Талибан радикалды қозғалсының өкілдері Түркиядан ауғандық және шетелдік азаматтар толық эвакуацияланғаннан кейін Кабул әуежайына күрделі жөндеу жұмыстарын, техникалық қызметті реттеп, басқару менеджментін қалыптастырып, жүргізіп беруді сұранып, өтініш жолдады. Бұл ақпарат жайында Reuters арнайы хабарлады.
Түркиялық шенеуніктердің Reuters-ке берген сұхбатында Талибан радикалды қозғалысының өкілдерінің Кабулден шетелдік әскерилер мен эвакуацияланатын тұрғындар шығып кеткеннен кейін Кабул әуежайына техникалық көмек пен басқару менеджментін жаңарту бойынша көмек жайында ақылдасқаны белгілі болды.
«Талибан қозғалысының өкілдері аса қиын жағдайда Кабул әуежайының техникалық және басқару менеджментінің қызметін дамыту бойынша көмек сұрады. Ал, Түркия тарапы Кабул әуежайына арнайы әскерилер кіргізіп, қызмет жүйесін реттемесе, бұл Түркия азаматтары үшін қауіпті әрі өте тәуекелді талап ететін шаруа» деді, түркиялық шенеуніктер.
Бірақ, Кабулден шетелдік әскерилер мен азамттар шығып кеткеннен кейін екі тарап бұл мәселені өзара ақылдасатынын айтты.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы