Ауғанстандағы жағдай: Тоқаев халықты ең нашар сценарийге дайын болуға шақырды

3266
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Ауғанстандағы жағдайға және жаһандық шиеленістің өршуіне байланысты "қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери доктринаны қайта жүктеу" міндетін қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыру - мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуы тиіс, - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықты "сыртқы күйзелістерге және оқиғалардың ең нашар сценарийіне дайын болуға" шақырды. Ол сондай-ақ сырттан келетін тәуекелдерді модельдеуді қажет деп санайды. Президент стресс-тесттер өткізуді, сценарийлерді пысықтауды, соның негізінде мемлекеттік аппараттың жоспарлары мен әрекеттерін әзірлеп, түзетуді ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстанға бақылау орнатқан болатын. Президент Ашраф Ғани мен ауған отбасылары елден қашып кетті. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, барлық қазақстандықтар елден кеткен. Ал Қазақстан Республикасының елшісі Әлімхан Есенгелдиев пен шағын қызметкерлері болса,  Кабулда қалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер