Талибан АҚШ-ты "Адам еместердің қоғамы" деп айыптады

1878

Талибан радикалды қозғалысының өкілдері Батысты "Адам еместердің қоғамы" деп айыптады. Талибан қозғалысының жетекшілерінің бірі Забиулла Муджахид бүгін батыс әлемі жайында осындай тосын мәлімдеме жасады.

Забиулла Муджахид өз сөзінде:

"Батыс біздің ісімізге араласпасын! Олар біздің барлық ресурсымыздан айырып жатыр. Біздің ғалымдарды, ұстаздарды, дәрігерлердің бәрін өздеріне тартып алды. Олар Америкаға барып, еден жуады, ыдыс-аяқ жуады. Бұл адамгершілікке жатпайды",-деді.

Талибан жетекшісі Ауғанстаннан АҚШ-қа ауып кеткен интеллегент, білімді адамдар мен мамандардың соңынан ешқашан да қудаламаймыз, оларға келемін десе есік ашық екенін ескертті. Оларға Ауған жерінде болашақта да ешқандай қауіп болмайтынын атап өтті.

Белгілі арап және ислам әлемінің зерттеушісі Борис Долгов дәл қазіргі уақытта АҚШ пен Талибан арасында нағыз пропагандалық соғыс жүріп жатқанын айтты. Ғалым алдағы уақытта Ауғанстаннан ауып кеткен адамдар еліне оралар болса, онда оларды діни принциптегі қатаң жазалар күтіп отырғанын да айта кетті.

Бірақ Ауғанстанға бәрібір заманға сай мамандар керек екенін Талибан радикалды қозғалысының өкілдері де жақсы біледі. 

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар