Жамбылдағы жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды

3575
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында болған жарылыста зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндіруші Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың бірінде ем алып жатқан.

"Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші көз жұмды. Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын", - делінген хабарламада.

Сонымен жуырда Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Олардың қатарында азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор бар.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер