Линдердің қазасынан кейін ауыр атлеттер медальдарын қоқысқа тастады (видео)

858

Қазақстандық ауыр атлеттер Михаил Макеев пен Фархат Самарханов әріптестері Альберт Линдердің қайғылы қазасына байланысты видео үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

25 жасар ауыр атлет Линердің жақында қайтыс болған еді. Ол аз ғана уақыттың ішінде жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанып үлгерді.

— Менің атым – Макеев Михаил. Альберт Линдердің қазасынан кейін мен бір нәрсені түсіндім, жылдар бойы қан мен теріммен тапқан медальдар маған енді қажет емес. Мен өз халқым үшін емес, басқа адамдардың пайдасы үшін жаттығып, жарыстарға қатысқандықтан, маған енді олар қажет емес, – деді Макеев медальдарды қоқыс жәшігіне лақтырып жатып.

Тағы бір спортшы Самарханов та осындай ойымен бөлісіп, бейнежазбаға түсті.

— Баршаңызға Ассалаумағалейкүм! Мен бұл видеоны ауыр атлетикаға қатысы бар барлық адамға және қарапайым халыққа жеткізгім келеді. Альберт Линдерді еске алу үшін бір ауыз сөз айтқым келеді. Жас кезімізде біз үлкен биіктерге қол жеткізгіміз келді, бірақ кедергі көп болды. Ал Альбертпен болған жағдайда оның өміріне балта шабылды, – деді спортшы.

Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа да спорттағы қиындықтар туралы айтып өтті.

— Бізге жаттықтырушылар: «Орныңды баса алмайтын адам болмайды. Сен кетсең, басқасы келеді»,— деп айтатын. Сондықтан сендерді де бір күні өзгелер алмастырады. Ал бұл медальдар маған енді керек емес. Оларды үйімнің қабырғасына іліп, шаң жинап, өмірімнің бос кеткен жылдарын еске түсірудің мағынасы жоқ, – деді Самарханов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

<>

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы