Төтенше жағдайлар министрі жаралы өрт сөндірушілер пікірін үзілді-кесілді жоққа шығарды

5560
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен өрт сөндіршілер пікірін үзілді-кесілді жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде өрт, жарылыс және адам өлімі деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Сондықтан мен қарамағымдағы адамдардың мәлімдемесіне қатысты түсінік бере алмаймын. Алайда біздің бөлімшелеріміз кез-келген объектіге келер алдында нысан иелерінен қауіптің бар-жоғына сұрау салатынын растаймын. Қоймада тротил сақталған құтылар жанып жатқаны нақтыланған, – деп мәлімдеді министр Instagram-дағы Aibat.kz паблигінде.

Оның айтуынша, тротил сақталған құтылар детонаторсыз болған, әрі жарылу қаупін тудырмаған.

Не себепті жарылыс болғанын тергеу органдары анықтап жатыр. (Әскерилер) қашып кетті және тағы басқа деген ақпаратқа тоқталсақ, қаза тапқандардың арасында Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрілігінің қызметкерлері бар. Сондықтан әркім оқиға орнында өзінің міндетін атқарды, – деді Юрий Ильин.

Ол кез келген жағдайда өрт сөндірушілердің басты міндеті апаттың салдарын жою екенін атап өтті.

Жігіттер өз міндетін атқарды. Олар оқиға орнына келгенде қою қара түтін болды. Сондықтан біз осы өртті сөндіру үшін барлық жауынгерлік атқыштопты жинадық. Кейін не болғанын тергеу органдары анықтайды. Арыста жарылыс болған кезде барлығы қауіпсіз жерге жеткізілгенін білесіздер. Алғашқы мәліметке сәйкес, мұнда жарылыс қаупі болмаған, – деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, осыған дейін өрт сөндіруші Асыл Мұхамбетжанов жанындағы адамнан жарылғыш заттың бар-жоғын сұрағанын, ал тағы бір өрт сөндіруші Алмаз Тұрсынов жарылыс кезінде әскерилер көмектеспей кетіп қалғанын журналистерге айтқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер