Алматы облысында мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсады

3845
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының Ават ауылында 46 жастағы мектеп директорының асылып тұрған денесі өз үйінің қорасынан табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Білім ордасындағы кикілжіңдер адам өліміне әкелуі мүмкін деген болжамдар айтылды.

Марқұм Азизжан Дараев 2011 жылдан бері Г. Садвакасов атындағы мектепте жұмыс істеген. Үш баласы бар. “Экпресс К” басылымы ауыл тұрғындары мектеп директорының парасатты адам болғанын айтып өлім себептерін жіті тексеруді талап ететіндерін мәлімдеді.

“Қол астындағы қызметкері мен мектеп директорының арасында жанжал болған. Мектепте құйтырқы әрекеттерге барған үшін педагог жұмыстан шығарылған. Десе де, әлгі қызметкер сот арқылы қайта оралып, директорға қоқан-лоққы көрсеткен. Соттың барлық инстанциялары арқылы шағым түсірген”, – делінген жазбада.

Айта кетейік, қазіргі таңда мектеп директорының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталуда. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер