Тәліптер хиджабтағы ауған әйелдеріне білім алуға және жұмыс істеуге рұқсат етті

3451
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанда хиджаб киген әйелдер білім алып жұмыс істей алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы Талибан қозғалысының өкілі Сухейл Шахин Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Әйелдердің құқықтары сақталатын болады. Олардың білім алуына немесе жұмысқа орналасуына ешқандай қиындық болмайды. Бірақ біз (Ауғанстан мен АҚШ) бір-біріміздің мәдениетімізді өзгертуге тырыспауымыз керек. Сіздің хиджабсыз әйелдердің білім алуға мүмкіндігі болуы керек деген сөзіңіз - бұл мәдениетті өзгерту әрекеті. Бұл сізге рұқсат етілген. Біздің мәдениетімізде олар (әйелдер) білім ала алады, жұмыс істейді, хиджаб киеді", - деді Шахин телеарнаның эфирінде.

1 қыркүйекте Катар астанасы Доха -Ширадағы «Талибан» қозғалысының өкілі Мохаммад Аббас Станикзай әйелдердің үкіметте министрлік лауазымнан төмен лауазымдарда жұмыс істеуге рұқсат етілетінін хабарлады. Оның айтуынша, мұндай мүмкіндікке тек АҚШ -пен ынтымақтастық жасамаған әйелдер ғана ие болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер