Бақыт Сәрсекбаев пен Бахтияр Артаев "жекпе-жекке" шыға ма?

3614
Adyrna.kz Telegram

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев 2004 жылғы Олимпиада ойындарының тағы бір жеңімпазы, Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушы мәселелері бойынша вице-президенті Бахтияр Артаевты "жекпе-жекке" шақырды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "vesti.kz-ке" сілтеме жасап.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасындағы жанжал аясында Б.Сәрсекбаев боксшы Анджелина Лукасты жақтап, оны отандасы Назым Қызайбайға қарсы жекпе-жекке дайындауға дайын екенін жеткізді. Және Б.Артаевқа  Назымға жаттықтырушы болуды ұсынды.

«Бізде қазір әйелдер боксында сөз жүзінде "жекпе-жектер" болып жатқандықтан, Бахтияр Артаев, мен сізге Назым Қызайбайды дайындауды ұсынамын, мен Ангелина Лукасты дайындаймын. Ал жеңімпаз кім болатынын көреміз», - деді Б.Сәрсекбаев.

Әйелдер командасындағы жанжал А.Лукас Президентке жүгініп, командадағы жағымсыз жағдайларды жеткізіп, Н.Қызайбайды допинг қолданды деп айыптағаннан кейін басталды.

Сондай -ақ, оның айтуынша, Артаев оны Қазақстан құрамасынан заңсыз шығарған. Осыдан кейін «Лукас ісін» Мәдениет министрлігі өз қолына алды. Бұған дейін осындай талапты Н.Қызайбайдың өзі айтқан.

Айта кету керек, А.Лукастың мәлімдемелерінен кейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасында жаттықтырушы ауысты. Сондай-ақ дәл осындай жағдай ерлер құрамасында да болды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер