Талибан: Өзбек тілін ресми тіл статусынан айырып, Ұлттық ассамблеяны әлсіретті

4086

"Талибан" қозғалысы өзбек тілін Ауғанстанда уақытша ресми тіл статусынан айыратын жарлық шығарды. "Негіздер" деп аталатын заңдар жинағы бойынша енді Ауғанстанда мемлекеттік тілдер пушту және дари тілдері болса, бір ғана ресми дін ол Ислам дінінің сүннит тармағының, ханафит мазхабы болмақ. Сонымен қатар заңда елде шииттердің көптігі мен солтүстік аймақта өзбек тілінде сөйлейтін көпшіліктің бары да айтылған.

Заң бойынша Ауғанстанда әр аймақ өкілдері кіретін ислам заңгерлерінің кеңесі мен жоғары кеңестер құрылмақ. Атқарушы биліктің басшысы президент болмақ, оны халық пен жоғары кеңес мүшелері сайлайды. Құжатта Ауғанстан ұлттық ассамблеясы депутаттарын бірқатар құқықтан айырып, "Ағылшындардан, орыстардан, американдықтардан тәуелсіздік алған күн" мерекесін белгілейді.

Бұған дейін өзбек билігі Ауғанстанда өзбек тілінің ресми статусы сақталады деп мәлімдеген еді. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы