Танымал қазақстандық режиссер діни радикализм жайлы пікір білдірді

2455
Adyrna.kz Telegram

Әйгілі қазақстандық режиссер Али Шер Сулеймен діни радикализммен күресу жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Діни радикализмнен халқымызды қорғайтын қанымызда алмас қылыш бар, ол – біздің ұлттық дәстүр-салтымыз. Ғасырлар бойы шыңдалып, елімізге сіңген дәстүр-салтымыздың омыртақысында: кішінің үлкенге, ағаның ініге, баланың ата-анаға, ер адамның әйелге деген қатынасында - мейірімділік, сабырлық, кішіпейілділік, ұстамдылық, ынсап деген имандылықтың түп тамырын құрайтын ұғымдар жатыр. Егер салт-дәстүрімізді қастерлесек, тәрбиенің қылыш-қалқаны осы»,– деді ол.

Сондай-ақ режиссер діни ағартуды дамыту керек екенін атап өтті.

«Қалай, қашан келген дін, қай дін?Дін тарихы, діни ағарту пәндері арқылы мектептен бастап зерттеу артық болмас. Жастарымызға менің ойымша сонда ғана дінді еркін түсінуге, жете түсінуге саналы жол ашылады»,– деп сөзін толықтырды А.Сулеймен.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер