Қазақстан, Беларусь және Ресей ТЖМ бірлескен алқасының отырысы өтті

3301
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың 2 қыркүйегінде Қарағанды қаласында Қазақстан, Беларусь және Ресей ТЖМ бірлескен алқасының сегізінші отырысы өтті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алқа отырысы Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болған құтқарушыларды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Іс-шараға Беларусь Республиксы Төтенше жағдайлар министрі Вадим Иванович Синявский, Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою істері жөніндегі Министрдің бірінші орынбасары Александр Петрович Чуприян, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты. Сондай-ақ Беларусь, Ресей және Қазақстан ТЖМ делегациялары қатысты.

Отырыс барысында үш елдің ведомстволарының өкілдері білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенті талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы мәселелерді талқылады. Бұдан басқа халықаралық спорттық іс-шараларды, сондай-ақ қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларды өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды. Және де Қазақстан, Ресей, Беларусь ТЖМ бірлескен алқаның тоғызыншы отырысын өткізу туралы бірқатар мәселелер шешілді.

Үш ел алқасының сегізінші бірлескен отырысы өзара іс-қимылды дамытуға, ведомстволар арасында тәжірибе алмасуға, нормативтік құқықтық базаны нығайтуға және кадрлар даярлау деңгейін арттыруға ықпал етпек.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер