Жириновскийдің мәлімдемесін қолға попкорн алып тыңдау керек - АБАЕВ

1142

Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақстандық ұлтшылдарды ауған террористік «Талибан»* салыстырған ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– Біз Жириновскийдің Қазақстан туралы жария мәлімдемесіне мән беруді баяғыдан тоқтатуымыз керек. Тек шоу, саясат жоқ. Әрине, сайлау алдында сайлаушылардан ұпай жинауға тырысады. Оны қарындашпен емес, қолға попкорн алып тыңдау керек, – деді Абаев.

– Тіл мәселесіндегі және этносаралық қатынастар мәселесіндегі саясатқа келетін болсақ, президент кеше осы тақырыпта барлық сұрақтарға нүктелерді қойды, – деп түйіндеді қазақстандық саясаткер.

Еске сала кетейік, «тіл рейдтерін» ұйымдастырушы Қуат Ахметовке қарсы ҚР ҚК-нің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Заңға сәйкес, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Талибан»* қозғалысы – Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік ұйым

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар