күні Түркменстан республикасы, Мары қаласында дүниеге келді. Гүлжамалдың әкесі Қарамбетов Тынымбай жыршы, шежіреші өнер иесі болған. Анасы Ағыбайқызы Зейнеп 8 құрсақ көтеріп, ұл-қыз тәрбиелеп өсірген абзал ана. Гүлжамал баланың үлкені әке-шешесінің ең тұңғышы болды.

Гүлжамал Тынымбайқызы 1967 жылы орта мектепті бітірген соң, еңбек жолын Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» мекемесінде оператор болып бастады. Ол мұнай саласында жұмыс жасай жүріп, Ленинград (Санк-Петтрбург) қаласының жоғарғы кәсіподақ мәдени мектебін, кейін 1991-1994 жылдары Алматы қаласының маненжерлер дайындайтын жоғарғы оқу орнын бітірді.

1973-1979 жылдары «Өзенмұнайгазөндіру» басқармасының «Мұнайшы» мәдениет кешенінде, 1979-1985 жылдары «Трестмұнайқұрлыс» басқармасының «Құрлысшы» мәдениет кешенінде, 1985-1991 жылдары «Қазақ газ өңдеу зауыты» мәдени-спорт кешенінде директор қызметтерін атқарды. Ал, 1991 жылы Жаңаөзен қаласының мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл жұмысты ол 1997 жылға дейін абыроймен атқарып, қаланың, облыстың мәдени жұмыстарының дамуына ерекше өз үлесін қосты. Сол жылдары Жаңаөзен қаласында мәдениет саласы көптеген жетістіктерге ие болды. Алғашқы қалалық мұражай ашылды. Алғаш рет қала, облыстық деңгейде қазақ ұлтының салт-дәстүріне байланысты мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, өлке жастарында ұлттық сана қалыптастыруға, ата-салт дәстүрді дамытуға өз үлесін қосты. Қаладағы алғашқы ақындар айтысын ұйымдастыруға мұрындық болып, қазақтың ұлттық киімдерін жарнамалау мақсатында көрмелер ұйымдастырды. Қазіргі елге, республикаға белгілі ақын-жырау, өнер қайраткерлері Қамбар Оразов, Мақсат Аяпов, Ұзақбай, Аманқос, Махбуза, Нұрмағанбет Нәрімбаев, Әзірбай Өскінбаев, Есенғали Бөкенбаев тағы басқа өнер тарландары Гүлжамал Тынымбайқызы басшылық еткен мәдениет кешендері саханасында жыр жырлап, ән айтып, айтысып, өз өнерлерін шыңдады. Өнер кеші шығармашылығын өткізіп, елге танылды.

1997 жылы Гүлжамал Тынымбайқызы облыс орталығы Ақтау қаласына қоныс аударып, еңбек жолын білім саласында жалғастырды.

1997-1999 жылдары Маңғыстау колледж директорының орынбасары, 1999-2006 жылдары Ақтау қаласында ашылған Қарағанды қаласының Бөкетов атындағы мемлекеттік институты Ақтау филиалының әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. Институттың кураторлар тобының төрайымы болды. 2006 жылы институттың Ақтау филиалының жабылуына байланысты басқа жұмыстар жасады.

Гүлжамал Тынымбайқызы 2007 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Қазір әскери бөлімшеде психолог мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Сонымен қатар мемлекеттік тілге жауапты қызметкер ретінде де жұмыс жасайды.

Гүлжамал Тынымбайқызы 1989 жылдан «Парасат» қоғамдық - сяаси демократиялық қозғалысының мүшесі. «Парасат» қозғалысының тұңғыш төрағасы, қоғам қайраткері Сайын Шапағатовтың саяси сенімді серігі болды. Ол қоғамның мәдениет саласы бойынша жауапты жұмыстарын атқарып, «Парасат» мәдени орталығының Жаңаөзен қаласы бойынша ұйымдастыру алқасының басшысы болды. «Парасат» қозғалысының облыстық деңгейде ұйымдастырған мәдени көпшілік шараларына қолғабыс беріп, көмектесіп отырды.

Тәуелсіз Қазақстанның көп партиялық саяси жұмыстарында Гүлжамал Тынымбайқызы Республикалық «Азаматтық» партиясының мүшесі болды. Кейін ол бұл саяси ұымның «Нұр Отан» партиясымен қосылуына байланысты «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өтті.

Гүлжамал Тынымбайқызының қоғамға сіңірген еңбегі бағаланып, өткен өмір жолындағы өнер, мәдениет, білім саласына қосқан үздік еңбегі үшін республика, облыс, қала басшыларының көптеген мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтарымен марпатталды.

Қазір Гүлжамал Тынымбайқызы жұбайы Оңғаров Түркеш екеуі Ақтау қаласының 9 шағын ауданында тұрады. Олар отбасында балаларын, немерелерін тәрбиелеп, бағып-қағып отырған жанұяның ұйытқысы, тірегі - үлгілі ана, абзал әке.

ОРАЗОВ Қамбар

(1956 – 2015)

Оразов Қамбар Орынбайұлы 1956 жылы қазан айының 20 жұлдызы күні Түркменстан Республикасы Мары облысында дүниеге келді. 8 жылдық білім алғаннан кейін Қамбар Орынбайұлының отбасы 1974 жылы Қазақстан республикасы Шымкент облысы Шардара ауданына көшіп келді. Орта мектепті осы жерде бітірді.

Қамбар Орынбайұлы 1981 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы маңындағы Баянды ауылына көшіп келіп, кейін 1983 Жаңаөзен қаласына қоныс аударды. 1990 жылдан Ақтау қаласында тұрады.

Қамбар Орынбайұлы Жаңаөзен автокөлік мекемесі, «Каспий мұнай құрлыс» кәсіпорындарында және «Маңғыстау мұнай жолдары» мекемесінде 17 жыл әр түрлі мамандықта жұмыстар жасады. Қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Қамбар Орынбайұлы Маңғыстау халқына сурып салма ақын, жыршы-термеші ретінде кеңінен танымалы. Еліміздің мәдениет және өнер саласына өзіндік үлесін қосқан азамат. Ол Маңғыстау өлкесінде жастар арасында жыр терменің кеңінен өркендеп, қанат жаюына оның жаңа жастық леппен дамуына Амандық Көмеков, Жеткізген Сейтов, Рухия Батыршиевалармен бірге зор үлесін қосты. Талай рет аудандық, қалалық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, сурып салма ақындық өнердің дамуына да өз үлесін қосты.

Қамбар Орынбайұлы 1987 жылы Жаңаөзен қаласындағы ақындар айтысында бас жүлде, 1988 жылы наурыз мерекесіне арналған облыстық айтыста бірінші орын, 1989 жылы Атырау қаласында болған айтыста, 1990 жылы Атырау қаласында Исатай Тайманұлының 200 жылдық мерей тойы құрметіне ұйымдастырылған айтыста бірінші орын алды. 1990  жылы Шымкент облысында Майлықожа ақынның 155 жылдық мерей тойына арналған ақындар айтысында да бірінші орын иемденді. Ал 1990 жылы Алматы қаласында 84 ақын қатысқан республикалық айтыста жүлделі орын алды. Қамбар ақын 1993 жылы Қарақалпақстанда ұйымдастырылған ақындар айтысында 18 ақынның ішінен бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар ол Орал қаласында өткен Сырым Датовтың 250 жылдығына, Ақмола облысында ұйымдастырылған Бөкенбай батырдың 300 жылдығына, Орал облысында өткен Мұхит Мұрәліұлының 150 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысты. 2002 жылы Бейнеу ауданында өткен ақындар айтысында екінші орынға ие болды.

Қамбар Орынбайұлы сонымен қатар бірқатар ақындар айтысында қазылар алқасы құрамында болды. Ол облысымызда ұйымдастырылған барлық мәдени шараларға қатысып, көркемөнерпаздар шоғырының белсенді мүшесі ретінде өз үлесін қосты. Саханалық қойылымдарға да қатысты.

Қамбар Орынбайұлы Оразов ата-баба аруағы дарыған халық емшісі ретінде де елге танымалы. 1993 жылдан бері емшілікпен де айналысады. Ол 1997 жылдан Қазақстан Республикасы халық емшілерінің қауымдастығының заңды мүшесі. Кезінде Германияда дүние жүзілік емшілер қауымдастығының «Алланың ақ періштесі» деген атағын алған Сары әулие қажы - Марат Есенбаевтың қасында болып, қазақ елін аралады.

Қамбар Орынбайұлы 1989 жылдан «Парасат» қозғалысының белсенді мүшесі. Сайын Нәдірұлы Шпағатовтың өнер, бабалар рухы және имандылық бағытындағы ұстанғанған ұлттық сяасатын, ел ішінде батыл іске асырушы сенімді шәкірттерінің бірі. Ол «Парасат» мәдени орталығының ең алғашқы мүшелерінің бірі ретінде бүгінгі күнде де өлкеміздің мәдениетін, рухани өмір салтын, имандылық пен дәстүрлі дінімізді дамытуда үлгілі еңбек етті. Соңғы уақыттарда щығармашылықпен айналысып, 2015 жылдың басында «Төрткүл – есік, Қарой – бесік» атты деректі хикаят, естелік мақалалардан құралған шежіре кітабы Алматы қаласындағы «Бабамұра – М» баспасынан жарық көрді.

Қамбар Орынбайұлы бес қыз, үш ұлы өсірген, үлкен отбасының тірегі – абзал әке. Ол 2015 жылы тамыз айында 60 жасқа толар жасында кенеттен дүниеден өтті.

РАҚАШҰЛЫ Мамай   (1950-1995)

1950 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Карл Маркс атындағы кеншарда дүниеге келген. Мамандығы - экономист.

1990 жылы Қазалы ауданында «Азат» қозғалысының бастауыш, сосын аудандық ұйымын құрды. Өзінің ерекше ұйымдастырушылық, шешендік, іскерлік қабілеттерінің арқасында М.Рақашұлы басқарған «Азаттың» Қазалы аудандық ұйымының абыройы халық арасында ерекше болды. 1991 жылы 28 сәуірде аудан орталығында Арал теңізіпің тағдырына байланысты наразылық митинг өткізіп, оған 5 мыңдай адам қатысты. Осы жылы Қазалы ауданынан сайланған депутат Ануфриевтің орнына Сәбетқазы Ақатаевты депутаттыққа ұсыну науқанын өткізді.

«Жолшы» мекемесі ең таңдаулы кәсіпорын деген атаққа ие болып, осы кәсіпорынның жанынан «Азат» қозғалысына арнап кабинет ашып, ұйымның жұмысын жандандырды. М.Рақашұлы басқарған «Азат» ұйымы халық арасында ерекше абыройлы болды. 1994 жылы өткен жергілікті мәслихат саялауында «Азаттан» 11 адам ұсынылып, олардың бәрі депутат болып сайланды. Ал М.Рақашұлының өзі осы сайлауда ауданның лидері аталған Самұрат Имандосовты айқын басымдықпен жеңіп, облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. «Азаттан» сайланған 5 депутат бірігіп, «Аманат» атты депутаттық топ құрып, облыс әкімінің шексіз билігіне қарсы күш бола білді. Қазалы қаласының бір көшесіне Мамай Рақашұлы аты берілген.

РАМАЗАНОВА Ақшагүл Сейдуллақызы

Рамазанова Ақшагүл Сейдуллақызы – 1953 жылы сәір айының 16 жұлдызы күні Тәжікстан Республикасы Қорған-төбе облысы «Колхоз-Абад» ұжымшарында шаруа отбасында дүниеге келген. 1959-1960 жылдарда ата-анасы бұрынғы Қазақстан жері, қазіргі Өзбекстан Республикасының Мырзашөл аймағына қарайтын Мақтаарал ауданына көшіп келді. 1970 жылы Жетісайдағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепті бітірді.

Өмір жолын Жетісай аудандық газетінде тілші болып бастады. Кейін Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірді. 1970 жылдан бастап шығармашылық жұмыстармен айналысып келеді. Өлеңдері «Социалистік Қазақстан», «Нұрлы жол», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан әйелдері», «Мәдениет және тұрмыс», «Лениншіл жас», «Маңғыстау», «Үш қиян» газеттерінде, «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында жарық көрді. «Теңіздің дәмі - тамшыдан» атты ұжымдық жинақтың екі кітабында шықты. 1983 жылғы Қазақстан Республикасы «Жігер» фестивалының лауреаты болды.

Ұзақ жылдар Мырзашөл ауданы Абай атындағы кеңшардың Ш.Уалиханов атындағы №3 орта мектебінде ұстаздық етті. Көп жылдар бойы Абай атындағы кеңшардың мәдени істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Ақшагүл Сейдуллақызы тарихи Отаны Маңғыстауға қоныс аударғаннан бергі жерде облысымыздың қоғамдық-саяси жұмыстарына белсенді қатынасып келеді.  1989 жылдан бері «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалыстың мүшесі. «Парасат» мәдени орталығының мүшесі. «Парасат» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған шараларға белсене қатысып, оның идеясының Қазақстан мен Өзбекстан халқының арасына тарауына белсене атсалысты. 2006 – 2007 жылдары «Руханият» республикалық саяси партиясының Маңғыстау облысы бойынша төрайымы болды. «Асыл мұра» қазақтың ұлттық салт-дәстүрін насихаттау және жинақтау қоғамдық қорының басшысы.

Ақшагүл Сейдуллақызы ұл, қыз тәрбиелеп өсірген көп балалы ана. Қазір Ақтау қаласында тұрады.

САПАРҒАЛИ Серік Садықұлы

1952 жылы 29 сәуірде Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Ақтоғай стансасында дүниеге келген Мамандығы - тау-кен инженері, электрик. Қазақ Политехникалық институтын бітірген.

1993-1994 жылдары Азаматтық «Азат» қозғалысының Ақтөбе облыстық бөлімшесінің төрағасы болды. Кейіннен осы қозғалыс негізінде біріккен «Азат» партиясын құруға бағытталған келіссөздер жүргізіп, партияның Ақтөбе облыстық комитетінің алқа төрағасы қызметін атқарды. Қазақ елінің 9 тәуелсіздігі мен ұлттық мүддені қорғауға бағытталған шаралар ұйымдастырушыларының алдыңғы қатарында болды. Тұңғыш рет Актөбе қаласында экология қорғауға арналған митингіні ұйымдастырды. Ақтөбе қалалық Кеңесінің екі тілділікті енгізу туралы шешім жобасына қарсы пикет ұйымдастырып, шешім қабылдатпады.

Ресейдің Саратов, Орынбор,Астрахан қалаларынан 38 жетім қазақ баласын Ақтөбе балалар үйіне әкелуді іске асырған шараларға белсене қатысты. Осы балалар үйінің жаңа ғимаратқа көшірілуіне ықпал жасады. 1992 жылы Алматы каласында өткен Бүкілқазақстандық наразылык митингісіне қатысты. 1994 жылы Ақтөбе қалалық Мәслихаттың депутаты болып сайланып, «Адам құқы. Заңдылық. Тәртіп қорғау» миссиясының төрағасы болды. «Актюбинск» қала атауының «Ақтөбе» деп тарихи атауына ауысуына ықпал жасады. 1991-1995 жылдардағы Ақтөбе қаласында қазақ мектебінің ашылуына арналған барлық шараларға белсене араласты.

СӘРСЕНҒАЛИЕВ Ізтілеу

( 1946 – 2010)

Ізтілеу Сарсенғалиұлы 1946 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында туған. Ақтөбе мәдениет-ағарту училищесін, 1979 жылы халық театрының режиссері мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік Мәдениет институтын бітірді. 1963-2003 жылдары аралығында Ақтау, Жаңаөзен, Алматы қалаларының халық театрында қызмет істеді. С.Жүнісовтың «Ажар мен ажал», Қ.Мұхаметжановтың «Құдағай келіпті», О.Болықовтың «Қанжар мен домбыра», «Қарақұм трагедиясы», О.Бөкеевтің «Желтоқсан желі», М.Каримнің «Ай тұтылған түн» пьесаларын саханаға қойды. Сондай-ақ Ізтілеу Сарсенғалиұлы 1999 жылы «Бойтұмар», 2005 жылы «Бойтұмардың оралуы» атты көркем фильмдерді экранға шығарды. Бүкілодақтық және халықаралық конкурстардың лауреаты.

Ізтілеу Сарсенғалиұлы 1989 жылдан «Парасат» қозғалысы және оның мәдениет орталығының белсенді мүшесі. 1991 жылы Маңғыстау облысының ашылу салтанатына келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Парасат» қозғалысы белсенділерімен кездескен уақытта оның құрамында болған азаматтардың қатарында болды.

Ізтілеу Сарсенғалиұлы ортада өте кішіпейіл, ізетті де қамқор, өнер жолына берілген ақкөңіл абзал азамат еді. Ол 2010 жылы 18 мамыр күні жүрек ауруынан кенеттен қайтыс болды.

Отбасында бала келіні немерелері бар Ақтау қаласында тұрады.

СӘУЛЕБАЙ Орал Исаұлы

1948 жылы Ақтөбе облысы Темір қаласында туған. 1972 жылы Ақтөбе мединститутын бітірген. Мамандығы - дәрігер. 1979 жылы Мәскеу медицина академиясын бітіріп, Алматыға жолдамамен келген, содан бері Алматыда тұрады.

«Аттанайық-Ақжайыққа», «Бағыс» штабтарының басшысы, «Алаш» партиясының тең төрағасы, Алматы коалиция кеңесінің төрағасы, «Қазақстан» баспанасыздар одағының» төрағасы, «Жерді қорғау майданының» төрағасы.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан. 1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысының акцияларына, «Аттан-Қазақстан» акцияларына, 1991 жылы «Аттанайық Ақжайыққа» штабын құрып, Орал казактарының тойын өткізбей, оларды Ресейге қайтаруға әрекет етті. 2000-2003 жылдары «Жерді қорғау майданын» құрып, жерді жекешелендіруте қарсы көптеген шаралар ұйымдастырды. «Азат» қозғалысын, «Жер-Ана», «Желтоқсан көтерілісі» бірлестіктерін құруға атсалысты.

СЕЙДАЛИЕВ Жаздырхан

(1935 – 2015)

Сейдалиев Жаздырхан 1935 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызы күні Түркменстанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш ауданында дүниеге келді.

1957 жылы Түркмен ауыл шаруашылық институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек өмір жолын 1957 жылы су шаруашылығы саласында бастап, 1962 жылы Ташауыз облаткомының құрлыс және сәулет бөлімі бастығы қызметіне жоғарылады. Ал 1963 жылы Түркменстан Орталық партия комитетінде су шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы қызметін атқарды.

Жаздырхан Сейдалыұлы 1966 жылдан 1973 жылға дейін «Түркменремвострой» тресінің № 7 құлыс мекемесінің бастығы, төменгі Аму-Дария суару жүйелері басқармасының өндірістік-техникалық бөлімі бастығы қызметтерінде болды.

1973 жылы Маңғыстауға көшіп келіп, облыстық мелиорация және су шаруашылығы басқармасының басқармасының бас инженері, бастығы, трест басқарушы болды. 1981 жылдан 1986 жылға дейін ауыл шаруашылы қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы болып сайланды. 1986-1992 жылдары облыстық агроөнеркәсіп комитетінде жер-су бөлімін, облыстық көші-қон басқармасын басқарды. 1996 жылы облысқа еңбегі сіңген деген атақ пен дербес зейнеткерлікке шықты.

Жаздырхан Сейдалыұлы 1947 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медалімен, 1971 Түркменстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен және 2001 жылы Қазақстан Республикасы егемендігіне 10 жыл медалімен марапатталды.

Сонымен қатар ол қоғамдық саяси жұмыстарға да белсене араласты. Түрменстанда Көнеүргеніш аудандық депутаты, 1977-1982 жылдары Маңғыстау облыстық кеңесіне екі мәрте депутат болып сайланды. 1990-1993 жылдары Ақтау (Шевченко) қалалық кеңесіне халық депутаты болып сайланды.

Жаздырхан Сейдалыұлы 1989 жылдан «Парасат» қозғалысының мүшесі, оның тұңғыш төрағасы Сайын Шапағатовтың орынбасары, 1993-1994 жылдары «Парасат» қозғалысы облыстық кеңесінің төрағасы, 1992-2003 жылдары Маңғыстау облыстық мәдени орталықтар бірлестігі «Халық келісімі» ұйымының төрағасы қызметтерін атқарды.

1995 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының және Маңғыстау облыстық кіші Ассамблеясының бес жыл мүшесі болды. 2006 жылдан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

2006 жылы «Өмір тағылымы» атты өмір-дерек кітабын, «Белгілі ерден Бегей бар» деген шежіре кітап-жинақтарын жарыққа шығарды.

Жаздырхан Сейдалыұлы елімізге белгілі өнер тұлғаларына арналған шығармашылық кештердің өткізілуіне ұйтқы болды. Мысалы: 2000 жылы мәдениетті қолдау жылына байланысты белгілі жергілікті сазгер Данияр Аралбайұлының  50 жасы мен шығармашылығының 35 жылдығың, 2008 жылы халық компазиторы Қайып Қорабайұлының Ақтау мен Атырауда 150 жылдығын ұйымдастыруға арқау болды.

Жаздырхан Сейдалыұлы қазір Ақтау қаласында тұрады. Жұбайы, бала-келіні, немерелері бар үлкен отбасының отағасысы.

«Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесін С.Н.Шапағатовтың орынбасарларының бірі болған Жаздырхан Сейдалиев басқарған кезеңде облыстағы құрылған ұлттық-мәдени орталықтардың басы біріктіріліп, «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесі ұсынысымен қозғалыс аясында «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі құрылды. «Халық келісімі» қоғамы төрағасы Ж.Сейдалив «Парасат» қозғалысымен бірге ел тыныштығын сақтауға Ел басының,Үкіметіміздің ұлттар достығы саясатын іске асыруға өз үлесін қосты. (Ескерту: «Халық келісімі» атауы Кеңес мүшесі Данияр Аралбаевтың ұсынысы арқылы облыстық Кеңес отырысында бекітілді.)

Бұл кезеңнің тарихи маңызы, «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесі бастамасымен Қазақстан Республикасында ең алғашқы рет ұлттық мәдени орталықтарды біріктірген «Халақ келісімі» қоғамдық бірлестігі құрылып, бұл болашақта Қазақстан Республикасы Халықтары Ұлттық Ансамблеясының негізін қалады.

Жаздырхан Сейдалыұлы ұзаққа созылған науқастан 2015 жылы 19 маусым күні қайтыс болды.

СЕЙСЕНБАЙ Нұрлыбай Қошаманұлы

1958 жылы 1 акпанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Сағыз совхозында (Ноғайты ауылы) дүниеге келген. 1977 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Медицина институтын бітірген.

1986 жылғы Алматыдағы «Желтоқсан» көтерілісінің куәгері. 1988 жылдан бастап қоғами-саяси жұмыстарға белсене араласа бастады. 1989 жылдан Орал облыстық «Қазақ тілі» қоғамының бюро мүшесі, 1990 жылдан Орал қалалық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары.

1991 жылы мамырда Орал қаласында құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының алғашқы бастауыш ұйымын құрушылардың бірі. 1991 жылдан бері Орал облыстық «Азат» азаматтық қозғалысының үйлестіру кеңесінің мүшесі. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жолында сепаратистік пиғылдағы орыс-казактардың Орал облысынан автономия жариялау әрекеттеріне қарсы бүкілқазақстандық наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі. Осы жайға байланысты шыққан «1991 -кыркүйек, Орал оқиғасы» және «Азат» азаттық жолында» атты тарихи-саяси деректі кітаптардың авторы.

1992-1994 жылдары Орал облыстық «Азат» қозғалысының тең төрағаларының бірі, 1994 жылы Қазақстанның Республикалык Партиясы, Батыс Қазақстан облыстык бөлімшесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

СЕЙТҚАЛИҰЛЫ Төлеубек        

1942 жылы 18 сәуірде Қырғыз Республикасының астанасы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ политехникалық институтының сәулет факультетін үздік бітірген 1980-90 жылдары ғылыми-зерттеу институттарында, жоғары оқу орындарында жұмыс істеген кезінде қазақ халқының ежелден қалыптасқан мәдениетін, ғылымын, өнерін зерттеп насихаттап жүрді. Алматы сәулет-құрылыс институтының космополит, шовинист шаласауатты басшылары, жағымпаз ұстаздарымен күресті. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан студенттердің оқуға қайта оралуына көмектесті. Алматы қаласы бойынша «Азат» қозғалысының шараларына белсене қатысты.

СЕЙТІНБЕТҰЛЫ Жарқынбек

1951 жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы. Төреарық ауылында дүниеге келген. Мамандығы - инженер-механик.

Облыста «Қазақ тілі» коғамын ұйымдастырушылардың бірі болып, 1989 жылы Шымкент қалалық «Қазақ тілі» қоғамының басқарма мүшесі, Еңбекшіаудандық «Қазақ тілі» қоғамының төраға орынбасары. 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстың азаматтық «Азат» қозғалысы құрылғанда (1990-1992) басқарма мүшесі болып сайланды. ОҚО-дағы 1992 жылы ұйымдастырылған Республикалық партияның басқарма мүшесі (1992-1999).

1992-1994 жылдары Шымкент қаласында азаматтық «Азат» қозғалысы ұйымдастырған шараларға араласты. Өзбекстанға Бағыс, Түркістан елді мекендерін бермеу жөніндегі 2001 жылы жиынға қатысып, Азаттықтар қатарында тұтқындалып Өзбекстанға айдалып, кейін босатылған. Республикалық, жергілікті БАҚ-та азаматтык тұлғаны қалыптастыру, демократиялык бағыттағы мақалалары шығып тұрады.

СИСЕНБАЕВ Баясыл Намазұлы

(1943-2010 ж)

Сисенбаев Баясыл Намазұлы 1943 жылы 1 қыркүйекте Форт-Шевченко қаласы Долгий ауыл советінде жұмысшы отбасында туған.

Еңбек жолын 1960 жылы Баутино мұнай базасында оператор болып бастады. 1963-1966 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Ақтау қаласындағы № 54061 әскери бөлімде қызмет етті. 1967-1980 жылдары Маңғыстау облысындағы әр түрлі өнеркәсіп салаларында қызмет істеді. 1980 жылданбастап, «Қаражамбас» кен орынында «Союзтерммнефть» ғылыми-өндірістік бірлестігіне қарасты технологиялық көлік басқармасының автоколонна бастығы қызметінатқарды.

Білімі орта-техникалық, 1984 жылы Гурьев ауылшаруашылық техникумын бітіріп, техник-мехайник мамандығын алды. 1992 жылдан бастап «Қаламқас» кен орнынында «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Маңғыстаумұнайжолдары» ЖШС, 1992-1997 жылдары автоколонна бастығы , 1997 жылдан бастап, осы «ММЖ» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды. 2003 жылдан бері «Қаражамбасмұнай» АҚ –ның кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

«Парасат» қоғамы құрылғаннан бері оның белсенді мүшесі. С.Н.Шапағатовтың сенімді серіктерінің бірі. Еңбек және саяси өмір жолының барлық кезеңдерінде қай жерде жүрмесін қарапайым жұмысшы еңбекші таптың мәселесін көтеріп, қолынан келгенше күш жігерін, ақыл-ойын аямай жұмсап еңбектенген азамат.

Баясыл Намазұлы 6 баланың әкесі. Жұбайы, бала-келіні, немерелері бар. Ақтау қаласының 26 шағын ауданының 20 үйінде тұрды. Абзал азамат 2010 жылы жазда ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

СЫРҒАБАЕВ Асқар Жорабайұлы

31 январь 1959 жылы 31 қаңтарда туған.

Мамандығы - экономист-менеджер.

Жамбыл гидромелиоратив-құрылыс институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген.

«Даулет» жоғарғы оқу орнын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Ресейдің Халықтар Достығы университетінің экономикалық теория және әлемдік экономика мамандығы бойынша ғылыми ізденуші.

1992-1993 жылдары Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы атынан ҚР ЖК депутаты болйып сайланды.

«Азат» қозғалысының Жамбыл облысы бойынша 1991-1994 жылдардағы төрағасы.

ТӘЖІБАЙҰЛЫ Әнуар                

1950 жылы 17 шілдеде Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Ақжарма ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақтың ауыл шаруашылығы институтының механика факультетін бітірген. 1978 жылдан Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтында әуелі аға ғылыми қызметкер, сосын механикаландыру секторының меңгерушісі, топ жетекшісі  болып 21 жыл жұмыс істеген. 1999 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде доцент болып қызмет етеді. 1998 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, техника ғылымдарының кандидаты. Екі жүзге жуық ғылыми еңбектері жарық қөрген. Рационализатор – жеті реет тиімді ұсыныстары өндіріске енгізілген.

1990 жылдан «Азат» қозғалысының облыстағы белсенді мүшесі, бөлімше төрағасының  хатшысы, орынбасары. Сол жылдардан бері демократиялық күштер қатарында қоғамдық-саяси белсенділігін тоқтатпай келе жатқан саяси белсенді азамат.

ТӘШКЕНБАЙ Сұлтанбек Ануарбекұлы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы (қазір Шиелі) Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың да кіндік қаны тамған Әулиетораңғыл ауылында, көп балалы қарапайым шаруа жанұясында 15 маусым 1958 жылы дүниеге келген.

1990 жылдың қаңтарынан бастап, Ақтөбе қаласында құрылған, соңынан бүкіл облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси өмірдің ұйтқысы болған «Алдаспан» қоғамдық-саяси-мәдени бірлестігінің негізін салушылардың бірі, тең төрағаларының бірі болды. «Алдаспан» ұйымы «Азат» азаматтық қозғалысына қосылған соң, қозғалыстың Ақтөбе облыстық бөлімшесінің Қоғамдық өмірдегі қаржы мәселелерін шешу мақсатында, пікірлес жігіттермен бірігіп «Бекарыс» кәсіпорнын құрған. Қозғалыстың қоғамдық-саяси-мәдени өмірінде болған талай шараларға қаржылай қолдау көрсеткен. Қозғалыстың қолдауымен құрылған «Отау» үйсіздерді қолдау коғамының мүшесі болған. Қалалық басшылықтан осы қоғамға біраз жер бөлінуіне көмектескен. Алайда, өзінің үйсіз жүргеніне қарамастан, компартияның басшылықтағыларға жеңілдік жасап, халықты наразы еткен қателіктерін қайталамау үшін, өзіне үй салуға жер алмаған (бұл – барлық Азаттықтар ұстанымы болатын). Алты алаштың ардақтысы М.Шоқай атына арналып өткізілген көптеген қоғамдық шаралардың тұрақты қолдаушысы. «Будапешт-Астана» бағытындағы салт атты үштіктің «Мажарстаннан – Қазақстанға» жүріп өткен сапарының облыс көлеміндегі тікелей қолдаушысы болды. «Қобыланды батыр кесенесі» кешенін көтеруге белсенді түрде атсалысқан іскер азамат. Өзі басқарып, кезінде іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізуді енгізіп кеткен, 1997 жылдан «Бекарыс Фирмасы» ЖШС басқарып келеді.

ТЕЛЕМГЕНҰЛЫ Ораз

Ораз Телемгенұлы 1939 жыды 14 наурызда Маңғыстау ауданының Ауыздыбасты жерінде, шаруа отбасында дүниеге келді. Ол 1947 жылы сол кездегі Чапаев атындағы ұжымшардың орталығы Аманқызылит елді мекеніндегі бастауыш мектепте оқып, соғыстан кейінгі шаруашылық жағдайларына байланысты көшіп қонудың салдарынан аудан елді мекендеріндегі басқа да мектептерде білім алады. Ораз Телемгенұлы 1957 жылы Ұштаған аулындағы Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеттің механика-математика фокультетіне оқуға түседі. 1962 жылы университетті математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығып, сол жылы Жармыш ауылының орталау мектебіне мұғалім болып қызметтке кіреді. Ол мұнда өзі беретін математика пәнін толық меңгерген, сабақ берудің әдістемесін жетік білетін мұғалім ретінде жақсы қырынан көріне білді.

О.Телемгенұлы 1968-1992 жылдары Жармыш, Е.Айшуақұлы, Жангелдин, С.Нұрниязұлы атындағы орта мектептер мен мектеп интернатта директор, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып қызметтер атқарды. Бұл қызметтерде білім беру, ағарту саласының білікті басшысы, белсенді ұйымдастырушы ретінде танытты. Өзінің қарауында жұмыс істеген педогогиқалық ұжым мүшелерінің арасында орынды абырой мен беделге ие бола білді. Ол кадрларды олардың білігі мен қабілетіне қарай қызметке қоюды, оларды атқарған қызметінің түпкі нәтижесіне қарай әділетті бағалауды жүйелі жүзеге асырып отырды. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұжым мүшелерінің қызметтік міндеттерін атқаруға тиісті жағдай жасауды бақылау мен талапшылдық арқылы ұштастыра білді. Ораз Телемгенұлы әріптестерінің арасында үнемі ізденіп, педогогикалық жаңалықтарды оқу-тәрбие үрдісіне талғампаздықпен енгізіп отыратын сарабдал әдіскер ретінде танылды.

О.Телемгенұлы өзі басқарған ұжым жұмысын саралап, талдай отырып, аудан, облыс, республика көлемінде тәжірибе ретінде қорытып, таратып отырды. «Оқушыларды халықтық педогогика дәстүрінде тәрбиелеу жолдары», «Мектептің педогогикалық ұжымының, ата-анамен, қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстары» тақырыбындағы баяндамалары облыстық, республикалық педогогикалық оқулықтарда ұнамды бағаларға ие болды және арнайы аталып өтілді.

Ораз Телемгенұлы ұжым басшысы ретінде ең алдымен оқушылардың саналы тәрбиесі мен тиянақты білім алуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстады. Бұл тұрғыдағы  оның табанды қызметі жеміссіз болған жоқ. Сондықтан да қызметтері ескеріліп, 1970 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медальімен, 1980 жылы «Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері» төс белгісімен, 1989 жылы «Еңбек ардагері» медальімен марапатталды.

Ораз Телемгенұлы 1992-2005 жылдар аралығында аудан, облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып, «Мектеп психолыгы» ретінде жұмыс жасап психологиялық қызметтің өлкемізде дұрыс қалыптасуына өзінің үлкен үлесін қоса білді. Ол Маңғыстау аумағындағы 20 ғасырдың 20-сыншы жылдарынан бастау алған халыққа білім беру ісінің жаңа бағытын заманына сай шынайы сезіммен, адал еңбегімен қалыптастырған және аға ұрпақтың жақсы дәстүрін кезең талабына сай жалғастыра білген саусақпен санарлықтай өкілдердің алды болды. Ол өлкемізде, жалпы елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге уақытында көңіл бөліп, қоғамдық жұмыстарға да еттене араласқан азаматтардың бірі. Жас кезінен өскен ортасында шындықты сүйіп, әділеттілікті қолдап есейген ол 1980 жылдардың соңы 1990 жылдардың басындағы Кеңес Одағы кеңістігін шарпып өткен жариялылық пен демократияның алғашқы легінің алдыңғы қатарында болып, оның Маңғыстау өлкесінде қанат жаюына өз үлесін қосты.

Ораз Телемгенұлы 1989 жылдан бері Кеңес Одағы кеңістігіндегі алғашқы құрылған қоғамдық ұйымдардың бірі «Парасат» қоғамдық – саяси демократиялық қозғалыстың белсенді мүшесі. Қозғалыстың тұңғыш төрағасы республикалық «Азат» қозғалысының тең төрт төрағасының бір, республикаға белгілі қоғамдық қайраткер Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың саяси сенімді серіктерінің бірі.

1989 – 2005 жылдары «Парасат» қозғалысының Жыңғылды ауылдық «Парасат» қоғамдық бастауыш ұйымының төрағасы, «Парасат» қозғалысы Маңғыстау облыстық Кеңесінің мүшесі, «Ақ жол» кейін «Азат» («Нағыз Ақжол») партиясы бастауыш ұйымының төрағасы, облыстық Кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Ораз Телемгенұлы халақтың мүддесі үшін күш-жігерін, ой, сана-сезімін жұмсаған өлкеміздің зиялы азаматтарының бірі. Қоғамның өтпелі қиын кезеңінде заманның ағымы және қоғамның ықпалымен өмір сүріп, қара басын күйіттеп жүретіндердің қатарынан емес, шынайы тәуелсіздік пен демократиялық өркенниетті зайырлы қоғам құру үшін ат салысқан азаматтардың қатарынан табылды. «Парасат» қозғалысының қатарында осындай азаматтардың болуы қоғамдық ұйымның жұршылық алдында беделінің көтерілуіне, оның бағыт-бағдарының және көтерген мәселелерінің дұрыс екенін сезінуіне нәтижесінде жан-жақты қолдаушыларының көбеюіне зор ықпалын тигізді.

Бүгінде Ораз Телемгенұлы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында тұрып жатыр. Еңбек ардагері, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі. Құрметті зейнеткер.

ТҮЙТЕ Темірхан Ныгыметұлы

(1952-2007)

Темірхан Нығыметұлы 1952 жылы желтоқсан айының 12-ші жұлдызы күні Түркпенстанның Мары облысы, Байрамалы ауданы, «Равнина» кеңшарында дүниеге келді.

1968 жылы Темірханның ата-анасы Маңғыстауға көшіп келді. Орта мектепті Шетпе кентінен бітірген Темірхан 1973 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) педогогикалық институтының тарих-филология факультетін бітіріп шықты. Еңбек жолын Маңғыстау ауданындағы Қызан орта мектебінде мұғалім болып бастаған Темірхан Нығыметұлы 1981 жылға дейін осы ауданның бірқатар мектептерінде ұстаз болып жұмыс жасады. Кейін Жаңаөзен қаласына қоныс аударған Темірхан, мұнай кенорындарындағы мекемелерде және кәсіподақ ұйымдарында әртүрлі қызметтер атқарды.

Темірхан Нығыметұлы осы кезеңдерде Жаңаөзен қаласындағы өндірістік мекемелерде қазақ тілін дамытуда, іс қағаздарын мемелекеттік тілге көшіруге аянбай еңбек етіп, өлкемізде қазақ тілінің аясының кеңеюіне мол үлесін қосқан азамат. Алғашқы аудармашылардың бірі. Сонымен бірге өлкемізде шахмат спортының дамуына да өзіндік қол таңбасын қалдырды.

Темірхан Нығыметұлы 1997 жылы Ақтау қаласына көшіп келді. Осы кезден бастап, ол журналистикалық бағытқа бет бұрып, «Хабар», «Үш қиян», газеттерінде редактор, журналистикалық-тілшілік қызметтерде жақсы туындыларымен көзге түсті. Ол аймақтық «ОЛЖА-пресс» газетінің ашылуына еңбек етіп, оның екі жыл бас редакторы болды. Жора-жолдас айналасына адал, мінезі ақжарқын қолға алған шаруасына тиянақты Темірхан қай ортада болса өзін кішіпейіл, мәдениетті ұстай білді. Қолынан келсе кім-кімге де көмектесуге дайын тұратын елгезек «елім» деген жан болды.

Темірхан Нығыметұлы 1989 жылдан «Парасат» қозғалысының мүшесі.  Өмірінің соңғы жылдары ол нағыз ұлт жанашыры ретінде облыстағы саяси қозғалыстар мен партиялардың жұмысына белсене араласты.  Осы жолға күнкөріс немесе мансап үшін емес, ол тәуелсіз елімізде азаматтық қоғам мен демократиялық мемлекет орнатуға тікелей атсалысып, өз үлесін қосу үшін саналы түрде барды.

Темірхан Нығыметұлы өмірінің соңғы күніне дейін Республикалық «Нағыз – Ақ жол» («Азат») партиясының белсенді мүшесі, Маңғыстау облысты. филиалының аппарат басшысы болып қызмет атқарды. Аптал азаматтың өзі елдің қажеті тиелген нардың жүгін көтаргенмен, жалғандығы жан ауыртар бітпес қиянаттарға жүрегі шіркін шыдай алмады.

Темірхан Нығыметұлы Түйте 2007 жылы наурыз айында кенеттен қайтыс болып, 20-шы жұлдызында Қошқар-Ата қауымына қойылды.

УАЙДИН Нұркен Бүркітбайұлы

  1. 20. 04 күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Жаныс би ауылында туған. Журналист.Заңгер. Ақтөбе Мемлекеттік университеті филология факультеті, Қазан университеті құқықтану факультетін бітірген. 1989-1990 – «Қазақ тілі» қоғамында  Ақтөбе қалалық басқарма мүшесі. 1990-1991 – «Алдаспан» ҚСМБ, үйлестіру кеңесінің мүшесі. «Алдаспан» ұйымының шараларына ең жас мүше ретінде 10 –сыныптан бастап белсене қатысты.

УАҚ Әркен Батталұлы (1930-2003)

1930 жылы 15 тамызда Павлодар облысы, Шарбақты аудаыы, Тайкұйған ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Мәскеу қаласындағы Орджиникидзе атындағы геология-барлау институтын бітірген. Мамандығы - геолог-барлаушы. Геология ғылымының кандидаты. 150-ден астам ғылыми макалалар мен ғылыми-әдістемелік оқулықгардың жэне екі монографияның авторы.

1986 жылы желтоқсан көтерілісіне байланысты Алматы сәулет-құрылыс институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет істен жүрген жерінен мемлекетгік қауіпсіздік комитеті тарапынан тұтқындалып, жастар көтерілісін үйымдастырушылардың бірі деген жаламен түрмсіе қамалды. Қылмысы накты дәлелденбесе де, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 1994 жылдың 5 желтоксан күні кінәсінің жоғы дәлелденіп, толықтай ақталды. Ол «Азат» қозғалысының тәуелсіздік жолындағы әрекеттері мен шараларына қолдау білдіріп, белсене қатысты.

ХАЛЕН Ахметқали Серғалиұлы

1960 жылы 25 мамыр күні ҚХР Шағантоғай ауылында дүниеге келген.

1981-1987 жылдары ҚарПТИ инженер-механик мамандығын алып шыкты. 1986жылы 19 желтоқсанда Қарағанды қаласы, Гагарин алаңына Алматыдағы көтерілісті қолдап, бір топ алғашкы курс стуценттерімен көтеріліске шыкты.

1989 жылы Қарағанды қаласына отбасы жағдайына байланысты оралды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының мүшесі. Облыстық бөлім төрағасы болды.Қарағанды облысы бойынша қозғалыстың міндеттерін орындап, оның ұстанымдары мен құндылығын әлі күнге талмастан ұстанып келеді.

ХОШ Мэлсбек Хасанұлы  ( 1956 – 2008 )

Хош Мэлсбек Хасанұлы 1956 жылы қаңтардың 26 жұлдызы күні Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Шетпе кентіндегі № 2 орта мектепті бітірген соң ол еңбек жолын қарапайым жұмысшылықтан бастады. 1974-1976 жылдары әскер қатарында болып азаматтық борышын өтеп қайтты. Келгесін еңбектегі өмір жолын жалғастыра жүріп, Гурьев (қазіргі Атырау) педогогикалық институтының тарих факультетін бітірді.

1977-1981 жылдары Шетпе кентіндегі өзі оқу бітірген № 2 білім ордасында мүғалім болып жұмыс жасады.1981-1986 жылдары Маңғыстау аудандық атқару комитетінде жауапты қызметтер атқарды. 1986 жылы ауданда жаңадан ашалған аудандық мұрағаттың (архив) алғашқы директоры болып тағайындалды және оны 1997 жылы қаржы тапшылығына байланысты жабылғанға дейін басқарды. 1998-2001 жылдар өндіріс саласында жұмыс жасады. 2001 жылдан өмірінің ақырына дейін өзі туып өскен Маңғыстаудың қара шаңырағы Таушық ауылының білім ордасында мұғалім болып қызмет жасап келді.

Мэлсбек Хасанұлы өзі қызмет еткен өткен өмір жолдарында білікті маман, өз қызметін шебер меңгерген атқарушы қызметкер, ұлағатты ұстаз ретінде көріне білді. Өткен өмір жолдарында комсомол, партия, кәсіподақ қоғамдық жұмыстарына  да белсене араласып отырды.

Мэлсбек Хасанұлы өзіне де өзгеге де талап қоя білетін, әділдікті, шыншылдықты сүйетін азамат болып өсті. Күнделікті ортаға қоғамда болып жатқан өзгерістерге, жаңалықтарға өзіндік ой-пікірі, көз қарасы болды және оны көпшілік ортада, жиын, жиналыстарда көп алдында жария қылып білдіріп отырды.

Мэлсбек Хасанұлы 1989 жылдан Парасат» қозғалысының мүшесі. Ол 1990-1997 жылдары қоғамдық негізде Маңғыстау аудандық «Парасат» ұйымының төрағасы болып, қайта құру және елді демократияландыру жұмыстарының алғы шебінде жүрді. Сол кездегі аудандық «Азат» партиясының басшысы Жомарт Айдарбек және басқада ел азаматтары мен тығыз байланыста болып, жергілікті халықтың игілігі мақсатында келелі мәселелер көтеріп талаптар қойып отырды. Әрине бұл қоғамдық жұмыс «Парасат» қозғалыс басшысы С.Шапағатов және оның серіктері басшылығымен жүзеге асырылып отырды.

Мэлсбек Хасанұлы 1991 жылы аудан орталығы Шетпе кентінде, Желтоқсан жастар қозғалысының (көтерілісінің) 5 жылдығын атап өтуді ұйымдастырды. 1992 жылы қазақ халқының ұлттық мейрамы – Наурыз мерекесін насихаттау мақсатында аудан орталығы Шетпе кентінде киіз үйлер тігіп, мәдени шаралар және наурыз көже ұйымдастырып аудан жұршылығын мерекелік ұлттық көріністермен тәнті етті. «Парасат» және «Азат» қозғалыстары атынан киіз үйлер тігіп, алғаш рет аудан орталығында «Парасаттың» ақ туын желбіретті. Осы шарада Хош Мэлсбек және Айдарбек Жомарт бастаған «Парасат» қозғалысының белсенділері, алдында ғана қайтыс болған марқұм Сайын   Шапағатовтың жарқын бейнесін еске алып, оның өзі өмірден кетсе де ісі өлмейтіндігін, оның дәлелінің бірі, кезінде Сайынның бастамасы мен өлкемізде алғаш рет ұйымдастырылып, бүгінде жалғасын тауып жатқан  осы шара екенін жиналған көпшілік қауымға паш етті.

Хош Мэлсбек ауданда дәстүрлі ислам дінінің таралуына және имандылықтың қалыптасуына, ата – салт дәстүріміздің қайта түлеуіне сүбелі үлесін қосты. Соның айғағы 1992 жылы Құлсары қаласынан Тұрар Шапқари атты жас имамды шақырып алдыруына және оның алдындаға ғана Айдарбек Жомарт екеуі бірлесіп, ескі музика мектебін жөндеуді ұйымдастырының нәтижесінде ашылған мешіт-медресеге бала оқытатын имам-молда етіп тағайындалуына зор ықпалын тигізді.Сол мешітте жас имам-молда Тұрар Шапқари діни сабақтар жүргізіп, жас жеткіншектерге «Исламдағы 40 парыз», «Мұқтасар», «Құран» әліппесін, «Имам шарт», тағы басқа намаз сабақтарын үйретті.

Хош Мэлсбек 1993 жылы аудандағы діни-қайырымдылық «Сауап» қоғамының құрылуына мұрындық болып, жарғысын жасақтауға көмектесті және «Сауаптың» алғашқы құрылтайында, қоғамның төрағалығына елге сыйлы ақсақал, белгілі халық емшісі Түйебаев Тұқымбайдың сайлануына ықпал етті.

1993 жылы  алғаш рет  аудан орталығы  Шетпедегі  мешіт-медреседе «Ораза айт» діни мейрамын өткізуді  ұйымдастырды.  Сол жылы аудан орталығындағы  қазіргі тұрған болашақ салынар Алланың  үйі – ақ мешіттің  алғашқы қазығын      аудан әкімінің орынбасары   Күзембай Үйсінбаев, имам Тұрар   Шапқари,  аудандық «Парасат»  қозғалысының  төрағасы  Мэлсбек  Хош, «Азат»  партиясының  аудандық  ұйымының  төрағасы  Жомарт  Айдарбековтер   болып  қаққан  еді.  Ауыл  мұғалімдерінің  еңбек ақысына  25% үстеме  ақы  төлейтін  болып  заң  шыққан  уақытта,  әлеуметтік  жағдайы  ауыл  мұғалімдерінен де  төмен  не қолында  малы,  не басқаша  күнелтіс  көзі  жоқ  аудан  орталығы   мектептеріндегі  мұғалімдерге  де  үстеме  пайыз  еңбек ақы  төлету үшін  «қала  типтес поселке»  деген  аты  бар да,  заты жоқ  Шетпеге  селолық  статус  беруді   сұрап бастама   көтерген де  осы  Мэлсбек  Хасанұлы  мен Жомарт Айдарбек болатын.  Нәтижесінде Шетпеге  селолық  статус беріліп,  мұғалімдерге  үстеме ақы  төленді.

Облыстық «Парасат» қозғалысының әр кездегі ұйымдастырған  жұмыстарына белсене арласты. Түрлі деңгейдегі өткен сайлауларға «Парасат» қозғалысы атынан тәуелсіз бақылаушы ретінде бірнеше рет қатысты. Қазақстанға, соның ішінде Маңғыстау облысына шетелден әкелінетін радиоактивті қалдықтарды көмуге қарсы акцияны  ұйымдастыруға белсене араласып,  Таушық ауылы тұрғындарынан 400-ден аса қол жинады. 1992 жылы Жаңаөзен қаласындағы аштық жариялағандарды қолдау  мақсатында  Маңғыстау  ауданынан арнай өкіл ретінде барды. Ол сол кездегі «Парасат» қозғалысының төрағасы Қанат Мұхамбетов және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Өзен қаласына  арнайы  жіберілген жауапты  өкілі Қ. Тақуов және басқа азаматтармен  бірге Жаңаөзен  қаласындағы жағдайды  елбасы  Назарбаевқа  баяндау  үшін  Ақтау  қаласына келді. Нәтижесінде қойылған талаптар орындалды. «Өзенмұнайгазды» «Ембімұнайға» еріксіз қосатын  кезде де ол өлке  болашағына  өзінің алаңдаушылығын  білдірді.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына  алғашқылардың бірі болып мүше болды. Маңғыстау облысы бойынша «Ақ жол» партиясының бастауыш партия ұйымы алғаш рет Таушық аулында құрылып, оның төрағалығына Хош Мэлсбек Хасанұлы сайланды.

Мэлсбек Хасанұлы 2003 жылы “Парасат” қозғалысы атынан Түпқараған ауданынан облыстық мәслихаттың депутаттығына дауысқа түсті. Егер әділ сайлау болғанда Мэлсбек Хасанұлы сол жылы облыстық мәслихаттың депутаты болары сөзсіз еді. Өкінішке орай аңғал асыл азаматқа берілген халықтың дауысы ұрланды, жарамсыз болды.

2007 жылы Қазақстанның демократиялық “Ақ жол” партиясының құрылтайының шешімі бойынша партиялық тізіммен Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылды.

Хош Мэлсбек Хасанұлы 1989 жылдан «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының белсенді мүшелерінің бірі және осы қозғалыстың Таушық бастауыш ұйымының төрағасы, облыстық Кеңестің мүшесі. Облысымыздағы демократиялық үрдістердің дамуына аянбай өз үлесін қосып жүрген азаматтардың ірі тұлғасы.

Төрт баланы асырап өсірген Хош Мелсбек Хасанұлы өмірінің соңғы кезеңіне дейін өзінің туған жері Таушық ауылында тұрып, жергілікті Таушық орта мектебінде ұстаз болып жұмыс атқарды. Ол 2008 жылы қыркүйек айының 9 жұлдызында кенеттен ауырып қайтыс болды.

2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында «Парасат» қозғалысының, «Қосай Ата» қорының және басқа да қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен қайтыс болса да оған «Парасат» қозғалысының 20 жылдығы және Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың 70 жасқа толу құрметіне байланысты ұлттық демократияны дамытуда қоғамға сіңірген еңбегі үшін  «Ер Қосай» медалі берілді. Марапаттау рәсімі Шахты орта мектебінде ұйымдастырылып, салтанатты жағдайда мектеп ұжымы мүшелері алдында марқұмның жұбайы Фатимаға тапсырылды. Сол күні қауым басына барып, оның рухына құран оқылды.

Оның жарқын бейнесі саяси күресте бірге жүрген пікірлес серіктерінің, оның елім деп соққан жүрегін, ой-сезім, жан дүниесін қастерлеп түсінетін жанашыр жұртының мәңгі есінде.

ШАПАҒАТ Сайын (1940-1991)

Қазақстан демократиялық саяси ұйымдарының көшбасшы қайраткерлерiнiң iрi тұлғасы. «Парасат» қозамдық - саяси демократиялық қозғалысының тұңғыш төрағасы - Сайын Нәдiрұлы Шапағатов 1940 жылы қаңтар айының 4 жұлдызы күнi Маңғыстау өңiрi Форт – Шевченко (ежелгі атауы Ақкетік) қаласына қарасты Тельман елдi мекенiнде қарапайым ағартушы мұғалiмнiң отбасында дүниеге келдi. С.Н. Шапағатов 1947 жылдан бастап Форт – Шевченко қаласындағы С.Н. Киров атындағы орта мектепте 1-шi кластан бастап 5-шi класқа дейiн оқып, әкесi Нәдiрдiң Гурьев қаласына (қазiргi Атырау) қызмет бабымен қоныс аударуына байланысты орта мектептi 1957 жылы Гурьев қаласынан бiтiрдi.

Орта мектептi үздiк бiтiрген Сайын Нәдiрұлы 1962 жылы Алматы тау – кен, 1969 жылы Мәскеудiң Губкин атындағы жоғарғы оқу орынын қызыл дипломмен бiтiрiп шықты.

Сайын Нәдiрұлы Шапағатов - қысқа қызықты да қиын – мәндi өмiрi, қарапайым мұнайшы оператор, комсомол, кәсiподақ, партия қызмет жолдарынан өтiп, iрi саяси тұлға – қоғамдық қайраткер дәрежесiне дейiн көтерiлдi. Жасаған жұмыс жолдарында ұйымшылдығымен, принциптi – турашылдығымен, кiшiпейiл – адамгершiлiгiмен ерекше көзге түстi.

Қайта құру және елдi демократияландыру кезеңiне уақытында өз үлесiн қосқан - ең алғашқы белсендi азаматтардың бiрi болды. Ұлтымыздың мәдениетi, әдеп – ғұрпы, салт – дәстүрiнің қайта түлеуiне, ұлттық мамандарымыздың өмiрден өз орынын тауып көтерiлуiне, ана тiлiмiздiң дамуына, тарихи жер атауларының қайтарылуына зор ықпалын тигiздi. Халқының қамына, елiнiң болашағына ат үстi - салғырт қарайтын кейбiр партия, совет басшылығына қарсы ашық сын пiкiр айтып, ұсыныс талаптар қойып батыл күрес жүргiздi. Оның батылда орынды ұсыныс, талап – тiлектерi, халқының бүгiнгiсiмен болашақ тағдырына жаны ауыратын партия, кәсiподақ, комсомол қызметкерлерi мен мәдениет – өнер, оқу – ағарту, денсаулық сақтау интелегенциясы және көзi ашық жұмысшы – шаруа өкiлдерiнiң арасынан қызу қолдау тапты.

Сайын Нәдiрұлы Шапағатовтың «Парасат» қоғамын құрудағы көздеген басты мақсаттары:

  1. Сол кездегi қоғамдық қайшылықтардың, партия және өкiмет басшыларының жiберген саяси қателiктерiнің нәтижесінде туындаған халықтың наразылығына бей – берекет қозғалысына басшылық ету, саяси жаңа бағыт - бағдар беру, әлеуметтiк жағдай мен адам құқына байланысты туындаған қарама – қайшылық басқа ұлт өкiлдерiнiң кiнәсiнен емес екенiн түсiндiру, ұлт - аралық қақтығысқа айналып кетуiне жол бермеу;
  2. Партия және өкiмет басшылық аппаратындағы тоқырау кезеңнiң қабiлетсiз басшыларын жаңа буын жаңа бағыттағы мамандармен алмастыру;
  3. Тұрмыс жағдайлары нашар өз жерiнде өгей баладай күн кешкен жергiлiктi тұрғындар мен басқа ұлт өкiлдерiнiң әлеуметтiк жағдайын жақсартуға, үймен қамтылуы және өз мамандығына сай жұмысқа орналасуына ықпал ету;
  4. Халықтардың мәдениетiн, тiлiн, әдеп – ғұрпын, салт – дәстүрiн, дiнiн дамытуға және әулие аруақтарды құрметтеуге, жастарды имандылыққа үлкендi құрметтеуге кiшiге қамқор болуға тәрбиелеуге, тарихи жер атаулары мен қала атауларын қалпына келтiруге, ұлттық бала – бақшалармен мектептер ашуға күш салу;
  5. Өндiрiстiң әртүрлi салаларына жергiлiктi ұлт өкiлдерi мамандарын көбiрек тарту, жұмысқа кiргiзу және болашақ ұлттық мамандарды дайындау үшiн жастарды оқуға жiберу, олардың оқу орынына түсуiне жағдай жасау;
  6. Өлкемiздiң және қоршаған ортаның табиғи байлығын қорғауға, экологиялық қауiпсiздiктi орнатуға бағытталған шараларға белсене араласу;
  7. Аймақтық экономикалық проблемаларды шешуге, заңсыздықпен күресуге және жеке адамдардың мүддесiн қорғауға регионалдық – қоғамдық күштердi жұмылдыру.

Ия, сайын Нәдiрұлы Шапағатов халқының бүгiнгiсi мен ертеңгiсiн ойлаған сол үшiн аянбай өз бiлiмiн, сана – сезiмiн, ақыл – ойын жұмсаған, өзiнiң алға қойған мақсатына бүкiл саналы болмысы мен денсаулығын арнаған, «Елiм» - деп еңiреген саусақпен санарлықтай азаматтардың бiрi және олардың басшысы болды.

«Парасат» қозғалысының құрамына өлке азаматтарының басын бiрiктiруде және облыстық республикалық, одақтық деңгейге дейiн халықтық мәселелердi батыл көтеруде қозғалыстың тұңғыш төрағасы, оның саяси идиологиялық қолбасшы – көсемi Сайын Нәдiрұлы Шапағатовтың еңбегi зор едi. Азғана уақыт iшiнде өзi құрған қоғамды қозғалысқа айналдырып, оның өрiсiн ұлғайтып, көршiлес Гурьев, Ақтөбе, Астрахан, Орал, Қызылорда облыстарымен қатар Өзбекстанның Қарақалпақ автономиялық Республикаларымен Мырзашөл аймақтарына да тамырын жайды.  Көп ұзамай С.Н. Шапағатов 1990 жылы құрылған Республикалық «Азат» қозғалысының тең төрағаларының бiрi болып сайланды.

1990 жылы желтоқсан айының 9-шы жұлдызы күнi, Ақтау қаласында облыстық партия комитетiнiң үгiт – насихат залында (қазiргi Ақтау университетiнiң конференц залы) ұйымдастырылған «Парасат» қоғамының кезектi құрылтайы жиналысына Қазақстан және басқа да одақтас республикалар аймақтарынан (Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Алматы, Астрхан, Красноводск, Бекдашы қалалары мен Өзбекстан, Қарақалпақстандағы қоғамдық ұйымдар мен жекелеген ұйымдардан) өкiл – делегаттар қатынасып, нәтижесiнде сол уақыттағы қалыптасқан саяси – әлеуметтiк экономикалық және экологиялық, идеологиялық жағдайларға байланысты облыстық, республикалық, Одақтық деңгейдегi басшылыққа арнайы үндеу мен талап – тiлектер, ұсыныстар қабылдады.

Құрылтайда «Парасат» қоғамы қозғалыс болып қайта құрылып, оның кеңейтiлген аймақтың Кеңесi сайланды. Жиналыс соңында «Парасат» мәдени орталығының облысқа, республикаға танымал өнерпаздарының қатынасуымен үлкен концерт ұйымдастырылды. Бұл, бас қосуда, басқа облыстар мен республикадағы қоғамдық ұйымдар басшылары және жекелеген белсендi – беделдi азаматтармен тығыз байланыс жасалып, қоғамды – үлкен ауқымды аймақтық саяси бiрлестiкке айналдыру туралы маңызды – тарихи саяси шешiм қабылданды. Ондағы мақсат, шынайы егемендiк, демократия мен әдiлет жолындағы күрестi бiрнеше ұйымдар бiрлесе отырып жүргiзу әкiмшiл, әмiршiл жүйеге, партократия мен бюрократияға топтасқан түрде соққы беру едi. Мiне, С.Н.Шапағатов және оның саяси серiктерiнiң қоғамды – қозғалысқа айналдырудағы негiзгi мақсаты осы болды.

С.Н. Шапағатов қоғамды қозғалысқа айналдыру, Батыс аймақтық қоғамдық үйымдарды бiрiктiру арқылы оларды Республикалық «Азат» қозғалысы туы астына шоғырландырып, «Азат» қозғалысын үлкен саяси – демократиялық күшке айналуына өзiнiң күш – жiгерiн, бiлiм ой – сезiмiн жұмсап, аянбай еңбек еттi.

Қазақстанның көрнектi қоғам қайраткерi, өз ұлтының Отанының патриоты, демократ С.Н. Шапағатов 1991 жылы желтоқсан айының 1-iншi жұлдызы күнi кенеттен ауыр науқастан қайтыс болды.

ШАЯХМЕТ Ақылбек Қожаұлы

1951жылы 17 маусымда Қостанай облысы, Жетіғара ауданы, Желқуар ауылында дүниеге келген. Қазақ МУ мен Мәскеудің Әдебиет институтын бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын, жазушы, драматург. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 24 кітаптың авторы. Халыкаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы. Қазақтардың бірінші және үшінші дүниежүзілік құрылтайының делегаты. Қостанай өңірінде қазақ мектептері мен бала бақшаларының ашылуына белсене атсалысты. Облыстық ономастика және топономия жөніндегі комиссия мүшесі ретінде елді мекендер мен жер, су тарихи атауларын қайтару мәселесін көтеруде белсенділік танытты.

«Азат» қозғалысының ұстанымы мен бағыттарын қолдап, іске асыруға белсене араласқан белсенді азамат.

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді Ерденұлы

1951 жылы Ақмола облысы, Балқашин ауданы, Амангелді (Жыланды) ауылында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. Білім және ғылым министрлігінің Экономика институтының Астанадағы филиалының директоры. Ұлттық жұмыстағы негізгі бағыты - саяси-қоғамдық жұмыс арқылы қазақ мемлекеттілігінің шынайы экономикалық, саяси-тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ халқының мемлекет құрушы, мемлекет иесі ретіндегі бірден-бір ұлт болуы үшін күресу. 1985 жылдан 1987  жылға дейін Арқалық Педагогикалык институтында студенттердің «Жадыра» шығармашылық бірлестігін құрып, жетекшілік етті. 1986 жылдың 18 желтоқсанында Қазақрадиосынан солақай саясатка қарсы сөз сөйледі. 22 желтоқсанда 1986 жылы институт қабырға газетінде Лениндік ұлттык саясат жайлы мақаласы жарияланып, сол кездегі куғын-сүргінге түсті. 1987 жылы каңтар, ақпан айларында 1931-33 жылғы Қазақстандағы аштық жайлы лекциялар оқып, жергілікті «Ұлтшылдар көсемсымағы» деген атаққа ие  болды. Партком,ректорат шешімімен Арқалықтан кетуге мәжбүр болды. 1987 жылдан Целиноград қаласында. Ақмола қалалық студент жастарының «Парасат» қоғамдық бірлестігінің саяси жетекшісі болды. Целиноград (Ақмола) қаласында желтоксан оқиғаларына (1986 ж.) арналған митингілерді басқарды. 1990-1993 ж.ж. тоталитарлық жүйені айыптап, аштық, қуғын-сүргінқұрбандарына арналған шаралар ұйымдастырып, басқарды.

«Ақмола аты қайтарылмай елге қайтпаймыз» деген ұранмен Алматыдағы Жоғарғы Кеңес үйі алдында аштық жарияланған топты басқарып барды.

«Азат» қозғалысының Ақмоладағы бөлімшесін құруға белсене кірісті.

 

 

 

 

Пікірлер