Куба әлемде ең алғашқы болып 2 жасқа толған балаларға вакцина сала бастады

3184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/sveikata-1576-87347209.jpg
Куба екі жастан асқан балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялай бастаған әлемдегі алғашқы ел болып танылып,  2 мен 18 жас аралығындағы балаларға отандық «Соберана-2» вакцинасын сала бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Клиналық сынақтарға сәйкес аталған екпенің балаларға қауіпсіз екені дәлелденген. Ал ересектер жергілікті мамандар әзірлеген «Абдала» атты екінші екпені қабылдауда. 5 қыркүйектегі жағдай бойынша қазір Кубада 4,09 миллион адам коронавирусқа қарсы толық егілді - бұл халықтың 36,1% көрсеткішін құрайды. Пандемия басталғаннан бері елде коронавирустың 696 904 жағдайы тіркелді, одан 5 788 кубалық қайтыс болды. Ел халқының саны 11,33 млн. Билік осы айдың аяғына дейін халықтың 90%-ына екпе салып үлгереміз дейді. Айта кетейік, өткен аптада Кубада күніне 7 мың адам індет жұқтырып, 70-80 кісі көз жұмған болатын. Мамандар бұл 100 мың тұрғынға шаққанда әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі деп есептейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии