"Талибан" қозғалысы Ауғанстанның жаңа үкіметін құрды

3339
Adyrna.kz Telegram

«Талибан» қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид Ауғанстанның жаңадан құрылған үкіметтегі жаңа тағайындаулар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Ауғанстан Ислам эмиратының» премьері міндетін атқарушы қызметіне молла Мохаммад Хасан Ахунд тағайындалды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары  Мулла Абдул Ғани Барадар болды. Ол топтың ұйымдастырушысының бірі, қуғында жүргенде Қатарда Талибан үкіметін басқарған.

Екінші орынбасары-Мулла Абдул Салам Ханафи. Ол Дохада өткен келіссөздерде тәліптер делегациясының екінші тұлғасы болды.

"Талибан" қозғалысын саяси қанатының мүшесі - молла Абдул Хак Васик Ауғанстанның барлау министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін тәліптердің саяси басқармасында Еуропа бөліміне жетекшілік еткен.

Ауғанстанның қорғаныс министрі «Талибанның" негізін қалаушылардың бірі молла Мұхаммед Якуб Мужахидтің баласы болды.

ІІМ басшысы болып қозғалыс көсемдерінің бірі Сираджуддин Хакканидің ұлы тағайындалды. Ол ұйымның ең радикалды қанаты «Хаккани желісіне» жетекшілік еткен.

Білім министрі - шейх Мавлави Нурулла Мунир басқарса, Мәдениет және ақпарат министрлігіне Забихулла Муджахид жетекшілік ететін болды.

Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігін қозғалыс көсемдерінің бірі молла Амир Хан Моттаки басқарады.

Қаржы министрі болып молла Эядулла Бадри тағайындалды. Экономика министрлігін Мохаммад Ханиф басқарады. Орталық банктің басшысы - молла Мохаммад Идрис.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер