Шымкенттік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль иеленді

2193
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды. Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысқан болатын.

Олипиададан оза шапқан шәкіртке де ұстаз бен ата-анаға да алғыс зор.Бүгін сала басшысы Жанат Тажиева мен Назарбаев зияткерлік мектебінің басшылығы география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алған ЕркебұланТазабекке құрмет грамотасын табыстады. Олимпиадаға Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан төрт оқушы - республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысқан болатын. Кіл мықтылардың арасынан суырылып шыққан  шымкенттік шәкірт қаланың абыройын асқақтатты.

Еркебұлан Тазабек олимпиада жеңімпазы: Мұндай олипиадалар мен білім жарыстары біздерді шыңдай түседі...

Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Зияткерлік сайыстың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаған қазақстандық төрт қатысушының үшеуі жүлдегер атанды. Олимпиада үш сатыда ұйымдастырылды. Жазбаша тест, мультимедиялық тест және далалық тур, оның форматы географиялық жағынан көптеген ұлттық олимпиадаларға ұқсас дейді мамандар.   Биыл оқушылар өз рекордтарын жаңартты.

Раушан Джеренова Дарын орталығының директоры
Айта кетейік, бүгінде елімізде  дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйелі жолға қойылған. Ел президенті Қ.Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын қолдау бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Соның аясында бұл бағыттағы жұмыстар үшінші мегаполисте де өз нәтижесін беруде.

 

М.Рысбаева

Пікірлер