Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті

619

«Өзбекстаннан бауырлас Ауған халқына». Дәл осындай ұранмен көрші ел президентінің атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

1300 тонна жүк темір жол арқылы Балх провинциясына жеткізіліп, тәліптерге тапсырылған. Енді ұн, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмектер мен киім- кешектер Ауғанстанның мұқтаж азаматтарына таратылмақ. Гуманитарлық көмек көрсеткені үшін тәліптер Өзбекстан президентіне алғыс білдірді.

Айта кетейік, Ауғанстанда азық-түлік тапшылығына байланысты БҰҰ Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстандағы қоймаларда бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қорын арттыруға кіріскен. Қазір көрші Өзбекстанның Термез қаласында негізгі логистикалық орталық құрылған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы