Тәлібтер әуеге оқ атуға тыйым салды

3102
Adyrna.kz Telegram

"Талибан" радикалды қозғалысы жергілікті әкімшіліктер мен әскери қызметкерлерге бүкіл Ауғанстан аумағында әуеге оқ атуға тыйым салуға нұсқау берген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгін тиісті өкімнің мәтінін қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялаған. Өздерін "Ауғанстан Ислам әмірлігі" деп атайтын тәлібтердің нұсқаулығында Кабулда және елдің басқа да қалаларында әуеге оқ жаудыру адамдардың өліміне және жарақаттануына, сондай-ақ бейбіт тұрғындар арасында үрей тудыратыны айтылған.

"Осыған байланысты Кабул мен провинциялардағы барлық әскери шенеуніктер, командирлер және басқа да жауапты адамдарға аспанға оқ атқандарды дереу тұтқындап, қарусыздандыру тапсырылды. Кабул мен провинцияның полиция басшыларына, сондай-ақ барлау қызметкерлеріне құқық бұзушыларды анықтау және жазалау үшін жедел және қатаң шаралар қабылдауға нұсқау берілді", - делінген аталған нұсқаулықта.

Айта кету керек, сенбі күні Панджшер провинциясын басып алу туралы хабарламалардан кейін "Талибанның" содырлары көшелерде жаппай бей-берекет оқ жаудырған. Атыстың салдарынан елде қаза тапқандар мен жараланғандар саны 70-тен асқан.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер