“Пәтер алып беремін”: түркістандықтар 15 млн теңгесінен айырылды

1800
Adyrna.kz Telegram

Түркістан полицейлері тұрғындарға пәтер алып беремін деп 15 миллион теңге шығын келтірген алаяқты ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Арызданушының айтуынша, бұрын соңды таныс емес ер адам Шымкент қаласынан үй алып беремін деп 2 500 000 теңгесін қолма-қол бергенін, алайда арадағы уәде орындалмағанын айтып жеткізген. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 15 миллион теңгені құрады.

«Арызды полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тәртіп сақшыларының атқарған жедел шаралары нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын соңды осындай алаяқтық жайтына қатысы бар азамат болып шықты. Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті ер азамат өз арам ойын іске асыру үшін Кентау қаласының тұрғынын жолықтырып, Шымкент қаласынан үй алып беремін деген жалған уәдесімен сеніміне кіріп, ақшасын алып алады. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 1 жыл бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған»,– делінген хабарламада.

Сондай-ақ кентаулық полицейлер күдікті азаматтың 13 тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Қазіргі уақытта орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер