Жаңа Жолдауда денсаулық сақтау мен білім беруге ерекше назар аударылды – Ләззат Қожахметова

2918
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауына бес нақты бастаманы атап өтті. Оларды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұндай пікірді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ләззат Қожахметова білдірді, деп "Адырна" порталы ҚазАқпаратқа сілтеп хабарлайды.

«Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үшінші Жолдауын арнады. Жолдауда экономика мен мемлекеттік секторды цифрландыру процесін қайта жүктеу міндеттері қойылды. Денсаулық сақтау мен білімге ерекше көңіл бөлінді. Президент 5 нақты бастаманы атап өтті. Оларды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді»,- дейді Ләззат Қожахметова . Оның ойынша, ең төменгі жалақыны көтеру тұрмысы төмен топтың әл-ауқатына оң әсер етеді.

«Төрт жыл ішінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысын 20 пайызға арттыру 600 мың қазақстандыққа қатысты болады. Зейнетақы жинағының бір бөлігін «Отбасы Банкі» шотына аудару тұрғын үй сатып алу ісін оңтайландырады. Сондай-ақ ең төменгі жалақыны көтеру тұрмысы төмен топтың әл-ауқатына оң әсер етеді. Бұл өте жақсы»,- дейді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар, ол Президент саяси реформалардың төртінші пакетін ұсынғанын атап өтті. «Бұрын тек партиялық тізімдерге қатысты қолданылатын депутаттық мандаттарды бөлгенде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаны заңнамалық тұрғыдан бекіту міндеті қойылған. Бүгін Мемлекет басшысы квотаға мүмкіндігі шектеулі адамдарды енгізуді ұсынды. Бұл үлкен қадам деп ойлаймын. Сонымен қатар, Президент балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың жолын кесуге, қарсы іс-қимыл жасауға назар аударуды тапсырды»,- дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер