Жолдауда жаңа экономикалық бағыттар айқындалды

69

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев алтыншы шақырылымдағы Парламенттің 6-сессиясына қатысып, Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады.

Қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқан жерге байланысты жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеп, ел Үкіметіне ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды. Президентінің айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарында болмақ. Сонымен қатар, өндірісті арттыру, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында мемлекетіміздің экономикалық әлеуметін көтеру мәдени рухани дамуын жетілдіру халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелеріне барынша назар аударды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып еліміздің жақсы өркендеп дамуының көрсеткіштерін нақтылап жасау жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметкерлердің саны екі жылға 25%-ға қысқарып, олардың жалақысы көтеріліп, жауапкершілігін арттыру мәлесі қозғалды.

Алдағы уақытта Мемлекет басшысы межелеп берген бағытты нық ұстап, экономикамызды жақсарту жолында жұмылған жұдырықтай жинақы жұмыс істеуіміз қажет.

Салтанат Аутенова, қаржыгер.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы