Денесінің 90 пайызын күйік шалған ер адам көз жұмды

3081
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде денесінің 90%-ын күйік шалған ер адам ауруханада көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17-18 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары аумағында 6 дала өрті сөндірілген.

"Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінде болған табиғи өртті жою кезінде Егіндібұлақ ауылының 1989, 1979 және 1973 жылы дүние келген үш тұрғынының денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Олар 18, 28 және 90% термиялық күйік алған", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Нәтижесінде денесінің 90%-ы күйіп қалған 48 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Тағы екі зардап шегуші ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қалыпты.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 300-ден астам адам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде дала өрттерін сөндіруге қатысу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер