Мас жүргізушінің кесірінен екі медицина қызметкері қаза тапты

2573
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада мас жүргізуші басқарған Toyota Land Cruiser бағдаршамда тұрған жедел жәрдем көлігіне соғылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 тамызда таңертең болған.

"Апат салдарынан екі адам жарақат алды - фельдшер Омарова мен жедел жәрдем жүргізушісі Маенов. Екеуі де медициналық мекемеге жеткізілгеннен кейін қайтыс болды", - деді полицейлер.

Тексеру кезінде Toyota Land Cruiser жүргізушісі орташа дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, ол Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы қарашадағы қаулысына сәйкес бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 346-бабының 6-тармағына сәйкес ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру") қылмыстық іс қозғалды.

Бұл тармақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салынып, 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта джип жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер