Нұрлыбек ДОСЫМБЕТОВ: Су мәселесі шұғыл шешім қабылдауды қажет етеді

3155
Adyrna.kz Telegram
Диссертациялық зерттеу жұмысыма материал жинау үшін шілде-тамыз айларында Түркістан облысының Шардара, Жетісай, Мақтарал, Отырар аудандарын, Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі, Тереңөзек, Жалағаш аудандарын араладым. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамытайық десек, ең алдымен, су мәселесін жүйелі түрде зерттеп, шешу керек.
Сонау ерте заманнан өркениеттің ошағы болған Сыр бойының жағдайы қиын бүгінде апаттың алдында тұр деуге болады. Қазір шешпесе жағдай бұдан әрі ушыға бермек. Сырдарияның Түркістан облысы жағында судың көлемі жеткілікті болғанымен, судың жағасында тұрып егінге су жеткізе алмайтын ауылдар бар екен. Мысалы, Шардараның маңындағы Жаушықұм ауылдық округының егістік жерлеріне су жеткізу қиынның қиыны. Себебі Сырдың оң жағалауы биік болғандықтан су шықпайды. Ауыл халқы ескі мотормен ілдебайлап су шығарып, егін егіп жатыр.
Кеңес үкіметі кезінде үлкен моторлармен су айдаған. Мұндай мәселе болмаған. Шаруалар іргесінде ағып жатқан судың рахатын көре алмауда. Неге ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбат болуы, ең алдымен, егін шаруашылығын дұрыс сумен қамтамасыз ете алмай жатқанымызда. Ал, Шардара ауданындағы Сырдарияның сол жағалауы Қызылқұм, Шардара магистральды каналдары арқылы суғарылады. Егін сусыз қалмағанымен, бұл бетінде де су жетіспеушілігі байқалады.
Нұрлыбек ДОСЫМБЕТОВ,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер