Тәуелсіз Қазақстан жылнамасында Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын алғаш рет сонау 1997 жылдың қазан айында арнаған екен. Міне содан бері 25-ші мәрте Жолдау жолданды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың елбасыдан басты айырмашылығы - Жолдауды 3 мәрте қатарынан 1 қыркүйекте жариялады.
Көптеген елдерде мемлекет басшысының жыл сайын өз халқына жолдау арнап, басты мәселелер жөнінде өз ойымен бөлісіп, мақсатты айқындау дәстүрі қалыптасқан. Бірақ Жолдау тек мазмұндық тұрғыда ғана емес, оның қашан, қай жерде, қанша уақытта оқылғанына, неше сөзден құралды, қандай басты мәселелер бірінші кезекте айтылды, қандай мәселелер айтылмады т.б жан-жақты талқыланатын бірден-бір құжат.
2019 жыл - 5980 сөз
2020 жыл - 8 973 сөз
2021 жыл - 8 731 сөз
Биылғы жолдаудан не өзгереді?
- Ең төменгі жалақы мөлшері артады:
- 2025 жылға дейін 1000 мектеп салынады.
- Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту.
- Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет.
- Қымбатшылықты тежеу
- Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму
- Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
- Сапалы білім беру
- Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
- Жаңа жағдайдағы экономикалық даму
- Теңгерімді аумақтық даму
- Заман талабына сай тиімді мемлекет.
- Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика.
Қандай пункт ең соңынан айтылды?
2021 жыл: Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы 2020 жыл: Ұлттың жаңа болмысы 2019 жыл: Қуатты өңірлер – қуатты ел. Президент міндеттер қойды. Енді оның қаншалық деңгейде орындалатындығын көре жатармыз.Қанат БАЙҰЗАҚОВ,
"Адырна" ұлттық порталы