Мемлекет басшысы Ұлттық қордан бөлінетін қаржының қайда кететінін айтты

631

Соңғы уақытта шығыс міндеттемелерін жабу үшін Ұлттық қордан трансферттердің ұлғаю үрдісі байқалды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

— Үнемі осындай жеңіл жолмен жүру нәтиже бермейді. Қаржылық тұрақтылық қоры шексіз емес. Әлбетте, бюджет кірісін ұлғайту шаралары қажет екені анық. Бірақ, бірінші кезекте, мемлекеттік шығыстардың көлемі мен тиімділігін бақылау қажет, — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесін енгізуді жеделдету қажет. Президент тиісті заңнамалық түзетулерді осы жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды.

"Жалпы, елімізге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарызды, бюджеттік саясатты, Ұлттық Қорды басқару жөніндегі ережелер жиынтығы қажет. Үкімет пен Ұлттық Банктен жыл соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын дайындауды сұраймын", — деді Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар