Шымкентте сапалы интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда

2483
Adyrna.kz Telegram

Үшінші мегаполисте интернеттің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыс қарқын алған. Оның ішінде мобильді және оптикалық-талшықты интернеттің таралу аясын кеңейту жұмыстары да бар. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов мәлімдеді.

Қала аумағындағы интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оптика тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте Нұртас, Тассай, Таскен, Пахтакор шағын аудандарындағы 4 көшеге кабель жүргізіліп, интернетке қосылды. Ал Ақжайық  және Достық шағын ауданына талшықты оптика желісі толық 100% жүргізілді. Сонымен қатар, жеке инвестор «Fishnet» ЖШС-мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде инвестор есебінен 2021–2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға қаржы қарастырылып отыр. Нәтижесінде, 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылады,– деді басқарма басшысы.

Әсет Әбдіраханов – Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы

Өңіраралық байланыс инспекциясы өз құзыреті шеңберінде байланыс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл ретте заңнаманы бұзғаны үшін байланыс операторларын жауапкершілікке тартады. Инспекция қызметінің маңызды бағыттарының бірі – байланыс қызметкерлерінің сапасын бақылау, – дейді Ержан Дәулетұлы.

ЕржанТоқтағұлов - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы

Айта кетейік, басқарма өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала аумағындағы 45 елді мекен мен шағын аудандарға арнайы құрылғылармен байланыс сапасын тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, Абай ауданына қарасты 3-мөлтекаудан, Агроферма Қарасу, Әл-Фараби ауданына қарасты Қазыбек би 15 және Қаратау ауданынан қарасты Нұртас мөлтек ауданы Кұлагер көшесі 255 мекенжайларында интернет сапасы талапқа сай болмауына байланысты айыппұл салынған.

Пікірлер